Об утверждении правил расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сельских округов Күшін жойған
Басқа 0
Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) № 139 бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына қосымша
Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Осы ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Ауылдық округтік бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Ауылдық округтердің бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
Тармақша 2
2) ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 4
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 5
5)ауылдық округтік бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Тармақ 6
6. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтік бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Қағидаға қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауылдық округтің ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
Зj – облыстың барлық өңірлерінің ауылдық округтің бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Тармақ 10
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i ауылдық округтің халқы санының болжамы;
Халі – i-, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
Тармақша 2
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і ауылдық округтегі халық санының болжамы;
Халі – і ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 3
3) шағын жинақталған мектептердегі оқушыларын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Санi – і ауылдық округтегі шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы;
Сан – і ауылдық округ мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы.
Шағын жинақты мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы білім беретін мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді.
Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
Тармақша 4
4) ауқым коэффициенті:
мұнда:
Халi – i- ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
Тармақша 5
5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i-ауылдық округтің белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
Тармақша 6
6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
Тармақша 7
7) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
рi – i- ауылдық округте халықтың тығыздығы;
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 8
8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
Тармақша 9
9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
Тармақша 10
10) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- ауылдық округте жылыту маусымының кезеңі;
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
Тармақ 11
11. Келесі екі жылдардағы ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
Тарау 5. 5-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 12
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Ауылдық округтердің бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
6-тарау. Ауылдық округтердің бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округ бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і ауылдық округ кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауылдық округтік бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Тармақ 14
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.