Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (полигонного и тренажерного оборудования) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 671 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) полигондық және тренажерлық жабдығын пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалануды ұйымдастыру:
Тармақша 1
1) қабылдауды және пайдалануға беруді;
Тармақша 2
2) пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) беруді;
Тармақша 4
4) тасымалдауды;
Тармақша 5
5) сақтауды және есепке алуды;
Тармақша 6
6) техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді;
Тармақша 7
7) санаттауды қамтиды.
Тармақ 3
3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы жөндеу – әскери мүліктің (жабдықтың) жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу және белгіленген номенклатураның жекелеген құрастыру бірліктерінің шектеулі санын ауыстырудан немесе қалпына келтіруден тұрады. Ағымдағы жөндеу кезінде жекелеген тозған немесе зақымданған құрамдас бөліктер, бөлшектер, тораптар, агрегаттар, оның ішінде кемінде бір негізгі агрегат ауыстырылуы мүмкін, сондай-ақ бекіту, реттеу, дәнекерлеу және басқа да жөндеу жұмыстары орындалады;
Тармақша 2
2) атқарым – әскери мүлік жұмысының немесе оны пайдалану ұзақтығы немесе әскери мүлік жұмысының ауқымы;
Тармақша 3
3) әскери мүлік санаты – әскери мүлікті дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери мүлікті жөндеу талап етілетін, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, қорларда кепілді сақтау мерзімі өткен деп тану мақсатында әскери мүліктің техникалық және сапалық жай-күйін айқындау үшін арналған әскери мүліктің шартты есептік сипаттамасы;
Тармақша 4
4) бақылап тексеру – жабдықтың пайдалануға дайындығы жай-күйін тексеру, жабдықты пайдалану барысында туындаған ақаулық себептерін анықтау және жою, жабдықты одан әрі пайдалануға дайындау мақсатында жүзеге асырылатын тексеру;
Тармақша 5
5) динамикалық платформа – жергілікті жер бедеріне сәйкес қозғалыс кезінде, зеңбіректен оқ ату кезінде техниканың тербелісін жаңғыртуды, сондай-ақ техниканы орнынан қозғаған, үдеткен, тежеген, бұрған кездегі акселерациялық тиімділігін қамтамасыз ететін платформа;
Тармақша 6
6) жабдықталым қызметі – өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ҚР ҚК-ның әскери мүлкімен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ҚР ҚК-ның құрылымдық бөлімшесі немесе мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
Тармақша 7
7) жөндеу – бұйымның ақаусыздығын немесе қолданыс қабілетін қалпына келтіру және бұйым ресурсын немесе олардың құрамдас бөліктерін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
Тармақша 8
8) жабдықты күрделі жөндеу – бұйым ресурсының базалықты қоса алғанда, оның кез келген бөлшегін ауыстыра немесе қалпына келтіре отырып, ақаусыздығын қалпына келтіру үшін немесе толық не толыққа жақын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
Тармақша 9
9) кепілді мерзім – осы Нұсқаулық сақталған жағдайда өнім беруші немесе жөндеу жұмыстарын орындаушы полигондық (тренажерлық) жабдық техникалық-пайдалану сипаттамалары мәндерінің белгіленген талаптар деңгейінде сақталуына кепілдік беретін пайдалану кезеңі;
Тармақша 10
10) қосалқы құрал-саймандар мен керек-жарақтар жиынтығы (бұдан әрі – ҚҚК жиынтығы) – бұйымға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті және мақсаты мен пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жиынтықталған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, керек-жарақтар (бақылау аспаптары, айла-бұйымдар, тыстар) мен материалдар;
Тармақша 11
11) қолданылу мерзімі (техникалық ресурс) – олар кезінде әскери мүліктің жай-күйі жойылмайтын қауіпсіздік талаптарын бұзудан немесе ақаусыздығы және қолданыс қабілеті деңгейі жол берілгеннен төмен болуына байланысты оны пайдалану тоқтатылатын әскери мүліктің пайдалану, сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген ақаусыздықты, қолданыс қабілетін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені кезеңдерінен өтуі;
Тармақша 12
12) маусымдық техникалық қызмет көрсету – жабдықты (бұйымды, тораптарды, агрегаттарды) қысқы және жазғы пайдалану маусымында пайдалануға дайындау мақсатында жүргізілетін қызмет көрсету;
Тармақша 13
13) нормативтік-техникалық құжаттама – полигондық және тренажерлық жабдық, құрамдас бөліктер, бұйымдар мен агрегаттар жиынтығына техникалық шарттар, жасаушы кәсіпорынның, жөндеу кәсіпорнының пайдалану және жөндеу құжаттамасы;
Тармақша 14
14) полигондық жабдық – жергілікті жер учаскесінде барлық қару-жарақ түрінен оқ атуды жүргізу кезінде жеке құрамды оқытып-үйрету үшін арналған пайда болатын және қозғалатын нысаналармен, жарық және пиротехникалық құралдар имитациясымен қажетті нысаналық жағдай жасайтын техникалық құралдар кешені, сондай-ақ жекелеген қондырғылар (аспаптар, агрегаттар, механизмдер), командалық пункттерден (учаскелік басқару пункттерінен) электр тұтынушыларға дейін тартылған нысаналық даланың қуат беру және бақылау кабельдері желісі;
Тармақша 15
15) полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалану – бұйымды қабылдау, мақсаты бойынша пайдалану, есепке алу, сақтау, жеткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сапасын (қолданыс қабілеті жай-күйін) қалпына келтіру кезеңдері жиынтығын қамтитын бұйымды әскери бөлім және мекеме жасаушы зауыттан (базадан, қоймадан, жөндеу кәсіпорнынан) қабылдаған сәттен бастап есептен шығарғанға (кәдеге жаратқанға) дейінгі қолданылу циклінің сатысы;
Тармақша 16
16) полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалануға беру – белгіленген талаптарға сәйкес жасағаннан, орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін келіп түскен бұйымды дайындау, іске қосу-теңшеу жұмыстары, әскери бөлімнің және мекеменің бақылауы мен қабылдауы және осы бұйымды бөлімшеге, лауазымды адамға немесе лауазымды адамдарға бекітіп беру жиынтығы;
Тармақша 17
17) регламенттік техникалық қызмет көрсету – нормативтік-техникалық немесе пайдалану құжаттамасында көзделген және техникалық қызмет көрсету басталған сәттегі бұйымның техникалық жай-күйіне қарамастан, онда белгіленген кезеңділікпен және ауқымда орындалатын техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 18
18) роталық тактикалық жиынтық (бұдан әрі – РТЖ) – жабдықталмаған жергілікті жерде қашықтықтан басқарылатын нысаналық жағдай жасау және атыс қаруынан оқ атуды жарық және пиротехникалық құралдармен, сондай-ақ жалпы әскери және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік оқ атумен роталық тактикалық оқу-жаттығулар өткізу кезінде қарсыластың артиллериялық және минаатқыштан оқ атуын имитациялау үшін арналған полигондық жабдық жиынтығы;
Тармақша 19
19) тренажерлық жабдық – нақты объектіні және болжамды бағдарламалық қамтамасыз етумен басқару органдарының жұмысын имитациялайтын, әртүрлі ауа райы және ландшафт жағдайларын, сондай-ақ қарулану кезінде және әскери техникада жеке құрамның үйлесімділігіне оқытып-үйрету, жаттықтыру және пысықтау үшін арналған жаттығуларды орындау сценарийін модельдейтін техникалық құралдар кешені;
Тармақша 20
20) техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және жеткізу кезінде жабдықтың тұрақты қолданыс қабілетінде немесе ақаусыз жай-күйде күтіп ұстау мақсатындағы жұмыстар кешені;
Тармақша 21
21) тасымалданатын атыс жабдығы жиынтығы (бұдан әрі – ТАЖ) – атыс қаруынан қозғалатын нысаналарсыз оқу-жаттығу немесе бақылау оқ ату жаттығуларын орындау бойынша әскери атыс орнының бір учаскесін нысаналық жабдықпен қамтамасыз ету үшін арналған полигондық жабдық жиынтығы;
Тармақша 22
22) формуляр – жасаушының кепілдігін, бұйымның негізгі параметрлері мен сипаттамаларының (қасиеттерінің) мәнін қанағаттандыратын мәліметтерден тұратын, осы бұйымның техникалық жай-күйін, бұйымды сертификаттау және кәдеге жарату туралы мәліметтерді, сондай-ақ оны пайдалану кезеңінде енгізілетін мәліметтерді (жұмыс, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұзақтығы мен шарттары) көрсететін құжат.
Тармақ 4
4. Әскери бөлімдер мен мекемелерді полигондық және тренажерлық жабдықпен (бұдан әрі – жабдық) қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету үшін әскери мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 343 қбпү бұйрығына (бұдан әрі – Нормалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11826 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жабдықты қабылдау және пайдалануға беру
2-тарау. Жабдықты қабылдау және пайдалануға беру
Тармақ 5
5. Өнім берушіден (өндірушіден) полигондық және тренажерлық жабдықты және/немесе жекелеген жиынтықтауыштарды (бұдан әрі – бұйымдар) қабылдау жасалған шарттар негізінде жүргізіледі, әскери бөлімдер мен мекемелердің қоймаларынан қабылдау «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15598 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ҚР ҚК жабдықталым органының нарядтары негізінде жүргізіледі және олардың техникалық ақаусыздығын тіркейтін пайдалануға берумен аяқталады.
Тармақ 6
6. Жабдықты және бұйымды қабылдауды әскери бөлім командирі және мекеме бастығы тағайындайтын комиссия жүргізеді, ол келіп түскен жабдық пен бұйымның санын, жиынтықтығын және сапалық жай-күйін тексереді. Жабдықты және бұйымды қабылдау аяқталғаннан кейін комиссия қабылдау актісін жасайды, ол есепке алу тізілімдерінде көрсету үшін негіз болады. Мүліктің жиынтықтығы мен саны сәйкес келмеген кезде комиссия анықталған кемшіліктер бойынша акт жасайды және мүлікті олар толық жойылғанға дейін жауапты сақтауға қабылдайды. Жабдықтар мен бұйымдарды қабылдау актісі «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының № НҚ-1 нысаны бойынша (бұдан әрі – Нысандар альбомы) бойынша ресімделеді.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамы осы жабдық және бұйым жөніндегі мамандар кіретін кемінде бес адамнан тұратын әскери бөлім мен мекеменің лауазымды адамдары қатарынан тағайындалады. Комиссияны әскери бөлім командирінің орынбасарлары және мекеме бастығының орынбасарлары қатарынан тағайындалатын төраға басқарады.
Тармақ 8
8. Әскери бөлімге және мекемеге келіп түскен жабдық және бұйым комиссия қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен пайдалануға беріледі. Бұйрықта жабдық және бұйым түрі, қай бөлімшеде есепке алынатыны, осы жабдық (бұйым) бекітіліп берілген адамның атқаратын лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі. Жабдықты және бұйымды пайдалануға беру туралы бұйрық нөмірі мен күні, ол бекітіліп берілген адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) жабдық және бұйым формулярына (паспортына) енгізіледі. Жабдықты және бұйымды пайдалануға берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Жабдықты пайдалануды қамтамасыз ету
3-тарау. Жабдықты пайдалануды қамтамасыз ету
Тармақ 9
9. Жабдықты және бұйымды пайдалануға оның құрылымын зерделеген және электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын, электр қауіпсіздігі техникасын білуі бойынша сынақтар тапсырған және жабдыққа және бұйымға қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өткен адамдар жіберіледі. Жабдықты және бұйымды пайдалануға жіберу үшін сынақтар қабылдау жылына екі рет жаңа оқу кезеңі басталар алдында жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Әскери бөлімге және мекемеге келіп түскен жабдық және бұйым тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жабдықты және бұйымды бөлшектеуге немесе жиынтықтығын өзгертуге, оның ішінде әскери бөлімде және мекемеде тұрған жабдықты және бұйымды Нормалардан тыс пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жабдық және бұйым ақаусыз жай-күйге келтіріледі және сақтауға қойылады.
Тарау 4. 4-тарау. Жабдықты беру
4-тарау. Жабдықты беру
Тармақ 11
11. Әскери бөлім және мекеме ішінде жабдықты және бұйымды беру әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының өкімі негізінде, бір әскери бөлімнен және мекемеден басқа әскери бөлімге және мекемеге Қағидаларға сәйкес ҚР ҚК жабдықталым органының нарядтары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Одан әрі пайдалану үшін берілуге тиіс жабдықты және бұйымды беретін әскери бөлім және мекеме оны ақаусыз жай-күйге келтіреді және құрал-саймандармен, ҚҚК жиынтығымен, сондай-ақ пайдалану құжаттамасымен толық жиынтықталады. Формуляр (паспорт) жабдық және бұйым қолданысының соңғы күніне дейін толтырылады.
Тармақ 13
13. Жабдықтар мен бұйымдарды беру Нысандар альбомының № НҚ -1 нысаны бойынша екі данада қабылдау-тапсыру құжаттарымен ресімделеді.
Тармақ 14
14. Жабдықты және бұйымды беру қабылдау-тапсыру құжаттарымен екі данада «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының № НҚ-1 нысаны бойынша негізгі құралдарды, аяқталмаған өндіріс пен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (өткізу) актісі ресімделеді. Сақтауға жататын жабдық және бұйым қойма бастығына (қоймашыға) жүкқұжат бойынша беріледі.
Тармақ 15
15. Жабдыққа пайдалану құжаттары: техникалық сипаттаманы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, формулярды (паспортты), қосалқы бөлшектер ведомосын, ҚҚК жиынтығы ведомосын, пайдалану құжаттары ведомосын қамтиды. Формуляр (паспорт) жоғалған (бүлінген) кезде жабдықталым органымен келісу бойынша оның телнұсқасы жазылады.
Тарау 5. 5-тарау. Жабдықты тасымалдау
5-тарау. Жабдықты тасымалдау
Тармақ 16
16. Жабдық және бұйым жабық теміржол вагондарында тасымалданады, тікелей атмосфералық жауын-шашыннан қорғау болған кезде автомобиль көлігімен, сондай-ақ ұшақтардың және корабльдердің герметикалық бөліктерінде қорғаныс қаптамада (кейстерде, жәшіктерде) жеткізіледі.
Тармақ 17
17. Көлік құралында жабдықты және бұйымды олардан шыққан бу жабдық және бұйым бөлшектері, ажыратқыштары, агрегаттары коррозиясын тудыратын қышқыл, сілті және басқа да химиялық белсенді заттармен бірге тасымалдауға, сондай-ақ жабдықты және бұйымды тиеу және түсіру кезінде аударуға жол берілмейді.
Тарау 6. 6-тарау. Жабдықты сақтау және есепке алу
6-тарау. Жабдықты сақтау және есепке алу
Тармақ 1. 1-параграф. Жабдықты сақтау
1-параграф. Жабдықты сақтау
Тармақ 18
18. Полигондық жабдықты және бұйымды орналастыру орындары және полигондық жабдыққа және бұйымға әсер ететін климаттық және биологиялық факторлар жиынтығы оларды сақтау шарттары деп түсініледі.
Тармақ 19
19. Полигонда полигондық жабдықты және бұйымды сақтау үшін атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары жабдықталады.
Тармақ 20
20. Полигондық жабдықты және бұйымды сақтауға арналған қойма үй-жайлары табиғи немесе жасанды желдеткішпен жарақтандырылады. Терезелерге қорғаныс үшін темір торлар немесе шілтер орнатылады. Үй-жайлар электр жарықпен жарақтандырылады, ал электржелісі болмаған кезде аккумуляторлық шамдар пайдаланылады. Үй-жайларда ашық жалынды жарық беру аспаптарын пайдалануға, сондай-ақ полигондық жабдық және бұйым коррозиясын тудыруы мүмкін сілті немесе басқа да химиялық белсенді заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 21
21. Қойма үй-жайлары ішінде нысана қондырғыларын, аккумулятор батареяларын және жиынтықтаушы жабдықты сақтау үшін стеллаждар, сондай-ақ жабдыққа және бұйымға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жай (орын) және радио-басқарылатын полигондық жабдықтың аккумулятор батареяларын зарядтауға арналған орын орнатылады. Полигондық жабдықты сақтауға арналған қоймалардағы стеллаждар саны нысаналық қондырғылар мен аккумулятор батареяларының кемінде 80 %-ін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін есеппен белгіленеді.
Тармақ 22
22. Ақаулы жабдық және бұйым жеке сақталады және тізімдемеде белгіленеді, онда қондырғы және бұйым, жиынтық атауы, мүкәммалдық нөмірі мен ақаулық сипаты көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Аккумулятор батареяларын қоймаларда ұзақ сақтау кезінде аккумулятор блоктарын зарядтау алты айда бір реттен жиі емес жүргізіледі, ол туралы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға жазба жасалады.
Тармақ 24
24. Полигонның әртүрлі оқу-жаттығу объектілерінен бірнеше полигондық жабдық пен бұйымдар жиынтығын, сондай-ақ бір үй-жайда (қоймада) сабақтарды қамтамасыз етуге тартылмаған нысаналық қондырғыларды сақтауға жол беріледі. Қызмет көрсетілмеген полигондық жабдықты және бұйымды қоймада сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Полигонның оқу-жаттығу объектілерінде бос үй-жайлар болған кезде оларды осы объектінің полигондық жабдықты және бұйымды сақтауға арналған қойма үй-жайлары етіп жабдықтауға жол беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жабдықты есепке алу
2-параграф. Жабдықты есепке алу
Тармақ 26
26. Есепке алу әскери бөлімдерде, мекемелерде және әскери басқару органдарында жабдықтың және бұйымның болуын, қозғалысын және сапалы (техникалық) жай-күйін көрсетеді.
Тармақ 27
27. Есепке алу мынадай мақсатта жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тиісті лауазымды адамдар мен әскери басқару органдарын әскерлерді қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтың және бұйымның болуы, қозғалысы және сапалық (техникалық) жай-күйі туралы анық деректермен уақтылы қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жабдықтың және бұйымдардың сақталуын, сондай-ақ оларды пайдалану заңдылығын, мақсатқа сәйкестігін және тиімділігін бақылау;
Тармақша 3
3) есептік құжаттарды, белгіленген жеткізілімдерді жасау үшін бастапқы деректерді дайындау.
Тармақ 28
28. Есепке алу осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаттық әскери мүліктің қолда барын және қозғалысын есепке алу кітабында жабдықтың және бұйымның қозғалысымен және сапалық жай-күйінің өзгеруімен байланысты барлық операциялар бойынша жазбаларды дұрыс ресімдеуден және уақтылы жазудан тұрады.
Тармақ 29
29. Жабдықты және бұйымды есепке алу полигондарда, әскери бөлімдер мен мекемелердің, сондай-ақ ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың басқару органдарында және ҚР ҚК жабдықталым қызметінде жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Пайдаланылмайтын жабдықтар мен бұйымдарды есепке алуды, нақты бар-жоғын, сақтау шарттарын тексеру және анықтау үшін бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен тағайындалған ішкі тексеру комиссиясы жылына бір рет бірінші қаңтардағы жағдай бойынша толық көлемде түгендеу жүргізеді.
Тармақ 31
31. Түгендеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу тізімдемесінің (салыстыру ведомосының) көшірмесі ҚР ҚК жабдықталым қызметіне жіберіледі (жөнелтіледі).
Тармақ 32
32. ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың жабдығы мен бұйымдарының есепке алу деректерін ҚР ҚК жабдықталым қызметімен салыстырып тексеру жылына бір рет жүргізіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету
7-тарау. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету
Тармақ 33
33. Техникалық қызмет көрсету жабдықты тұрақты ақаусыздықта ұстау мақсатында жүргізіледі және:
Тармақша 1
1) жабдықты тұрақты техникалық әзірлікте ұстауды;
Тармақша 2
2) жабдықты аралық жөндеу кезеңін және оны жалпы қолдану мерзімін барынша ұлғайтуды;
Тармақша 3
3) тораптардың, бөлшектер мен агрегаттардың тозуы мен ақаулықтарының себептерін уақтылы анықтауды және жоюды;
Тармақша 4
4) материалдар мен жиынтықтаушы бұйымдардың ең аз және мақсатқа сәйкес шығысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 34
34. Кепілді қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін барлық техникалық қызмет көрсету түрлерін жүргізу кезінде пломбаларды алуға (бүтіндігін бұзуға) жол берілмейді.
Тармақ 35
35. Полигондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету полигон бастығы немесе оның орынбасары әзірлейтін ай сайынғы жоспар негізінде жүргізіледі және оны әрбір айдың 25-і күніне қарай әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітеді. Дайындық кезеңдерінде полигондық жабдыққа қызмет көрсету жоспарының орнына полигондық жабдықты қысқы (жазғы) пайдалану режиміне ауыстыру жоспары жасалады. Ай сайынғы жоспарда қызмет көрсетілетін жабдық, жұмыс түрлері және оларды орындау мерзімдері, жұмысқа тартылатын жеке құрам саны, сондай-ақ қызмет көрсетуді жүргізуге жауапты адам және орындалған жұмыстар туралы белгі көрсетіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету түрлері
1-параграф. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету түрлері
Тармақ 36
36. Полигондық жабдық үшін мынадай қарап-тексеру және техникалық қызмет көрсету түрлері белгіленген:
Тармақша 1
1) бақылап-тексеру (бұдан әрі – БТ);
Тармақша 2
2) күнделікті техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – КТҚК);
Тармақша 3
3) № 1 техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – № 1 ТҚК);
Тармақша 4
4) маусымдық қызмет көрсету (бұдан әрі – МҚК);
Тармақша 5
5) ұзақ сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – № 1-С ТҚК). Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде қажетті жұмыстарды жүргізу мерзімділігі мен көлемі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген. Тренажерлық жабдық үшін тек әрбір тренажердың техникалық құжаттамасында көзделген қосымша жүргізілетін жұмыстарға БТ белгіленген.
Тармақ 37
37. БТ-ны және КТҚК-ны электрик-оператор (тренажерлық кешен бастығы) жабдықтың пайдалануға әзірлігі жай-күйін тексеру, жабдықты пайдалану барысында пайда болған ақаулық себептерін анықтау мен жою және жабдықты одан әрі пайдалануға дайындау мақсатында әрбір сабақ басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізеді.
Тармақ 38
38. № 1 ТҚК полигондық жабдықты ақаусыз (жұмысқа қабілетті) жай-күйде тұрақты ұстау, оның сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жұмыста болжамды істен шығудың алдын алу және оның қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында жүргізіледі. № 1 ТҚК аптасына бір рет, ұзақтығы 6-7 сағаттан арнайы бөлінген күндерде жүргізіледі.
Тармақ 39
39. РТК, ІҚО тасымалданатын полигондық жабдық жиынтықтарына оқу-жаттығуларға (атыстарға) қатысқан жеке құрамды тартумен оқу-жаттығулар мен атыс аяқталғаннан кейін ТҚК-ның толық ауқымында қызмет көрсетіледі, одан кейін қоймаға тапсырылады.
Тармақ 40
40. Полигондық жабдықты және № 1-С ТҚК-ны маусымдық пайдалануға дайындау жылына екі рет, қысқы немесе жазғы оқыту кезеңдері басталар алдында жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Жабдықты жөндеу түрлері
2-параграф. Жабдықты жөндеу түрлері
Тармақ 41
41. Полигондық жабдықтың қолданыс қабілетін қалпына келтіру және қолданыс мерзімін ұзарту жөніндегі іс-шаралар кешені:
Тармақша 1
1) ағымдағы жөндеуді;
Тармақша 2
2) күрделі жөндеуді қамтиды.
Тармақ 42
42. Ағымдағы жөндеу полигондық жабдық пен бұйымды пайдалану процесінде кепілдік мерзімі (атқарым) аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Күрделі жөндеу жоспарлы болып табылады, күрделі жөндеу жүргізуге жататын жабдықтың тізбесі және оны жүргізу мерзімдері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада белгіленген.
Тармақ 44
44. Жабдыққа ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес ресімделген техникалық жай-күй актілері негіз болып табылады (бұдан әрі – ҚР ҮҚ ережесі). ҚР ҚК жабдықталым қызметі жабдықтың техникалық жай-күйі актілері қоса берілген өтінімдер негізінде мердігерлік ұйымдардың жабдықты жөндеу жөніндегі іс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады.
Тарау 8. 8-тарау. Жабдықты санаттау
8-тарау. Жабдықты санаттау
Тармақ 45
45. Жабдықты және бұйымды тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз немесе ҚР ҚК-да қорда кепілді сақтау мерзімдері өткен деп тану үшін жабдық және бұйым пайдалану кезеңдерінен, сондай-ақ ақаусыздығын, қолданыс қабілетін және техникалық ресурсын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешенінен өтеді.
Тармақ 46
46. Жабдықтың және бұйымның санатын айқындауды әскери бөлім командирі және мекеме бастығы тағайындайтын комиссия жүргізеді, ол жабдықтың және бұйымның техникалық жай-күйін тексереді. Жабдықты және бұйымды тексеру нәтижелері ҚР ҮҚ ережесіне 2-қосымшаға сәйкес сапалық жай-күйін өзгерту актісімен ресімделеді. Комиссия құрамы кемінде үш адамнан тұратын әскери бөлім мен мекеменің лауазымды адамдары қатарынан тағайындалады, оның құрамына осы жабдық және бұйым жөніндегі мамандар, сондай-ақ қаржы органының өкілдері кіреді. Комиссияны әскери бөлім командирінің орынбасарлары және мекеме бастығының орынбасарлары қатарынан тағайындалатын төраға басқарады.
Тармақ 47
47. Әскери бөлім және мекеме комиссиясы өз жұмысында жабдықты және бұйымды жан-жақты техникалық қарап-тексеруден өткізеді, тозу дәрежесі мен себебін анықтайды, өлшеу және тексеру жүргізеді, оның санатын өзгерту үшін негіз болып табылатын ақауларды және мүліктің мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамдылығын белгілейді, санатталуға жататын мүліктің жай-күйі мен жиынтықтылығын растайды. Жабдық санатын айқындайтын өлшемшарттар тізбесі осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 48
48. Әскери бөлім және мекеме комиссиясы жабдықты және бұйымды қабылдағаннан кейін қабылданған мүлік әскери бөлім және мекеме есебіне қойылады және пайдалануға (қолдануға) енгізіледі немесе әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен сақтауға қойылады. Пайдалануға (қолдануға) енгізілгенге дейін мүлікті пайдалануға (қолдануға) жол берілмейді.
Тармақ 49
49. Жасаушы зауыттың құжаттамасына сәйкес пайдалануға енгізгенге дейін жабдыққа техникалық қызмет көрсету және сынап тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Берілген мүліктің ілеспе құжаттарының техникалық құжаттамада белгіленген барлық параметрлері сәйкес келген кезде оған бірінші санат беріледі.
Тармақ 51
51. Кепілді атқарым аяқталғаннан немесе әскери мүлікті сақтау мерзімі өткеннен кейін әскери бөлім және мекеме комиссиясы мүлікті бірінші санаттан екінші санатқа ауыстырады, ол туралы жабдық және бұйым паспортында (формулярында) жазба жасалады, бұл ретте техникалық жай-күй актісі жасалмайды.
Тармақ 52
52. Жабдықты пайдалану процесінде жөндеуаралық ресурс аяқталғаннан кейін мүлік күрделі жөндеуге жатады. Күрделі жөндеу қажеттілігі туралы қорытындыны әскери бөлім және мекеме комиссиясы техникалық жай-күй және сапалық жай-күйінің өзгеруі актілерімен ресімдейді, одан кейін мүлік үшінші санатқа ауыстырылады. Мүлікке күрделі жөндеу жүргізуге нарядты талап етуге өтінімі бар бекітілген қорытынды тиісті жабдықталым қызметіне жолданады. Егер жабдық жарамды жай-күйде немесе ағымдағы жөндеуді қажет ететін жағдайда болса, күрделі жөндеу жүргізбеуге жол беріледі.
Тармақ 53
53. Күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін әскери бөлім және мекеме комиссиясы жабдықты және бұйымды екінші санат бойынша қабылдайды, ол туралы жабдық және бұйым формулярында (паспортында) көрсетіледі және ол әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітетін қабылдау актісімен расталады.
Тармақ 54
54. 15 және одан да көп жыл ұзақ сақтауда немесе осы кезең ішінде үзілістермен пайдаланылған жабдық және бұйым, оның техникалық жай-күйіне қарамастан, ағымдағы жөндеу жүргізілуге жатады.
Тармақ 55
55. Жабдық және бұйым қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес емес қызмет мерзімін (техникалық ресурсты) өткергеннен кейін мүлік үшінші санатқа ауыстырылады және тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылады. Жабдықты және бұйымды үшінші санатқа ауыстыруды әскери бөлім және мекеме комиссиясы жүзеге асырады, ол туралы жабдықтың және бұйымның формулярында (паспортында) көрсетіледі, ол әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітетін техникалық жай-күй және сапалық жай-күйінің өзгеруі актілерімен расталады және жабдықталым қызметіне ұсынылады.
Тармақ 56
56. Жабдықты және бұйымды пайдалану жойылмайтын қауіпсіздік талаптарын бұзудан немесе ақаусыздық және қолданыс қабілеті деңгейі жол берілгеннен төмен болуына байланысты пайдалану тоқтатылатын оның жай-күйі уақытынан бұрын туындаған кезде жабдықты және бұйымды әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының қолдаухатымен техникалық жай-күй актісін жасай отырып, әскери бөлім және мекеме комиссиясы бесінші санатқа ауыстырады және оны лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес лауазымды адам бекітеді.
Тармақ 57
57. Әскери мүлікті есептен шығару (актілерді бекіту) туралы шешім қабылдауда ҚР ҚК жабдықтары пен бұйымдарын есептен шығаруды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 600қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19238 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған немесе қорда кепілді сақтау мерзімін өткерген жабдық және бұйым берілуге, өткізілуге немесе кәдеге жаратылуға тиіс. Есептен шығарылған жабдықты және бұйымды беру, өткізу немесе кәдеге жарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 59
59. Жаңғырту немесе құрылымдық жетілдіру жүргізілетін жабдық және бұйым төменгі санатқа ауыстырылмайды.
Тармақ 60
60. ҚҚК жиынтығының болмауы немесе ақаулы болуы, сондай-ақ жабдықты және бұйымды сақтау және пайдалану кезінде сыртқы жабынның бұзылуы (тот басуы) төменгі санатқа ауыстыру үшін негіз болып табылмайды, ол тек жабдықтың және бұйымның жай-күйін сипаттайды.
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан 20 __ жылғы «___» ________ басталды 20 __ жылғы «___» ________ аяқталды Ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­ре­я­лар­дың тү­рі (мар­ка­сы), са­ны, жаб­дық­тың ата­уы За­ряд­та­у­ға дей­ін ба­та­рея бан­ка­ла­рын­да­ғы элек­тро­лит­тің тығ­ы­зды­ғы Ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­ре­я­лар­дың за­ряд­қа қой­ы­л­ған­ға дей­ін­гі кер­не­уі За­ряд­қа қою кү­ні мен уа­қы­ты За­ряд­та­у­ға қой­ы­л­ған­нан кей­ін ба­та­рея бан­ка­ла­рын­да­ғы элек­тро­лит­тің тығ­ы­зды­ғы Ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­ре­я­лар­дың за­ряд­қа қой­ы­л­ған­нан кей­ін­гі кер­не­уі Ма­ман­ның қо­лы, те­гі
Басқа 1.2
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан 20 __ жылғы «___» ________ басталды 20 __ жылғы «___» ________ аяқталды Жаб­дық­тың ата­уы Кі­тап­тың бе­ті Жаб­дық­тың ата­уы Кі­тап­тың бе­ті Жаб­дық­тың ата­уы Кі­тап­тың бе­ті ба­стап­қы кей­ін­гі ба­стап­қы кей­ін­гі ба­стап­қы кей­ін­гі Сол жағы Жа­з­ба жа­сал­ған күн Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­тың № Құ­жат­тың кү­ні Жет­кі­зу­ші (алушы) Кел­ді Кет­ті Тұ­ра­ды Бар­лы­ғы Са­на­ты бой­ын­ша 1 2 3 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Кестенің жалғасы Со­ны­мен бір­ге Қой­ма­да Бар­лы­ғы оның ішін­де са­нат­тар бой­ын­ша 1 2 3 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Оң жағы (номенклатура коды)________________________ өлшем бірлігі___________________ құнды металдар құрамы _________________________ Бірлік үшін баға _____________________________ 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 Кестенің жалғасы 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 Ескертпе: 1. Кітап жабдықтың бар болуы мен қозғалысын есепке алуға арналған. 2. Кітап полигондарда, әскери бөлімдер мен мекемелердің, сондай-ақ ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен ҚР ҚК жабдықталым қызметінің басқару органдарында жүргізіледі. 3. Кітапты ресімдеу кезінде болжамды жазбалардың санына байланысты жабдықтың әрбір атауына бір немесе бірнеше беттер беріледі. Жиынтықтауыштар үш жабдықтың құрамынан үш бағаннан (15-ші бағаннан бастап) өз жеке шоты, олардың ішінде «келіп түскені», «шығысы», «қалдығы» үшін баған бөлінеді. 4. Алдыңғы кітаптардан қалдықтарды көшірген жағдайда: 2-бағанда – «Есепке алу кітабы», 3-бағанда – оның нөмірі, 4-бағанда – кітаптың беттері, 5-бағанда – «Қалдықты ауыстыру» деп жазылады. 5. Салыстыру туралы белгі кітапқа кезекті жолмен жазылады. Бұл ретте 1-бағанда салыстырылған күні көрсетіледі, 2-бағанда «Салыстырылды» деген жазба жасалады, ал жеке шоттардың астына есепке алуға жауапты адамдар қол қояды.
Басқа 1.3. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесі Р/с № Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тү­рі Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу түр­ле­рі­нің мақ­са­ты, олар­дың ұз­ақ­тығы Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зең­ді­лі­гі мен кө­ле­мі Кім жүр­гі­зе­ді Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету Нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма Ес­керт­пе 1. По­ли­гон­дық жаб­дық­ты ба­қы­лап- тек­се­ру Са­бақ ал­дын­да және ол аяқ­тал­ған­нан кей­ін тех­ни­ка­лық жай-күй­ді тек­се­ру. Жаб­дық­тың ақа­у­сызды­ғы мен әзір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету 1 – 2 са­ғат Жаб­дық­ты әр­бір пай­да­ла­ну ал­дын­да: элек­тр­лік қо­сы­лы­стар­дың се­нім­ді­лі­гін, электр-ком­му­та­ци­я­лық ап­па­ра­ту­ра ор­на­ты­л­ған құ­ры­лы­стар­да су мен қар­дың бол­мауын, жер­ге түй­і­сті­ру құ­ры­л­ғы­ла­рын іс­ке қо­сы­луын; рельс жол­да­рын­да, тер­бе­ліс ра­ма­ла­ры астын­да, электр же­тек­те­рін­де бөгде заттар­дың бол­мауын; жы­л­жы­ма­лы ны­са­на­лар қон­дыр­ғы­ла­рын­да­ғы тро­стар мен шлейф­тер­дің жай-күй­ін; ны­са­на­лар­дың жай-күй­ін, өл­шем­де­рі және бе­рік бе­кі­ті­лу­ін; бас­қа­ру пульт­те­рі бағ­дар­ла­ма­лық құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның, пай­да бо­ла­тын және қоз­ға­ла­тын ны­са­на­лар қон­дыр­ғы­ла­ры­ның, бай­ла­ныс және даб­ыл­да­ма құ­рал­да­ры­ның жұ­мысын; ди­зель электр стан­ци­я­ла­ры мен мо­то­шы­ғыр­лар­да жа­нар және жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның бо­луын тек­се­ру қа­жет. Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер мен ақа­у­лар­ды жою. Оқу-жат­тығу объ­ек­ті­сі­нің опе­ра­тор­ла­ры Қо­сал­қы бө­лік­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы бө­лік­тер мен ма­те­ри­ал­дар шы­ғы­сы нор­ма­ла­ры 2. Тре­на­жер­лық жаб­дық­ты ба­қы­лап-тек­се­ру Са­бақ ал­дын­да және ол аяқ­тал­ған­нан кей­ін тех­ни­ка­лық жай-күй­ді тек­се­ру. Жаб­дық­тың ақа­у­сызды­ғы мен әзір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету 1 – 2 са­ғат Жаб­дық­ты әр­бір қол­да­ну ал­дын­да: ка­бель ажы­рат­қы­шы­ның жай-күй­ін, ка­бель­дер мен сым­дар­дың бе­рік бе­кі­ті­лу­ін, жер­ге түй­і­сті­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның, сақ­тан­дыр­ғы­штар­дың ақа­у­сызды­ғын; үй-жай мен тре­на­жер еде­нін­де ағу­дың, жақ­па­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның, су және бас­қа да сұй­ық­тық­тар із­де­рі­нің, электр же­тек­те­рін­де, ди­на­ми­ка­лық плат­фор­ма ті­рек­те­рін­де және тре­на­жер­дің бас­қа да жы­л­жы­ма­лы бөл­шек­те­рін­де бөгде заттар­дың бол­мауын; тре­на­жер кон­струк­ци­я­сын­да көз­дел­ген штат­тық қор­ға­ныс қап­та­ма­ла­ры мен қор­ша­у­ла­ры­ның бо­луын және се­нім­ді бе­кі­ті­лу­ін; тре­на­жер­дің бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз еті­лу­і­нің жұ­мыс қа­бі­ле­тін (кі­ді­рі­стер­ді, ин­тер­фей­стің жа­у­ап бе­ру­ін) тек­се­ру; опе­ра­тор­дың эки­паж­бен да­уы­стық бай­ла­ныс жүй­е­ле­рін тек­се­ру қа­жет. Тре­на­жер ке­ше­ні­нің опе­ра­то­ры Қо­сал­қы бөл­шек­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы бөл­шек­тер мен ма­те­ри­ал­дар шы­ғы­сы нор­ма­ла­ры 3. Күн­де­лік­ті тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту Жаб­дық­ты жүй­е­лі кү­тіп-ұстау мақ­са­тын­да ап­та ішін­де күн сай­ын – 2-3 са­ғат неме­се ап­та­сы­на си­рек емес ке­мін­де бір рет – 6-7 са­ғат Күн сай­ын. Ба­қы­лап-тек­се­ру ауқы­мы­на қо­сым­ша по­ли­гон­дық жаб­дық­тың то­рап­та­ры мен те­тікте­рі­нің се­нім­ді бе­кі­ті­лу­ін, бруст­вер­лер мен та­са­лар­дың жай-күй­ін тек­се­ру. Электр жаб­дық­та­рын, құ­ры­л­ғы­лар мен те­тіктер­ді сырт­тан қа­рап-тек­се­ру­ді, та­за­ла­уды, рет­те­уді жүр­гі­зу қа­жет. Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер мен ақа­улық­тар­ды жою қа­жет. Оқу-жат­тығу объ­ек­ті­сі­нің опе­ра­тор­ла­ры Қо­сал­қы бөл­шек­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы бөл­шек­тер мен ма­те­ри­ал­дар шы­ғы­сы нор­ма­ла­ры. Ба­қы­лап-тек­се­ру ап­па­ра­ту­ра­сы, өл­шеу ас­пап­та­ры 4. № 1 тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту Жаб­дық­ты ке­зек­ті қыз­мет көр­се­ту­ге дей­ін жұ­мысқа қа­бі­лет­ті (ақа­у­сыз) жай-күй­де кү­тіп-ұстау, ПШК үшін бө­лін­ген кү­ні 6-7 са­ғат Ап­та сай­ын. Күн­де­лік­ті тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту кө­ле­міне қо­сым­ша: сақ­тан­дыр­ғыш но­ми­нал­да­ры­ның сәй­кест­і­гін, қор­ға­ныс жер­ге түй­і­сті­ру және ка­бель­дер­ді оқ­ша­у­лау қар­сы­лы­ғы мөл­ше­рін; ка­бель­дік тран­ше­я­лар­дың жай-күй­ін, ка­бель­дік пи­кет­тер­дің, ка­бель­дер мен жаб­дық­тың таң­ба­ла­нуы мен нө­мір­ле­ну­ін; рельс жол­да­ры­ның енін, шпал­дар­дың жай-күй­ін және олар­ға рель­стер­дің се­нім­ді бе­кі­ті­лу­ін, түй­іспе­лер­де көз­дел­ген са­ңы­ла­у­лар­дың бо­луын; электр қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ес­кер­ту пла­кат­та­ры­мен, қор­ға­ныс құ­рал­да­ры­мен жи­нақ­та­луын және олар­дың жай-күй­ін, қа­жет кез­де зерт­ха­на­лық жағ­дай­лар­да сы­нақ­тан өт­кі­зі­лу­ін; жаб­дық электр схе­ма­ла­ры­ның негіз­гі өл­шем­де­рін тек­се­ру қа­жет. Ме­ха­низм то­рап­та­ры­ның та­за­ла­ны­луын, жу­у­ды, пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­ры­мен тол­ты­ры­луын; жаб­дық­ты рет­теу мен тең­ше­уді; таң­ба­лау, нө­мір­леу және ес­кер­ту бел­гі­сін бо­яу және тү­сі­ру қа­жет. Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер мен ақа­у­лар­ды жою. Қа­жет болған жағ­дай­да жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зе­тін неме­се округ­тік ше­бер­ха­на ма­ман­да­рын тар­та оты­рып, оқу-жат­тығу бө­лім­ше­сі­нің опе­ра­тор­ла­ры Қо­сал­қы бөл­шек­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы бөл­шек­тер мен ма­те­ри­ал­дар­дың шы­ғыс нор­ма­ла­ры. Ба­қы­лап-тек­се­ру ап­па­ра­ту­ра­сы, өл­шеу ас­пап­та­ры 5. Мау­сым­дық қыз­мет көр­се­ту Жаб­дық­ты күз­гі-қы­сқы неме­се көк­тем­гі-жаз­ғы пай­да­ла­ну ке­зе­ңіне дай­ын­дау Жы­лы­на екі рет күз­гі-қы­сқы­дан көк­тем­гі-жаз­ғы және көк­тем­гі-жаз­ғы­дан күз­гі-қы­сқы пай­да­ла­ну ке­зе­ңіне ауы­су ке­зін­де. ТҚ кө­ле­міне қо­сым­ша май­ла­уды май­лау, май­ды мен сұй­ық­тық­ты ауы­сты­ру кар­та­сы­на сәй­кес жүр­гі­зу Оқу-жат­тығу объ­ек­ті­ле­рі­нің опе­ра­тор­ла­ры Қо­сал­қы бөл­шек­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған қо­сал­қы бөл­шек­тер мен ма­те­ри­ал­дар шы­ғы­сы нор­ма­сы 6. Сақ­тау ке­зін­де тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту Жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға дай­ын­да­ған­ға дей­ін неме­се ке­зек­ті тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге дей­ін ақа­у­сыз (жұ­мысқа жа­рам­ды күй­де) жай-күй­де ұстау Ұзақ сақ­тау ке­зін­де тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жы­лы­на екі рет күз­гі-қы­сқы­дан күз­гі-жаз­ғы және күз­гі-жаз­ғы­дан күз­гі-қы­сқы ке­зең­ге ауы­су ке­зін­де жүр­гі­зі­ле­ді. Мы­на­лар­ды: сақ­тау мер­зі­мі өт­кен жақ­па­май­лар­ды, сұй­ық­тық­тар мен ма­те­ри­ал­дар­ды сырт­қы қа­рап-тек­се­ру­ді, сақ­та­удан алу және ауы­сты­ру­ды; лак-бо­яу жа­бы­нын қал­пы­на кел­ті­ру­ді; кон­сер­ва­ци­я­ла­уды жүр­гі­зу қа­жет. Мы­на­лар­ды: жаб­дық­тың жұ­мыс іс­те­уін; ка­бель­дік же­лі­лер мен электр-ком­му­та­ци­я­лық ап­па­ра­ту­ра­ның жай-күй­ін, қор­ға­ныс жер­ге түй­і­сті­ру ке­дер­гі­сі­нің ша­ма­сын және ка­бель­дер­ді оқ­ша­у­ла­уды; оқу-жат­тығу объ­ек­ті­ле­рі құ­ры­лы­ста­ры­ның (ко­ман­да­лық және учас­ке­лік бас­қа­ру пункт­те­рі­нің, блин­даж­дар­дың, та­ра­ту құ­дық­та­ры­ның, та­са­лар­дың, рельс жол­да­ры мен бруст­вер­лер­дің) жай-күй­ін; ес­кер­ту пла­кат­та­ры­ның бо­луын және қор­шау бе­кет­те­рі­нің жай-күй­ін тек­се­ру қа­жет. Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер мен ақа­у­лар­ды жою қа­жет Қа­жет болған кез­де жөн­деу бө­лім­ше­ле­рі­нің неме­се округ­тік ше­бер­ха­на­ның ма­ман­да­рын тар­та оты­рып, оқу-жат­тығу объ­ек­ті­сі­нің опе­ра­тор­ла­ры Қо­сал­қы бөл­шек­тер, құ­рал-сай­ман­дар, ҚҚК жиын­тығы Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сы. Сақ­тау жө­нін­де­гі бас­шы­лық (нұс­қа­улық). Сақ­та­у­ға ар­нал­ған ма­те­ри­ал­дар мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің шы­ғыс нор­ма­ла­ры По­ли­гон­дар­дың оқу-жат­тығу объ­ек­ті­ле­рін, сон­дай-ақ бө­лім­ше­лер­ді жа­уын­гер­лік шо­ғыр­лан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған жиын­тық­тар (РТЖ, ТА­ЖЖ, ЖМЖ) үшін
Басқа 1.4
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Р/с № Жаб­дық­тың ата­уы Қол­да­ны­лу мер­зі­мі (жыл) күр­де­лі жөн­де­у­ге дей­ін По­ли­гон­дық жаб­дық 1. Атыс жабды­ғы жиын­тығы 7 2. Ро­та­лық так­ти­ка­лық жиын­тық 7 3. Та­сы­мал­да­на­тын атыс жабды­ғы 7 4. Элек­тр­лен­ді­рі­л­ген танк ди­рек­три­са­сы жабды­ғы жиын­тығы 7 5. Жа­яу әс­кер жа­уын­гер­лік ма­ши­на­сы элек­тр­лен­ді­рі­л­ген ди­рек­три­са­сы жабды­ғы жиын­тығы 7 6. Бронь­ды транс­пор­тер­дың элек­тр­лен­ді­рі­л­ген ди­рек­три­са­сы жабды­ғы жиын­тығы 7 7. Жы­л­жы­ма­лы мо­то­шы­ғыр 7 8. Ла­зер­лік оқ ату және за­қым­дау ими­та­то­ры 7 9. Әм­бе­бап ны­са­на-жат­тық­ты­ру ке­ше­ні (әуе ны­са­на­ла­ры ими­та­то­ры) 7 Тре­на­жер­лық жаб­дық 10. Танк, ЖЖМ және шы­н­жыр та­бан­ды ма­ши­на ме­ха­ник-жүр­гі­зу­ші­сі­нің тре­на­же­ры 6 11. Танк, ЖЖМ эки­па­жы­ның тре­на­же­ры 6 12. БТР жүр­гі­зу­ші­сі­нің тре­на­же­ры 6 13. БТР эки­па­жы­ның тре­на­же­ры 6 14. Ав­то­мо­биль тех­ни­ка­сы жүр­гі­зу­ші­сі­нің тре­на­же­ры 6 15. ТҚБЗ же­рү­сті қон­дыр­ғы­сы­ның тре­на­же­ры 6 16. ЗҚРК ат­қы­шы­ның тре­на­же­ры 6 17. Гра­на­та­ат­қыш ат­қы­шы­ның тре­на­же­ры 6 18. Оқ ату тре­на­же­ры 6 19. Ұшақ тре­на­же­ры 6 20. Ті­кұ­шақ тре­на­же­ры 6 21. Ұшу­ды бас­қа­ру то­бы­ның тре­на­жер­лық ке­ше­ні 6 22. Ме­ха­ник-жүр­гі­зу­ші­нің тре­на­же­ры 6 23. Көп ось­ті ав­то­мо­биль тех­ни­ка­сы ме­ха­ник-жүр­гі­зу­ші­сі­нің тре­на­же­ры 6 24. Ар­тил­ле­ри­я­лық тре­на­жер 6 25. Танк­ті оқ­тау ав­то­ма­ты­ның стен­ді 6 26. Тан­ки­стер­дің оқ ату да­яр­лы­ғы тре­на­же­ры 3 27. ЖЖМ эки­па­жы оқ ату да­яр­лы­ғы тре­на­же­ры 3 28. Көз­де­уіш-опе­ра­тор­дың жат­тық­ты­ру құ­ры­л­ғы­сы 3 Ескертпе: әскери бөлімдер мен мекемелерде бухгалтерлік есепке тұрған полигондық жабдық жиынтығының бұйымдарын күрделі жөндеу тиісті жиынтыққа қолданылған мерзімдерде жүргізіледі.
Басқа 1.5. Жабдықтың санатын айқындайтын өлшемшарттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша Жабдықтың санатын айқындайтын өлшемшарттар тізбесі Тех­ни­ка­ның ата­уы Са­нат­тар 1-ші 2-ші 3-ші По­ли­гон­дық және тре­на­жер­лық жаб­дық Жа­ңа, жа­са­у­шы за­уыт­тан алын­ған және ке­піл­ді жұ­мыс іс­теу мер­зі­мі өт­пе­ген неме­се 5 жы­л­ға дей­ін сақ­та­уда тұр­ған, тех­ни­ка­лық ақа­у­сыз Ке­піл­ді жұ­мыс іс­теу аяқ­тал­ған­нан кей­ін ақа­у­сыз неме­се сақ­тау мер­зі­мі 10 жыл­дан астам жа­ңа­лар, сон­дай-ақ күр­де­лі жөн­де­уден өт­кен­дер, тех­ни­ка­лық ақа­у­сыз Қал­пы­на кел­ті­ру мүм­кін емес неме­се мақ­сат­қа сәй­кес емес жа­рам­сыздар, есеп­тен шы­ға­ру­ға жа­та­ды, сақ­тау мер­зі­мі 15 жыл­дан астам По­ли­гон­дық жаб­дық­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге және жөн­де­у­ге ар­нал­ған жаб­дық Жа­ңа, пай­да­ла­ныл­ма­ған, ақа­у­сыз, сақ­тау мер­зі­мі 5 жы­л­ға дей­ін Әзір­лен­ген уа­қыт­тан ба­стап 5 жыл­дан кей­ін жа­ңар­ту тәр­ті­бін­де сақ­та­удан алын­ған­дар. Бұ­рын пай­да­ла­ны­л­ған, жөн­де­уден өт­кен­дер неме­се бұй­ым то­рап­та­ры, ақа­у­сыз Қал­пы­на кел­ті­ру мүм­кін емес неме­се мақ­сат­қа сәй­кес емес Ак­ку­му­ля­тор ба­та­ре­я­ла­ры Жа­ңа, пай­да­ла­ну­да бол­ма­ған, ақа­у­сыз, сақ­тау мер­зі­мі 1 (бір) жы­л­ға дей­ін Ке­мін­де 70% но­ми­нал­ды сый­ым­ды­лы­ғы бар, жұ­мыс күй­ге кел­ті­рі­л­ген­дер, ақа­у­сыз және сақ­тау мер­зім­де­рі бар, 1-ші са­нат үшін бел­гі­лен­ген нор­ма­лар­дан ар­тық Но­ми­нал­ды сый­ым­ды­лы­ғы 50 %-тен аз, олар­ды қал­пы­на кел­ті­ру мақ­сат­қа сәй­кес емес неме­се 2 жыл­дан астам сақ­тау мер­зі­мі бар