Об объявлении местной чрезвычайной ситуации Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 ж. 16-сәуірдегі "Егіншілік және өсімдік шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" РМК-ң, "Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу" институты ЕМК-ң 3\7-475, сондай-ақ, орман және биоресурстар жөніндегі облыстық бағдарламаның 2003 ж. 18-сәуірдегі N 142 қорытындылары бойынша Алакөл, Ескелді, Панфилов, Сарқан аудандарының, Талдықорған және Текелі қалаларының таулы алмалы ормандары зиянкестермен және аурулармен зақымданған. Олар, Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 20-дан астам түрінің жойылып кетуіне апарып соқтырады.
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес (5, 13, 18 және 19 баптары) облыс әкімі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 30-сәуір мен 15 маусым аралығында Алакөл, Ескелді, Панфилов, Сарқан аудандарындағы, Талдықорған және Текелі қалаларындағы таулы алмалы ормандардың аймағында жергілікті төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы»Заңына (21-бап, 1-тармақ, 2-тармақша) сәйкес орман және биоресурстар жөніндегі облыстық басқармаға (Ж.Досқараев) конкурс өткізбестен, химиялық өңдеу жүргізу үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бір көзден Мемлекеттік сатып алу жүргізуге рұқсат берілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (М.Ә.Сәтқалиев) таулы алмалы ормандарда химиялық өңдеу жүргізу ісін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 56,8 млн. теңге бөлсін және олардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә.Ә.Тойбаевқа жүктелсін.