О некоторых вопросах кредитования малого предпринимательства Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің кейбір мәселелері туралы «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 маусымдағы Заңына, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі 832 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ «жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру» бағдарламасының әкімші мекемесі болып анықталсын.
Тармақ 2
2. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Е. Аманбаев) көрсетілген мақсат үшін «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Н. Ж. Махамбетов) 29000,0 мың теңге бөлсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бюджеттік несиелендіру жөніндегі Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 9 маусымдағы № 138 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру жөніндегі ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ережелер «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі 832 қаулысына, «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы 16 сессиясының 4 шешіміне және «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы 17 сессиясының 9 шешіміне сәйкес бөлінетін барлығы 29000,0 мың теңге кредитті берудің, пайдаланудың және қайтарудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ облыс әкімияты атынан - Кредитор. Кредитордың тапсырмасы бойынша бағдарлама әкімшісіне шарттар (келісімдер) жасау құқы берілген.
Тармақ 3
3. Банкалық операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің лицензиясы бар «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымының (бұдан әрі - ҮЕҰ) Ақтөбе филиалы - Қарыз алушы.
Тармақ 4
4. 29000,0 мың тенге сомасындағы кредит «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымының Ақтөбе филиалына:
Тармақша 1
1) өз бетінше жұмыспен айналысуды қамтамасыз етуге және кедейлікті азайту;
Тармақша 2
2) жаңа жұмыс орындарын ашу;
Тармақша 3
3) жұмыссыз жүрген еңбекке жарамды халықтың арасында жеке және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту;
Тармақша 4
4) ауылдық жерлердегі әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы инфрақұрылымды құру үшін бөлінеді. Ақырғы қарыз алушы үшін сыйақының тіркелген ставкасы бойынша 8,61 пайыз және бюджет үшін 7,11 ставка бойынша қайтару мерзімі 2004 жылғы 30 мамырға дейін. Қарыздың негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу, кредитті қамтамасыз ету (кепіл түрі) жөніндегі жеңілдігі бар мерзім «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымы Ақтөбе филиалының қамқоршылық кеңесімен бекітілген "Аз қамтылған азаматтарға микрокредит беру жөніндегі Ережеге" сәйкес әрекет етеді (1998 жылдың 19 маусымнан № 2 хаттама).
Тармақ 5
5. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ кредит қаржысын бағдарлама әкімшісінің есеп-шотына аударады.
Тармақ 6
6. Бағдарламаның әкімшісі «Микрокредит» ҮЕҰ Ақтөбе филиалымен кредиттік шарт жасайды, содан кейін бағдарлама әкімшісі кредит қаржысын аударады.
Тармақ 7
7. «Микрокредит» ҮЕҰ жобаларды іріктейді және берілген кредиттің уақытында толық қайтарылуына жауап береді.
Тармақ 8
8. Кредитті алуға арналған кәсіпкерлер тізімін «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымының Ақтөбе филиалы жасайды және бағдарламаның әкімшімен және аудандағы әкімдермен келіседі.
Тармақ 9
9. Бағдарламаның әкімшісімен келіскеннен кейін «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымының Ақтөбе филиалы кәсіпкерлерге кредит беруді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. «Микрокредит» ҮЕҰ, бағдарлама әкімшісі және «Облыстық қаржы басқармасы» ММ алынған кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етеді.