"О ситуации на рынке труда и мерах по активизации экономической деятельности населения области" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Еңбек нарқындағы хал-ахуал және облыс тұрғындарының экономикалық қызметін жандандыру шаралары туралы" Облыстық жұмыспен қамту орталығының бастығы Б.М. Абоимовтың "Еңбек нарқындағы хал-ахуал және облыс тұрғындарының экономикалық қызметін жандандыру шаралары туралы" баяндамасын тындап және қарап, облыстық Мәслихат облыстық жұмыспен қамту орталығының және оның құрылымдарының жер-жердегі іс әрекеті Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын және халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінен экономиканың тұрақтылығы және реформаны тереңдету жөніндегі Жоспарды орындауға бағытталғанын атап өтті: Бірақ, тұрғындарды жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау саласындағы жағдай күрделі болып қала беруде және оған жаңа ыңғай табуды, жедел шаралар қолдануды қажет етеді. Үстіміздегі жылдың 5 айында, кейбір тұрақтылыкқа қарамастан, еңбек нарқының хал-ахуалы күрделі болып қала берді. Биыл жұмыспен қамту орталығына келушілердің 2202 адамы немесе 14,6 проценті жұмысқа орналастырылды. Селолық жерлерде жұмысқа орналастыру өте қиын проблема, онда 802 адам немесе келушілердің 12,8 проценті ғана жұмысқа орналастырылды. Үстіміздегі жылдың 5 айында 14996 жұмыссыздар тіркелді, оның 35,9 % - село тұрғындары. 1998 жылдың 1 маусымына облыс бойынша жұмыссыздар саны 27263 адам, соның ішінде 15735 - село тұрғындары. Жалпы облыс бойынша ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 6,1% болды. 1998 жылдың 1 маусымына жұмыссыздар жәрдемақысын төлеу жөнінен қарыз - 175,5 млн. теңге. Мемлекеттік жұмыспен қамту жәрдем қорына 140,1 млн. теңге түсті. Облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық және аудандық жұмыспен қамту орталығының басшыларына: -облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуды тұрақтандыру жөнінде бірлескен шаралар қолдансын; -кәсіпкерлікті, халықтың экономикалық белсенділігін, өзін-өзі жұмыспен қамтуын дамытуда мүмкіндік туғызсын, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бар резервтерді пайдалансын; -бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, еңбек және жұмыспен қамту туралы зандылық мәселелері жөнінен еңбекшілер арасында түсіндірме жұмыстары кең жүргізілсін; -еңбек және жұмыспен қамту туралы зандылықтың барлық мәселелерін орындау жөнінде кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен жұмыс жандандырылсын; -жұмыссыздық жәрдем ақысын төлеу бойынша борышты өтеу жөнінен нақты шаралар қолданылсын.
Тармақ 2
2. Жер-жердегі атқарушы органдарға ұсыныс жасалсын: -жергілікті бюджетті қарастыру кезінде жұмыспен қамтылмаған халыққа уақытша жұмысты ұйымдастыру үшін жұмсалу шығыны ескерілсін, уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыспен қамту орталықтарына мүмкіндіктер туғызылсын, аз қорғалған азаматтар үшін қоғамдық жүмысты ұйымдастыру және жұмыс орындарын алдын ала белгілеу жөніндегі өз шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізсін; - әрбір азаматтың кіріс көзіне байланысты, азаматтардың жұмыссыздар екенін анықтап, тіркеуге алу кезінде, жұмыспен қамту орталықтарына көмек көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындардың өндірісін қалпына келтіру жөне жаңа жұмыс орындарын құру мақсатымен, облыс әкімінен кәсіпорындарды сараптаушылық бағалау жұмысы жүргізілуі туралы өтініш білдірілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық Мәслихаттың қаралған және қабылданған шешімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төменде айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін тәжірибелік көмек көрсетуін өтініп, үндеу дайындалсын: - зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды (жұмыссыздық кәрдемақысы) төлем жөнінде бірыңғай орталық құруы туралы; -экономикада, қоғамда, жалпы реформаларды жүргізу нәтижесінде қалыптасқан жағдайды ескеретін жұмыспен қамту жөніндегі Заңның жаңа редакциясын жедел қабылдауы туралы; - жұмыспен қамту туралы Заңның жаңа редакциясын қабылданғанша, халықтың әлеуметтік қорғалмаған категориясынан басқа, тіркеуде тұрған жұмыссыздарға бір рет жәрдемақы төлеу үрдісін қарастыратын, барлық кіріс көздерін сомалық түрде ескеретін, жұмыссыз деп тану жөне жұмыссыздық жөрдемақысын төлеу тәртібіне өзгертулер енгізілсін; - жұмыссыздар алдында қаржылық міндетін өтеу мақсатымен жұмыспен қамту қызметінің алдында ПТЗ АҚ-ның қарызын өтеу туралы (Үкімет шешімімен 119 млн. теңге сомасында 1995 жылы несие берілген және ол Қазақстан Республикасы ақтау банкісіне берілген) немесе 100 млн. теңге сомасында бірретік трансферт бөлінуі туралы; -шағын жөне орта бизнесті дамыту үшін жұмыспен қамту қоры қаражатынан несие бөлудің жағдайы мен тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 927 Қаулысына өзгертулер енгізу туралы; -жұмыссыздарды басқа мамандыққа даярлау мен қайта даярлау және төленетін уақытша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін қарастыратын жұмыспен қамту қоры басқармасының қабылдаған өкімдерінің күшін жою туралы.