Об утверждении Правил предоставления социальной помощи малообеспеченным семьям, являющимися получателями государственной адресной социальной помощи, для развития личного подсобного хозяйства Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы Алматы облысында Кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламада, "2003 жыл - Ауыл жылын" өткізу жөніндегі ұйымдастыру-насихаттау шаралар жоспарында ескерілген міндеттерді шешу мақсатында, кедейшілікті азайтуда ауқымды нәтижеге жету үшін, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 1-тармақтың 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Алматы облыстық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (бұдан әрі аз қамтамасыз етілген отбасыларына) жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының әкімдері тұрғындар арасында аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы түсінік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Бөлекбаева) бекітілген Ережеге сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмектің тағайындалуына және төленуіне бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М.Сәтқалиев) аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған әлеуметтік көмекті уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік сала, тіл және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 6
Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы «30» мамыр № 34-192 шешімімен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕЛЕР Осы Ережелер 2003-2005 жылдарға арналған Кедейшілікті азайту жөніндегі бағдарламамен ескерілген міндеттерді шешу мақсатында, кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдарды қосымша қолдауға, олардың кірісін жоғарлату және аз қамтамасыз етілген азаматтардың санын азайту үшін әзірленген, сонымен қатар "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек"»бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (бұдан әрі аз қамтамасыз етілген отбасыларына) әлеуметтік көмек көрсету өз күшімен кедейшіліктен шығуға тырысатын және бөлінген қаражатты мақсатты пайдалана алатын жеке меншік іс дамытуға, өздерін өздері жұмыспен қамтуға отбасыларына ғана жинақталған біржолғы мөлшерде төленеді.
Тармақ 2
2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен 30000 теңгеден 70000 теңге мөлшеріне дейін тағайындалады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат жергілікті бюджетпен ескерілген қаржы есебінен ақшалай төленеді.
Тармақ 4
4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның (бұдан әрі комиссия) отырысында қабылданады. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігінің дауысы берілген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырысының хаттамасына барлық комиссия мүшелері қолтаңбаларын қояды. Комиссия мәжілісі егер құрамының оған кем дегенде 2/3 мүшелері қатысса заңды болып есептелінеді.
Тарау 2. 2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті алу үшін МАӘК алушы тұрғылықты жеріндегі қала, кент, ауылдағы учаскелік комиссияға барып белгіленген үлгідегі өтініш бланкісін толтырады (№1 қосымша). Әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қандай қызметтер түріне нақты жұмсалатыны өтініште көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдармен аудан (қала) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссия төрағасы ретінде аудан, қала, кент әкімімен үшжақты шартқа отырады (№2 қосымшаға сәйкес). Шартқа отыру мәселесі бірінші тараптан әлеуметтік көмекті аудару туралы, екінші жақтан жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де, үшіншіден алған міндеттерді орындалуын бақылау туралы міндеттемелердің қабылдануын қамтиды.
Тармақ 3
3. Қызметтің түрі анықталғаннан кейін, өтініш иесі құжаттардың толық пакетін тапсырады:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алуға - жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарт.
Тармақша 2
2) халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп (бизнес-жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесін және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысын қосымша тапсырады. Округтік учаскелік комиссия ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Берілген ақпарат расталса, учаскелік комиссия отырысында комиссия төрағасы алушыға мал алуға немесе қызметтердің басқа түрлері, ақшалай қаржыны жұмсау міндеттемелері мен есебі болған жағдайда әлеуметтік төлем беру туралы қорытынды шығарады.
Тарау 3. 3. Төлеу тәртібі
3. Төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия шешім қабылдағаннан кейін округ әкімі аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне әлеуметтік көмек алуға талап ететін азаматтар саны және бұл мақсатқа қажет сома көрсетілген тапсырысты, қосымша әр алушы бойынша барлық тиісті құжаттарды (өтініш, шарт, шешім) ұсынады.
Тармақ 2
2. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әлеуметтік көмек бойынша алушылардың тізімін құрастырады және ай сайын (бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған) тапсырыс пен алушылар тізімін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қаржыландыру үшін ұсынады.
Тармақ 3
3. Қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тапсырысы бойынша облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жиынтық тапсырысты (бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған) облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру үшін ұсынады.
Тармақ 4
4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек учаскелік комиссиялар қорытындысы негізінде құрылған аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тізімі бойынша, қаржының түсуіне қарай алушылардың жеке шоттарына аударылып, Қазпошта»ААҚ-ның филиалдары арқылы төленеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алушылардың шартпен қабылданған міндеттерін тиісті орындауды бақылау округтер әкімдерінің басшылығымен учаскелік комиссия жүргізеді. Алматы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Н.Бөлекбаева
Басқа 25. ӨТІНІШ
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне № 1 қосымша __________________________________________ (облыс, аудан, елді мекен) ____________________учаскелік комиссиясына __________________________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі) мекен жайы________________________________ __________________________________________ (елді мекен, аудан, көше, үйдің немесе пәтердің, телефон) жеке куәлігі № __________________________ кіммен берілген______берілген күні_______ ӨТІНІШ Маған жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін _______________ ___________________________________________________ (мал немесе құстың түрлері) әлеуметтік көмек беруіңізді өтінемін. Алынған қаражатты мақсатты пайдалануға міндеттенемін, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға жұмсамаған жағдайда алған соманы толық қайтарамын. 2003ж. "____" ________ Өтініш иесінің қолы_______
Басқа 26
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне № 2 қосымша ШАРТ 2003ж."___"________ қала, ауыл______________ Осы шарт 2003 жылдың «___»_________ облыс Әкімімен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің негізінде, бір жағынан қалалық (аудандық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы _____________________, әлеуметтік көмек алушы ______________________________ екінші (алушының аты, әкесінің аты, тегі, тұратын жері) жақтан, үшіншіден учаскелік комиссия төрағасы ретінде округ Әкімі ______________________ мына төмендегілер туралы келісімге келді:
Тарау 1. 1. ШАРТТЫҢ НЕГІЗІ
1. ШАРТТЫҢ НЕГІЗІ Аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де біржолғы әлеуметтік көмек.
Тарау 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 1. Әлеуметтік көмек алушы _______________________ ақшалай қаражатты мақсатына сәйкес қолдануға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға жұмсамаған жағдайда алған соманы толық қайтаратындығы туралы міндеттеме береді. 2. Округ әкімі _____________________ алушының қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді және алынған қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылайды. 3. Қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі алушы мен округ әкімі шартта көрсетілген барлық талаптардың орындалуына қарай, және облыстық бюджеттен қаражат түскенге қарай учаскелік комиссия қорытындысында көрсетілген соманы __________ теңге мөлшерінде біржолғы төлеуге міндеттенеді. КЕЛІСУШІ ЖАҚТАРДЫҢ ҚОЛТАҢБАЛАРЫ: 1. Әлеуметтік көмек алушы ______________________ 2. Округ әкімі ______________________ 3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі ______________________
Басқа 29
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне № 3 қосымша Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек алушылардың __________________________ауданы бойынша ТІЗІМІ № р/н Алушының аты-жөні Туған жылы тұрақты мекен жайы Отбасы мүшелері- нің саны Отбасының жиынтық табысы МАӘК-тің айлық мөлшері 1