«Об организации и проведении сплошных дератизационных мероприятий в населенных пунктах Алматинской области, находящихся в зоне активно действующих природных очагов чумы и туляремии и проведении истребительных мероприятий малярийных комаров на анофелогенных площадях Капшагайского водохранилища» Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының оба және туляремия ауруларының белсенді түрде тұрақты әсер ететін табиғи ошақтарында орналасқан елді мекендерде жаппай дератизациялау шараларын ұйымдастыру және Қапшағай су қоймасындағы анофелогенді алаңдарда безгек ауруын тарататын масаны қырып-жою шараларын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 23.02.2004 № 23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1996 ж. 05 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-12 Заңына сәйкес, ҚР Үкіметінің "Халықты адамға қауіпті қан сорғыш жәндіктер мен кенеден қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" № 840 Қаулысын орындау үшін оба мен туляремия ауруларының табиғи ошақтарында жабайы кеміргіш тышқандар арасындағы эпизоотикалық процестерді жандандыруға, облыстың бірқатар елді мекендеріне жақын жерлерде эпизоотиялардың аса қауіптілігіне, көп таралуына, сондай-ақ синантроптық кеміргіштердің процеске араласуына байланысты (адамдарға жақын мекендейтін), тұрғындар арасындағы оба мен туляремия ауруларының алдын алу мақсатында, облыс әкімі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Е.Дүрімбетов) дератизациялық және дезинсекциялық шаралары өткізуге тапсырыс беруші болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық Мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Е.Дүрімбетов):
- дератизациялау, дезинсекциялау шараларының көктемгі және күзгі турын өткізіп, анофелогенді алаңдарды залалсыздандыруға қажетті шығыстар есебін жасасын;
- белгіленген тәртіп бойынша жаппай дератизациялау және дезинсекциялау жұмыстарының орындалуына тендер өткізуді қамтамасыз етсін;
- оба және туляремия ауруларының белсенді түрде әсер ететін табиғи ошақтарына жақын орналасқан Ақсу, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандарының елді мекендерінде кеміргіштер жайлаған қоқыс үйінділерін, бейіттерді тағы да басқа кеміргіштер жайлаған қоқыс үйінділерін, бейіттерді тағы басқа кеміргіштер жайлаған жерлерде қоса жаппай дератизациялау шарасы өткізілсін және Қапшағай су қоймасындағы анофелогенді алаңдарда безгек масаларының құрттарына қарсы залалсыздандыру шаралары жасалсын.
Тармақ 3
3. Ақсу, Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр, аудандарының әкімдері дератизациялаудың көктемгі-күзгі турларын өткізу кезінде төмендегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін:
- көшелерде, тұрғын үйлердің айналасында, қоғамдық тамақтандыру орындарында, мекемелер мен базар аумақтарында, коммуналдық объектілерде біржолғы санитарлық тазалық және көркейту шараларының өткізулуін қамтамасыз етсін;
- рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс үйінділерін жою және олардың пайда болуына жол бермеу, рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс үйіндісі жатқан жерлерді дератизациялау шараларын жүргізсін;
- кез-келген меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, өздеріне қарасты ведомстволық бағыныстағы объектілерде және олар орналасқан аумақтарда бір мерзімде дератизациялау шараларының жүргізілуін қамтамасыз ету міндеттелсін;
- жертөлелер мен қоймаларды қалыпты санитарлық нормаға келтірілсін және олардың кеміргіштерден қорғалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев) дератизациялау және дезинсекциялау шараларын өткізуге кететін шығынды облыстық бюджетте осы мақсаттарға ескертілген қаржы есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.