Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Агенттiктiң құрылымы;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк мекемелердiң - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Агенттiктiң штат саны 573 адам болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Тармақша 1
1) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шаралар қабылдансын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу бәсекелестiктi дамытуды қорғау және үйлестiру, сондай-ақ қызметiн табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерi жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттiк туралы Ереженi, сондай-ақ оның құрылымы мен жалпы штат санын Агенттiк төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттiк орган болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында ашатын шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Агенттiктiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына мiндеттi күшi бар актiлер шығарады.
Тармақ 6
6. Агенттiктiң аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттерi болады.
Тармақ 7
7. Агенттiктiң заңдық мекенжайы: 473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
Тармақ 8
8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттiкке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Агенттiктiң негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары және мiндеттерi
2. Агенттiктiң негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары және мiндеттерi
Тармақ 10
10. Агенттiктiң негiзгi мақсаттары:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу;
Тармақша 2
2) монополиялық қызметтiң, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;
Тармақша 3
3) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiрiсi саласында бәсекелестiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау және жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн бақылау;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiне бақылау жасау;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестiру;
Тармақша 7
7) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Pecпубликасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру.
Тармақ 11
11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн, Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
Тармақша 2
2) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемесiн әзiрлеу, бекiту және қолдану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн жинақтау, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдарды тұжырымдау;
Тармақша 4
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын түзудiң ерекше тәртiбiн қолдану және олардың iс жүзiндегi шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге бағалар белгiлеудiң есептерi мен ережелерiнiң әдiснамасын әзiрлеу;
Тармақша 6
6) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамытуға, баға белгiлеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) нарықтың және ондағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы баяндамалар, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен оны қолданудың тәжiрибесiн жетiлдiру туралы ұсыныстар дайындап, оларды Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне жiберу;
Тармақша 8
8) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
Тармақша 9
9) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргiзу;
Тармақша 10
10) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 11
11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекелестiктi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын нарық субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу;
Тармақша 12
12) тауар нарықтарында бәсекелестiктi дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, iске асыру;
Тармақша 13
13) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 14
14) нарық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу мен бекiту;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу туралы iстердi өз құзыретi шегiнде қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 12
12. Агенттiктiң мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өз құзыретiнiң шегiнде:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететін қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектiсi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) табиғи монополия субъектiлерi үшiн мiндеттi мемлекеттiк реттеудi енгiзу, өзгерту және тоқтату туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 4
4) табиғи монополия субъектiлерi, сондай-ақ тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi көрсететiн қызметтер бөлiгiнде тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк база әзiрлеуге;
Тармақша 5
5) табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер жүргiзу тәртiбiн айқындауға;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тұтынушылармен шарттар жасасуы туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзуi туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар енгiзуге;
Тармақша 7
7) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға;
Тармақша 8
8) табиғи монополия субъектiлерiнiң - қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
Тармақша 9
9) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзiмiн кемiнде алты айға белгiлеуге;
Тармақша 11
11) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 12
12) нарықта үстем (монополиялық) жағдайдың орын алуын анықтауға;
Тармақша 13
13) жолсыздықтар туралы iстердi өз құзыретiнiң шегiнде қарауға және кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
Тармақша 14
14) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарын сақтай отырып, өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың нәтижесiнде алған кiрiстi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тікелей немесе тарифтердi уақытша төмендету арқылы келтiрiлген залалды және (немесе) шығынды өтеткiзу туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 16
16) бәсекелестiктi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жолсыздықтар үшiн нарық субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 17
17) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
Тармақша 18
18) Агенттiктiң отырыстарында мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 19
19) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
Тармақша 20
20) ғалымдар мен мамандардан, Агенттiк қызметкерлерiнен, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен нарық субъектiлерiнен сарапшы кеңестерді құруға;
Тармақша 21
21) тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға;
Тармақша 22
22) мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының, тұтынушыларды құқықтарын қорғау жөнiндегi заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға;
Тармақша 23
23) өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
Тармақша 24
24) егер бұл тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің пайда болуына жеткiзетiн болса, нарық субъектiлерiн құруға, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға қорытынды беруге;
Тармақша 25
25) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi прокуратура органдарына жiберуге;
Тармақша 27
27) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 28
28) мыналарға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға: нарық субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайдаларды) сатып алу кезiнде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына; табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуына, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге де нысандарына; табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасасуға; табиғи монополия субъектiсiнiң өзiнiң тұтынуына арналмаған, олар тасымалдайтын немесе беретiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуына; табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметiмен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектiсi саласына қатысты өзге қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгiленген қызметтi жүзеге асыруына;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) заңсыз көтерумен және (немесе) нақты орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзумен тұтынушыларға келтiрген залалды өтеуi үшiн уақытша өтемдiк тариф бекiту туралы шешiм қабылдауға;
Тармақша 2
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
Тармақша 3
3) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген, табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiлерiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ашық тыңдаулар өткiзу қажеттiгiн анықтауға;
Тармақша 4
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерден басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi жөнiнде қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
Тармақша 5
5) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң pecпубликалық бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмiн қарау кезiнде ашық тыңдаулар өткiзуге;
Тармақша 6
6) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының), уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын ұсыну тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.
Тарау 3. 3. Агенттiктiң мүлкi
3. Агенттiктiң мүлкi
Тармақ 14
14. Агенттiктiң оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатына, сондай-ақ құны Агенттiктiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 15
15. Агенттiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 16
16. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Агенттiк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне тұрақты есеп бередi.
Тармақ 18
18. Агенттiк төрағасының үш орынбасары бар, оларды төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырып, оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 20
20. Агенттiк төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 2
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) сарапшы кеңестердiң дербес құрамын бекiтедi;
Тармақша 8
8) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 21
21. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
Тармақ 22
22. Агенттiк және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы iстердi қарайды.
Тарау 5. 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент Бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру департаменті Заң департаменті Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті Талдау және жоспарлау бөлімі
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен БЕКIТIЛСІН Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша департаментi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша департаментi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша департаментi.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша департаментi.