Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ________________ 2021 жылғы «___»_______
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 11-1-4/416 бұйрығымен бекітілген Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей шығыстар – көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне тікелей байланысты шығыстар;
Тармақша 2
2) шартты-тұрақты шығыстар – қызметті жүзеге асыру, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін жағдайлар жасау жөніндегі шығыстар.
Тарау 2. 2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар құрылымында көрсетілген, негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және шартты-тұрақты шығыстар ескеріледі.
Тармақ 4
4. Тікелей шығыстар осы көрсетілетін қызметтерге тікелей байланысты шығындар жататын, қызметтерді көрсету үшін қажетті ресурстар негізге алына отырып айқындалады. Шартты-тұрақты шығыстарды көрсетілетін қызметтер құнына қосу үшін қызметтерді орындаушының даму жоспарының көрсеткіштері негізге алынады.
Тармақ 5
5. Келесі жоспарлы кезеңге көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.
Басқа 1. Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 1-қосымша Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) тікелей шығыстар: қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар (лауазымдық жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар); жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары); іссапар шығыстары; көрсетілетін қызметті іске асыру үшін қосалқы мердігер ретінде тартылатын сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар; тікелей қызметті орындау үшін қажетті (оның ішінде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезінде) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу); конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алу бойынша шығыстар; конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезіндегі көлік қызметтері; конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуге байланысты шығыстар (дәйекті және ілеспе аударма қызметтері, шақырылған сарапшылардың қаламақылары, бөтелкедегі су, бір реттік стақандар); ақпараттық қызметтер (мерзімді, оның ішінде электрондық басылымдарға және ақпараттық жүйелерге жазылу); аударма қызметтері (жазбаша аударма);
Тармақша 2
2) шартты-тұрақты шығыстар: қорлар бойынша шығыстар; әкімшілік персонал қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар (лауазымдық жалақы); жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары); негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы; негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді ұстау және жөндеу; коммуналдық шығыстар (жылу энергиясы, электр энергиясы, сумен жабдықтау, су бұру және қоқыс шығару жөніндегі шығыстар); байланыс қызметтері (пошталық, курьерлік қызметтер, Интернет, телефон байланысы, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері); ақпараттық қызметтер (кабельдік теледидар); салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы); банк қызметтері; күзету бойынша қызметтер; өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 369-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қосылған құн салығы.
Басқа 2. Көрсетілетін қызметтердің құнының есебі
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 2-қосымша Көрсетілетін қызметтердің құнының есебі
Тармақ 1
1. Көрсетілетін қызмет құны мына формула бойынша есептеледі: Қ = Тш + Бш + ҚҚС, мұнда: Тш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және жұмыс берушiлердiң жарналары  бойынша шығыстарсыз тікелей шығыстар; Бш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, жұмыс берушiлердiң жарналарын  және шартты – тұрақты шығыстарды (бұдан әрі-қызмет құнының бөлінетін бөлігі) қамтитын еңбек шығынына қарай бөлінетін шығыстар; ҚҚС – қосылған құн салығы.
Тармақ 2
2. Қызмет құнының бөлінетін бөлігі мына формула бойынша есептеледі: Бш = ЕШ * СМ, мұнда: ЕШ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары; СМ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары мына формула бойынша есептеледі: ЕШ = А * Сағ * ЖКО, мұнда: А – қызметті орындау айларының саны; Сағ – бір күнгі қызметті орындау сағаттарының саны; ЖКО – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.
Тармақ 4
4. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі: ЕА – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар, жұмыс берушiлердiң жарналары; ШТШа – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге айына келетін шартты-тұрақты шығыстар; ЖСО – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.
Тармақ 5
5. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар айына мына формула бойынша есептеледі: ШТШж – жылына қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар.
Тармақ 6
6. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар жылына мына формула бойынша есептеледі: ШТШд – даму жоспары бойынша шартты-тұрақты шығыстар; С – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің саны.