Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организаций образования по Кызылординской области Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.М. Шәменоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5
Қызылорда облысы әкімдігінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 340
қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
Тармақ 4
4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі
2-тарау. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының әкімшілігі және педагогтарының, тәрбиешілерінің, тәрбиеші көмекшілерінің, медициналық персоналдарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
Тармақша 2
2) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
Тармақша 3
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
Тармақша 4
4) ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарының қызмет режимі (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәуліктік болуы, олардың белгілі уақыт ішінде болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы мен білім беру ұйымдарының жұмысының өзге ерекшеліктері), жұмыс уақытының және педагогикалық және басқа қызметшілердің демалыс уақытының режимі;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымдары жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
Тармақша 7
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарының әкімшіліктері қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.