Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу мақсатында таран ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек (өтемақы) көрсетудің (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 28 наурыздағы № 48 «Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» Таран ауданы әкімияты қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Е. Ещановке жүктелсін.
Басқа 6. Азаматтардың жеке категорияларына
әлеуметтік көмек көрсету
Ережелері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Таран ауданы әкімиятының
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 71 қаулысына
1-қосымша
Азаматтардың жеке категорияларына
әлеуметтік көмек көрсету
Ережелері
Осы ережелер азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - Ережелер) тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі - уәкілетті органы) жергілікті (аудандық) бюджет арқылы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын статусына ие адамдар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органы жанында әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнаулы комиссия құрылады (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 4
4. Комиссия мүшелерінің саны тақ сан болуы тиіс.
Тармақ 5
5. Комиссия жұмысын қабылдаған шешімдері бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басшы етеді.
Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы барлық мүшелерінен 2/3 кем емес комиссия мүшелері қатысқанда ғана құқылықты болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі ашық дауысқа салу жолымен қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көбісі дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 9
9. Өтінуші барлық құжаттардың±сынғаннан кейін әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштері 10 күннің ішінде комиссиямен қарастырылады және әлеуметтік көмек тағайындау немесе қабылданбайтыны туралы шешім қабылданады, өтінуші хабарландырылады.
Тармақ 10
10. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек айлық есеп айыру көрсеткішінен 10-еседен артық емес мөлшерінде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшерін әрбір нақты жағдайда комиссия анықтайды.
Тармақ 12
12. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады, есептеуді жүзеге асырады, аудандық қаржы басқармасына ай сайын қаржы бөлуге өтінім береді.
Тармақ 13
13. Қаражат жетпеген жағдайда, әлеуметтік көмек өтініштерін ертерек берген тұлғаларға беріледі.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлеу, таңдалған екінші деңгейіндегі банкте жеке шот деректемелері көрсетілген өтініші негізінде, алушы таңдалған банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиялары бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Тағайындалған сомаларды алушылардың жеке шоттарына аудару, қаражат түскеннен кейін, жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындау, уәкілетті органымен әлеуметтік көмек көрсету тиісті бюджетте көзделген сома шегінде, жүзеге асырылады.
Басқа 24. Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру
және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу
және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға
жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға)
әлеуметтік көмек (өтемақы) көрсетудің
Ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Таран ауданы әкімиятының
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 71 қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру
және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу
және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға
жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға)
әлеуметтік көмек (өтемақы) көрсетудің
Ережесі
Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек (өтемақы) көрсетудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже), Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек (өтемақы) көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облысындағы емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне, емделу және дәрігерлік қаралу үшін, жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде тұлғаларға (азаматтарға) әлеуметтік көмектің (өтемақы) (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы көрсетеді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек, егер арыз беруші емделуіне, дәрігерлік қаралу немесе арыз беруші емделген өту күнінен бастап үш ай ішінде өтініш жасаса, төленеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар босқын аталғандар, азаматтықтары жоқ адамдар және Қазақстан Республикасында заң уақыт тұруға рұқсаттары бар және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетелдіктер, егер отбасының орта есеппен жан басына кедейлік шегінен төмен болса, әлеуметтік көмек алуға құқылы. Тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын, әлеуметтік көмек тағайындауын сұраған тоқсанына дейінгі тоқсанға уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмектің аталған түрі отбасының табысына қарамастан тұлғалардың төмендегі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік карта бойынша уәкілетті органда есепте тұратын аз қамтылған тұлғаларға (азаматтарға);
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 3
3) Ұлты Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектерге және зейнеткерлерге;
Тармақша 4
4) 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге;
Тармақша 5
5) онкология, гемотология ауруларымен ауыратындарға;
Тармақша 6
6) диабет ауруларына (қантты, қантсыз);
Тармақша 7
7) операциядан кейін тұлғаларға (бірінші төрт айда);
Тармақша 8
8) миокард инфаркты ауруларына (бірінші алты айда);
Тармақша 9
9) жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан тұлғаларға немесе жасанды қалыптасқан иммунитет тапшылығы белгісі аурумен ауыратындарға;
Тармақша 10
10) туберкулез ауруларына.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандарға, қатысты аталған жағдай ата-анаға, асырап алушыға, қамқоршыға, қорғаншыға және басқа жақын туысына беріледі. «Жақын туыс»деген ұғым Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес анықталады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
6. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (әрі қарай-арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар тапсырады.
Уәкілетті органы жанындағы арнаулы комиссия, уәкілетті органының тапсырысы жөнінде, осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларының келісімі бойынша отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерттейді.
Әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы комиссия қорытынды шығарады және уәкілетті органға әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы қорытындысын ұсынады.
Арыз беруші бас тартқан жағдайда әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
Тарау 3. 3. Осы Ереженің 3, 4-тармақтарында
көрсетілген тұлғаларына қажетті құжаттар тізбесі
3. Осы Ереженің 3, 4-тармақтарында
көрсетілген тұлғаларына қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін шетелдікке Қазақстан Республикасында заң уақыт тұруға берілген рұқсаттың көшірмесі; азаматтықтары жоқтар үшін азаматтығы жоқ тұлғаның куәліктің көшірмесі; оралмандар мен босқындар үшін оралман немесе босқын деп танылғандары туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) дәрігерлік мекемелерде емделу немесе дәрігерлік тексеруден өту қажеттілігі туралы дәрігерлік мекеменің қорытындысы немесе дәрігерлік кеңес комиссияның анықтамасы.
Анықтамаларда құжатты берген қол қойған лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі, жеке қолы және қолтаңбаның толық жазылуы. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбасы бар мөрімен куәландырылады;
Тармақша 3
3) кент, село, селолық округі әкімі берген отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақ 8
8. Сонымен қатар, мына құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандар үшін:
туу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) 1, 2, 3-топтағы зейнеткерлер және мүгедектер үшін:
медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияның мүгедектікті анықтау анықтамасының көшірмесі немесе зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары үшін;
азаматтық көрсетілген әлеуметтік мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілгендер үшін:
ата-ананың, асыра алушының, қамқоршының (қорғаншының) және басқа жақын туысының жеке басын куәландыратын құжаттыңњ көшірмесі. Асырап алушы, қорғаншы өзінің осы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады, қамқоршылардың (қорғаншылардың) куәлігін немесе қамқоршыларды тағайындау органдарының балаға қамқоршы етіп тағайындау туралы шешімін ұсынады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары уәкілетті органға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттың көшірмелерін куәландырады және оларды іске ресімдейді.
Тармақ 10
10. Арыз беруші өтініш және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және сенімдігіне, заңнамаға сәйкес, жауапты болады.