О проведении областного конкурса на лучший бизнес-проект «Центр молодежного досуга» Қолданыста
Басқа 0
"Жастардың демалыс орталығы" жөніндегі ең үздік бизнес-жобаға облыстық конкурс өткізу туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, «Мемлекетгік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік жэне жылдык) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы Заңының 27 бабына сәйкес облыс
әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 20 маусымнан 20 тамызга дейін «Жастардың демалыс орталығы» жөніндегі ең үздік бизнес-жобаға облыстық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Жастардың демалыс орталығы» жөніндегі ең үздік бизнес-жобаға облыстық конкурс өткізу жөніндегі Ереже;
Тармақша 2
2) үздік бизнес-жобаны анықтау жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерінің
құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Е. Аманбаев) ең үздік жобаларды іске асыру үшін «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ
(Н. Ж. Махамбетов) 20000,0 мың теңге бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары
О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «18» маусым
№ 145 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Жастардың демалыс орталығы» жөніндегі ең үздік бизнес-жобаға облыстық конкурс өткізу жөніндегі Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуы Стратегиясын жүзеге
асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығын, «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстык мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, мемлекеттік қаржы ресурстарын қолдану үшін жеңілдетілген жағдайлар туғызу, облыс жастарының мәдени деңгейін дамыту мақсатында жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Ереже «Жастардың демалыс орталығы» жөніндегі ең үздік бизнес-жобаға облыстық конкурс (бүдан әрі - Конкурс) өткізудің дайындығының тәртібін, талаптарын және өткізу мерзімін анықтайды.
Тармақ 3
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4
4. Конкурстың мақсаты Жастардың демалыс орталығын ұйымдастыру жөніндегі ең үздік бизнес-жобаларды анықтау болып табылады.
Тармақ 5
5. Осы Ереже мынадай мақсаттар мен міндеттерді көздейді:
Тармақша 1
1) жастар мен студентердің бос уақытын үйымдастыру;
Тармақша 2
2) жастардың мәдени деңгейін дамыту;
Тармақша 3
3) әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі жастарды ортақ мүдделер арқылы біріктіру;
Тармақша 4
4) жастардың қалың бұқарасын қазіргі заманғы озық технологияларды игеруге, мәдени және зияттылық жағынан толыса түсу үшін бос уақытын тиімді өткізуге көптеп тарту;
Тармақша 5
5) жас ұрпақтың бойында тұлға ретінде өсу талпынысын дамыту.
Бөлім 3. 3. Конкурс өткізу тәртібі
3. Конкурс өткізу тәртібі
Тармақ 6
6. Конкурс 2003 жылғы 20 маусымнан 20 тамыз аралығында өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия Конкурстың мақсаты мен міндеттеріне толық жауап беретін бизнес-жобаларды іріктейді.
Тармақ 8
8. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
жеңімпаздармен бірге, меншік және несиелендіру түрлерін және басқа қажетті іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде құжаттамалық пакеттер дайындайды.
Тармақ 9
9. Дайын бизнес-жобалар Конкурс өткізуге берілген мерзім ішінде қабылданады.
Тармақ 10
10. Конкурс қорытындысы бойынша ең үздік бизнес-жобалар анықталады,
оларды қаржыландыру 272 80 00 «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру» бағдарламасы бойынша 20000,0 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Конкурс жеңіңпаздарына сыйлық ретінде төменде көрсетілген көтермелеу түрлерінің бірі беріледі:
Тармақша 1
1) жобаларды бірігіп қаржыландыру;
Тармақша 2
2) жобаларды екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелендіру;
Тармақша 3
3) жобаларды екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелеу кезінде банк
пайыздарын өтеу;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін облыстық кепілдік қорынан
кепілдік беру.
Басқа 31. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының
2003 жылғы «18» маусымдағы
№ 145 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Жастар демалыс орталығының» бизнес-жобаларын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы
Есіркепов Амангелді Қабашұлы
- облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы
- «Облыстык қаржы басқармасы» ММ
бастығы
Ізтілеуов Ерболат Маратұлы
- Ақтөбе облысы жастар жэне балалар
ұйымдары қауымдастығының
төрағасы
Қалиев Еркеш Әдиетұлы
- «Облыстық мәдениет басқармасы»
ММ бастығы
Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы
- «Облыстық кэсіпкерлікті қолдау
басқармасы» ММ бастығы
Мұхлисов Нұрлан Көшкінбайұлы
- «Облыстық білім басқармасы» ММ
бастығы
Тағымов Марат Мырзағалиұлы
- «Ақтөбе облысының ішкі саясат
департаменті» ММ директоры