Об утверждении Правил благоустройства территорий города Акколь и населенных пунктов района, содержания и защиты зеленых насаждений Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл қаласының және Ақкөл елді мекендерінің көгалдандыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Жергілікті жерде басқару" Заңының 6 бабына № 148-II 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексінің 3 бабына № 155-II 30 қаңтар 2001 жылғы сәйкес аудан мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл қаласының және Ақкөл елді мекендерінің көгәлдандыру ережесін 1 қосымшаға сәйкес бекітті.
Тармақ 2
2. Осы шешім өз күшіне Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекет үкіметтік тіркеуден өткеннен кейін енеді. Ескертусіз келісімді Аудан әкімі Ақкөл ауданының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қаласы әкімі Аудан ішкі істер бөлімінің бастығы
Басқа 3
Ақкөл аудандық мәслихатының 2003 жылғы 5 мамырдағы N С-36-3 шешіміне қосымша1 Ақкөл қаласы аумағын және ауданның елді мекендерін көркейту, Ақкөл ауданында егілген жас талдарды күтіп баптау мен қорғау Ережесі Осы Ереже, Ақкөл қаласының аумағын және ауданның елді мекендерін көркейту, Ақкөл ауданында егілген жас талдарды күтіп баптау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) Қазақстан Республикасының "Табиғи ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы"Заңына сәйкес әзірленіп жасалды Ереже көркейту тәртібін, көшелер мен аумақтарды тазалау, тазалықты сақтау, күтіп-ұстау, тазалау, елді мекендерді көркейту, егілген жас талдарды күтіп-баптау және оны қорғау тәртібін, сондай-ақ, осы мәселе жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Ереже меншік нысанына қарамастан Ақкөл ауданында тұрып, өз қызметін жүзеге асыратын барлық тұлғалар мен заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.
Тарау 1. 1 Бөлім. Ережеде пайдаланылатын негізгі түсніктемелер мен анықтамалар
1 Бөлім. Ережеде пайдаланылатын негізгі түсніктемелер мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Аумақтарды көркейту - Ақкөл қаласы аумағындағы және ауылдағы адамдардың жайлы өмірін қамтамасыз ететін кешенді шаралар мен жұмыстар болып табылады.
Тармақ 2
2. Бекітілген аумақтар - қорғау аймағы болып табылатын, аумаққа кесіліп берілген жерлердегі пайдаланылатын жер телімдері. Бекітілген аумақтар болып:
Тармақша 1
1) Көше жақтағы аумақтар, жүретін жол шетімен шектелген - көшелер үшін қатты қыртыспен жабылған немесе жүретін жол бөлігінің ортасына дейінгі көшелер үшін толық жабылмаған аумақтар болып табылады.
Тармақша 2
2) Аула ішіндегі аумақтар;
Тармақша 3
3) Өкілетті органдардың рұқсаты бойынша уақытша пайдалануға сақтау, қаттап - текшелеу және тағы басқа мақсаттар үшін берілген аумақтар
Тармақша 4
4) Кесіліп берілген аумақтардың периметрі бойынша 25 метрге дейінгі қашықтықтағы аумақтар.
Тармақ 3
3. Егілген жас талдар - елді мекендерді көркейту және санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін ландшафтық безендендірілген сәулеттік элемент болып табылады.
Тармақ 4
4. Жермен байланысты жұмыстар - жер қабатын аршу, жерді қалпына келтіруге байланысты жұмыстар.
Тармақ 5
5. Жерді пайдаланушы - меншік нысаны мен мақсатына қарамастан, жер телімдерін пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар болып табылады, соның ішінде ауылдық жерлердегі (кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлер, меншік секторларының үй иелері, шаруашылық басшылары).
Тармақ 6
6. Инженерлік желілер мен құрылыс ғимараттары тұрғындар мен кәсіпорындардың қызмет көрсетулері үшін елді мекендерді инженерлік көркейтудің алдын ала тағайындалған маңызды элементі.
Тармақ 7
7. Кіші сәулет нысандарын салыстырғанда көлемі кіші әшекейлі, соңдай-ақ утилитарлық сипаттағы объектілер:
Тармақша 1
1) Әшекейлі сәулет ғимараттары мүсіндер, фонтандар, ойма бедерлер, гүл салатын сауыттар және т.б.
Тармақша 2
2) Утилитарлық сипаттағы құрылыс ғимараттары - беседкалар, дүңгіршектер, орындықтар, қоршаулар қоқыс сауыттары, көше, үй маңдайшалары, хабарландырулар мен тағы басқалар.
Тармақ 8
8. Жабуға арналған тенттер - шашылатын жүктерді жолдарда алып жүруге арнайы лайықталған төсем.
Тармақ 9
9. Қоғамдық орындар жалпы пайдаланымдағы дем алатын аймақтар (жаңа жайлар, шағын гүлбақтар, саябақтар) алаңдар, көлік аялдамалары.
Тармақ 10
10. Кесіліп берілген аумақтар - өкілетті органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының иелік етуіне немесе пайдалану үшін берілген жер телімдері.
Тармақ 11
11. Көше - аумақтары, жүріп тұратын бөліктер, жаяужолдар, жасыл екпе ағаштары отырғызылған жерлер, жер асты мен жер үстіне инженерлік тораптар орналасқан жерлер.
Тарау 2. 2 Бөлім. Жалпы ережелер
2 Бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 12
12. Меншік түрі мен ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан кәсіпорындар мен шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар, елді мекендер аумағындағы тиісті тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ететін көркейту тәртібін сақтауға, ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын бүлдірмей ұстауға міндетті.
Тармақ 13
13. Әр жер пайдаланушы көшені тазалағанда: ұзынымен алғанда иеліктегі үй аумағының ұзына бойын тазалайды, енімен алғанда құрылыстың екі жағын қоса ортасына дейін, сонымен бірге, бір беттегі құрылыстың бүкіл енін тазалайды.
Тармақ 14
14. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, ұйым басшылары, жеке көліктің жүргізушілері, қөлікті көшеге шығарарда тиісті санитарлық - гигиеналық норманы сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Автокөліктер және басқа да механикалық құралдар сыртқы бейіні механикалық бүлінген, яғни санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай болмаса, жол төсемдерін былғайтын, эстетикалық нормаға сәйкес болмаған жағдайда елді мекен аумақтарында көліктерді пайдалануға және олармен жүруге рұқсат етілмейді. Шашылып-төгілетін және жол төсемдерін былғайтын өзге де жүк тасушы автокөліктердің иелері, мұндай көліктерді герметикалық кузовтармен жабдықтауға міндетті.
Тармақ 15
15. Өзендер мен су тоғандары аумағында және адамдардың жаппай демалатын орындарында жүк тасымалдаушы автокөлік құралдарын жууға, су құбыры колонкаларының жанында мал мен құс суаруға тиым салынады.
Тармақ 16
16. Мал жайылымына бөлінбеген жерлерде мал жаюға тиым салынады.
Тармақ 17
17. Ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының міндеті:
Тармақша 1
1) Мал қорымы аумақтарының тиісті ветеринарлық-санитарлық жағдайда қоршалуын және таза болуын, көмілуін тұрақты назарда ұстауға;
Тармақша 2
2) Көң қоймаларындағы көңнің қалану технологиясының орындалуы мен оның қолданылуын, көң қоймалары аумағы айналасының көгалдандырылуы және тегістелуі жөніндегі жұмыстарды тұрақты жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қоқыс төгілетін аумақтардың айналасын көгалдандыру және қоқыстардың бұрғыланып отырылуын, тегістеу жөніндегі жұмыстарды тұрақты жүргізу міндетті.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар қажетті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге міндетті және шаруашылық орындарындағы суды тұрмыста пайдалануда ауыз су мәдениетінің санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес су тоғандарының ластанудан қорғалуын ұйымдастыру.
Тарау 3. 3 Бөлім. Елді мекен аумақтарында кіші сәулеттік нысандарды орнату және күтіп - ұстаудың тәртібі
3 Бөлім. Елді мекен аумақтарында кіші сәулеттік нысандарды орнату және күтіп - ұстаудың тәртібі
Тармақ 19
19. Көркейтудегі барлық сыртқы элементер, оның ішінде ғимараттардың алдыңғы бетін әрлеу аумақ құрылысының тәртібін айқындайтын ережеге сәйкес орындалуға тиіс. Сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету салалары ғимараттарының алдыңғы беті жарықтандырылу қажет.
Тармақ 20
20. Елді-мекен аумақтарында салынатын кіші сәулеттік нысандар құрылысы оның орнатылуы аудан әкімінің аппараты қызметінің келісімімен рұқсат етіледі.
Тармақ 21
21. Орнатылған барлық кіші сәулеттік нысандар бүлінбей ұсталуға тиіс.
Тармақ 22
22. Тұрғын үйлер, қызметтік, өндірістік ғимараттары мен басқа да құрылыс ғимараттарының иелері, көшелердегі көрсеткіштерді олардың нөмірлік белгілерін бүлдірмей ұстауға міндетті.
Тармақ 23
23. Барлық меншік нысанының заңды тұлғалары, ғимараттардың кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғалардың атауымен жазылған маңдайша жазуларын ілуге міндетті және олардың тиісті қалыпта болуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4 Бөлім. Егілген жас талдарды күтіп ұстаудын тәртібі
4 Бөлім. Егілген жас талдарды күтіп ұстаудын тәртібі
Тармақ 24
24. Гүлбақтарды, саябақтарды, гүлзарларды, ағымдағы жағдайда күтіп ұстау олар орналасқан аумақтардағы бекітіліп берілген заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі. Жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы егілген жас талдардың өсіп өнуін және қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Құрылыс салуға, жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі егілген жас талдарды орнынан алу немесе орнын ауыстырып қайта отырғызу тек қана аудан әкімі аппаратындағы келісілген актіге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Жас талдарды орнынан алу немесе ауыстырып қайта отырғызуды қалпына келтіру, құрылыс жүргізуші немесе ғимарат жөндеуші ұйымға жүктеледі.
Тармақ 27
27. Заңды және жеке тұлғалардың өндірістік жұмыстағы міндеті:
Тармақша 1
1) Отырғызылған жас талдарды зақымданудан қоршау;
Тармақша 2
2) Жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын асфальттаған кезде жол жиегінде диаметрі 1 метрден кем емес шұңқұр қалдырып отыру;
Тармақша 3
3) Жас талдар егілген аймақтағы жолдарды қайта жөндеген кезде талдардың биіктігі мен аласартылуына биіктігі 5 сантиметрден кем емес өзгертуге жол берілмеуі керек. Жас талдардың тамырлары ашылып қалған жағдайда, жобалау кезінде жас талдардың қалыпты өсуін сақтау үшін қажетті жағдайлар карастырылуы керек.
Тармақ 28
28. Егілген талдардың аумағында тиым салынады:
Тармақша 1
1) Құрылыс материалдарын, топырақ үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп үюге, гүлзарларды, гүлбақтарды, жол жиегіндегі шұңқырларды ластауға;
Тармақша 2
2) Гүлзарларды басуға, ағаштар мен бұталарды сындыруға, кесуге, басқа да механикалық зақымдауға;
Тармақша 3
3) Ағаштар мен бұталарды, жас талдарды өз еркімен кесуді жүзеге асыруға тиым салынады.
Тармақша 4
4) Қалалық әкімдік пен селолық округтар қызметінің келісімінсіз қоршауға алуға тиым салынады.
Тарау 5. 5 Бөлім. Жер пайдаланушының міндеті
5 Бөлім. Жер пайдаланушының міндеті
Тармақ 29
29. Жер пайдаланушының міндеті:
Тармақша 1
1) Бөлініп, бекітіліп берілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың бөлшектерін тиісті фитосанитарлық норматив бойынша ұстауға;
Тармақша 2
2) Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды белгілі бір орынға жинауды, қайта өңдеуді, зиянсыздандыруды және көмуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Сұйық қалдықтарды жинау үшін, санитарлық нормаға сәйкес қазылған шұңқұрлар болуы керек.
Тармақша 4
4) Қажеттілікке қарай өз аумақтарында дезинфекциялау және дератизациялау (шыбындарды, құрттарды, тышқандар мен ата жалман тышқандарды жою үшін) жүргізу.
Тармақ 30
30. Жер пайдаланушыға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Бөлініп берілмеген тыс аумақтарда құралдарды, жәшіктерді, шикі заттарды және өзге де өндірістік қалдықтарды текшелеп жинауға;
Тармақша 2
2) Табиғи ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін пайдалануға тиым салынады.
Тармақ 31
31. Өз қызметін жүзеге асырушы шаруашылық, кәсіпорын, ұйым басшыларының міндеті:
Тармақша 1
1) Қолданылып жүрген мал дәрігерлік-санитарлық және санитарлық-тазалық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Табиғи ортаны ластаудың алдын алу мен жоюға бағытталған індетке қарсы санитарлық іс- шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Тарау 6. 6 Бөлім. Осы Ережені бұзудағы жауапкершілік
6 Бөлім. Осы Ережені бұзудағы жауапкершілік
Тармақ 32
32. Осы Ережені бұзу, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 300, 387 - баптарымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 33
33. Осы Ереженің сақталынуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте, тиісті мемлекеттік органдардың бақылауы мен қадағалауымен жүзеге асырылады.