О противопожарной охране лесов на территории Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы аумағындағы ормандарды өрттен қорғау туралы Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы”, “Өрт қауіпсіздігі туралы” Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 “Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы” Қаулысына, 1996 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы бекіткен, 1996 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 197 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес және орман қоры аумағында өрттердің болуына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында ірі өрттердің, апаттардың, зіл зала мен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстык жедел штаб құрылсын (Қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) қала, аудан аумағындағы колда бар адам күшін, өрт сөндіру техникалары мен көлік кұралдарын ескере отырып орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру жоспарларын бекітсін;
Тармақша 2
2) орман өрттерін сөндіру үшін елді-мекендерге жақын орналасқан ормандарды бекітіп берсін;
Тармақша 3
3) Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы күрес кызметінің келісімі болмаса өрт сөндіру техникаларын жеке меншікке беруге және қолданыстан шығаруға тыйым салсын;
Тармақша 4
4) өрт қаупі бар кезеңде далада, егістік, орман алқаптарында, оларға жақын жерлерде шөп пен сабан, ағаш қалдықтары мен бұтақтарын жағуға тыйым салсын;
Тармақша 5
5) Өрт каупі бар кезеңде адамдар мен көліктердің орманға баруына шектеулер жасасын;
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басқармасы Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармамен және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметімен келісілген, орман өрттерімен күресу үшін күштердің іс-қимылдарын бірлестіру Жоспарын орындау бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Ақмола темір жолының Көкшетау бөлімшесіне, Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасына, Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басқармасына, «Көкшетау» және «Бурабай» ұлттық мемлекеттік табиғи парктеріне (әрі қарай - ҰМТП), «КөкшетауЭнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС), «АРЭК» жабық акдионерлік қоғамына (ЖАҚ) өрттен қауіпсіздендіру үшін жыл сайын ормандарды айнала жырту, орман алқаптары арқылы өтетін темір жол мен тас жолдардың, электр желілерінің бойындағы өрт қауіпсіздігі жолақтарын тиісті жағдайға келтіру, оларды қоқыстан, ағаш бұтақтары үйінділерінен және басқа да тез тұтанатын материалдардан таза ұстау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ішкі істер бас басқармасына, Акмола облысы бойынша мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметіне, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып жыл сайын келесі шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тұрғындардың демалу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік орман қорының жерлерінде орналасқан балаларды сауықтыру лагерлерінің, туристік базалардың және елді-мекендердің аумақтарында өрт қауіпсіздігінің жағдайына жүйелі тексеріс жүргізу;
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің, стандарттардың талаптарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіп бойынша тиісті шаралар қолдану;
Тармақ 6
6. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басқармасы, «Көкшетау» және «Бурабай» ҰМТП-тері (келісімдері бойынша):
Тармақша 1
1) елді-мекендер мен өрт-химиялық станциялар, жолдар, су көздері көрсетілген Ақмола облысы ормандарының картасын әзірлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) тұрғындар арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және сақтық шараларын насихаттау бойынша жұмысты әрдайым жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басқармасы ай сайын осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 19
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 15.05. № а-4/125 «Ақмола облысы аумағында ормандарды өрттен қорғау туралы» қаулысына қосымша Ірі өрттердің, апаттардың, дүлей күш зардаптарының және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі облыстық жедел штабтың ҚҰРАМЬІ
Тармақ 1
1. Сейітжанов Аманжал Сейітжанұлы - облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы
Тармақ 2. Жедел штаб мүшелері:
2. Қанапиянов Ілияс Ахметжанұлы - облыстық ТЖ жөніндегі басқарма бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша) Жедел штаб мүшелері:
Тармақ 3
3. Жолдаспаев Болат Жұмағүлұлы - Ақмола облысы бойынша МӨҚ бастығы
Тармақ 4
4. Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы - Ақмола облыстық IIББ бастығы
Тармақ 5
5. Нұрманов Абай Жорабекұлы - Ақмола облысының әскери комиссары (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы - облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Тоқмырзин Шабдан Хамитұлы - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Қуанышбеков Ермек Болатұлы - Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Шамиғанов Бақыт Сәбитұлы - Ақмола темір жол тасымалы бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Комалдннов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 11
11. Жамұқанов Талғат Үкімжанұлы - «Көкшетау-Энерго» ЖШС-нің дирекгоры (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Новиков Олег Анатольевич - «АРЭК» ЖАҚ-ның директоры (келісім бойынша)