Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей города районного значения, поселка, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жетысайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Жетісай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы №11-77-VII шешімімен бекітілген Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдық жиындарын өткізу және және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қала, кент, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиын қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерімен шақырылады. Жетісай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қаланың, кенттің және ауылдық округтің әкімімен ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жетісай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны қала, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Тарау 3. 3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады: жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны: халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекендерде 2 өкілге дейін; халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекендерде 3 өкілге дейін; халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекендерде 4 өкілге дейін.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны: құрамына 1-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін; құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін; құрамына 7 немесе одан көп ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін.