Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Коксуском районе Күшін жойған
Басқа 0
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің орынбасары Досымбеков Ұлан Әлдибекұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қаулысына қосымша 2021 жылғы
17 қыркүйектегі № 321
Көксу ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
№
Нақты орналасқан жері
Алып жатқан алаңы, шаршы метр
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
2
3
4
5
6
1
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Дастан» дүкеніне қарама-қарсы
120,0
«Жетісу» дүкені
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
3
2
Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (оң жағы), «Көксу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимаратына қарама-қарсы
180,0
«Әсем» дүкені
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
3
3
Балпық би ауылы, Измайлова көшесінің бойы (сол жағы), «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы
85,0
«Әсем» дүкені
Бөлшек сауда (концеляр тауарларын сату)
3
4
Балпық би ауылы, Амангелді көшесінің бойы, «Коксуский сахарный завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына қарама-қарсы
1190,0
«Нұржан» дүкені
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
3
5
Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесінің бойы, «Krasoty» сұлулық салонына қарама-қарсы
18,0
«Шаған» сауда үйі
Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
3