Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в подразделениях органов гражданской защиты Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 5 қазандағы № 498 Бұйрығымен бекітілді Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай - күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі-Қағидалар) азаматтық қорғау органдары жүйесінің бөлімшелеріндегі (бұдан әрі – АҚО) моральдық-психологиялық ахуалға жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібін айқындайды. Осы қағидалар әрекеті «азаматтық қорғау» арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) басшылық стилі‒басқарушылық функцияларды тиімді және сапалы орындау мақсатында басшының ұжымға әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің, амалдарының тұтас, салыстырмалы тұрақты жүйесінің жеке-типтік ерекшеліктері;
Тармақша 2
2) кәсіби қызмет ‒ еңбек түрі, оны саралаудың салдары. Кәсіби қызметтің жетістігі оның операциялық, ұйымдастырушылық, психологиялық және моральдық жақтарын, сондай-ақ жалпыланған кәсіби білімді және еңбек міндеттерін орындаудың оңтайлы тәсілдерін жүзеге асыруға әзір болуды көздейді;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғау органының бөлімшелерінің моральдық‒психологиялық ахуалы ‒ азаматтық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуімен сипатталатын психологиялық күй;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал жай - күйінің социологиялық мониторингі (бұдан әрі – мониторинг)‒ азаматтық қорғау органдарындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;
Тармақша 5
5) мониторинг жүргізу әдістемесі‒зерттеудің әртүрлі әдістерінің, алынған деректерді алу, қолдану және түсіндіру тәртібінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) сауалнама - респонденттерден мәліметтер жинау құралы ретінде арнайы ресімделген сұрақтар тізімі - сауалнама пайдаланылатын психологиялық вербалды-коммуникативтік әдіс.
Тармақ 3
3. Мониторинг мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) проблемалық бөлімшелерді анықтау, қатынастардың құрылымын анықтау;
Тармақша 2
2) психологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің еңбек уәждемесін арттыру, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару процесін оңтайландыру, бөлімшелердің бірлігін арттыру;
Тармақша 4
4) қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану.
Тарау 2. 2-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесі
2-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесі
Тармақ 4
4. Мониторингті бөлімше психологтары жыл сайын күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанында, күннің бірінші жартысында, ерікті негізде, құпия түрде, сұралатын адамдарға зерттеудің мақсаттары мен анонимділігін алдын ала түсіндіре отырып, қызметкердің қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілдерінде жүргізеді.
Тармақ 5
5. Сауалнама ұзақтығы жиырма минуттан алпыс минутқа дейін. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалау үшін қызметкерлердің нақты санының кемінде 70% - ы қатысуы қажет.
Тармақ 6
6. Азаматтық қорғау бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг мынадай жолмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) стандартталған тесттер-нәтижелерді жүргізу және өңдеу нұсқаулығымен нақты анықталған сұрақтары бар психологиялық тесттер;
Тармақша 2
2) сауалнама – әрқайсысы мониторингтің орталық міндетімен қисынды байланысқан сұрақтар жиынтығы;
Тармақша 3
3) әңгімелесу ‒ мәліметтер алу мақсатында диалог жүргізуден тұратын психологиялық вербалды-коммуникативтік әдіс.
Тармақ 7
7. Мониторинг автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып немесе қағаз тасығыштарда жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Сауалнама немесе қағаз тасығыштарда тестілеу жағдайында Қызметкер толтырылған сауалнаманы мөрленген контейнерге (урнаға) өз қолымен орналастырады.
Тармақ 9
9. Мониторинг жүргізу мына кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) дайындық - ұйымдастыру, зерттеу үшін әдістемелерді таңдау;
Тармақша 2
2) негізгі - жеке құрам үшін нұсқама өткізу;
Тармақша 3
3) қорытынды ‒ алынған деректерді талдау және қорыту, өңдеу, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы тұжырымдар және ұсынымдар.
Тармақ 10
10. Социологиялық мониторинг жүргізу (уақыты мен орны) бөлімше басшысымен келісіледі.
Тармақ 11
11. Мониторинг нәтижелерін түсіндіру субъективті пікірге және қызметкердің оны қызметте қоршаған ортаға қатынасына негізделеді:
Тармақша 1
1) Еңбекті ұйымдастыру және оның шарттары;
Тармақша 2
2) кәсіби және лауазымдық өсу;
Тармақша 3
3) еңбек қызметіне қанағаттану;
Тармақша 4
4) басшылықпен қарым-қатынас (басшылық стиліне);
Тармақша 5
5) әріптестермен қарым-қатынас;
Тармақша 6
6) психологиялық климат.
Тармақ 12
12. Мониторинг нәтижелері бойынша қолайлы және қолайсыз климаттың көрсеткіштері айқындалады.
Тармақ 13
13. Қолайлы климаттың көсеткіштері:
Тармақша 1
1) кәсіби қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;
Тармақша 2
2) пікірлердің келісілуінің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;
Тармақша 3
3) басшылар мен бағыныстылардың өзара қолайлы қарым-қатынасы.
Тармақ 14
14. Қолайсыз климаттың көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің кәсіби қызметі уәждемесінің өзгеруіне, кәсіби күйзелуіне, кәсіби денсаулығының нашарлауына, кәсіби қызметке қанағаттанушылықтың төмен бағалануына, жұмыста перспективалардың болмауына, еңбектің ауыр жағдайларына, жалақының төмен деңгейіне, әлеуметтік қорғалудың нашарлауына байланысты кадрлардың тұрақтамауы;
Тармақша 2
2) ұжымның қызметтік жұмысы тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлығының төмен деңгейі, ұжымды басқарудың авторитарлық стилі, орындаушылық тәртіптің төмен деңгейі;
Тармақша 3
3) қызметкерлер арасындағы қақтығыстар.
Тармақ 15
15. Моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне социологиялық мониторинг жүргізу рәсімі мен қорытындыларын (нәтижелерін) бөлімше психологы қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Мониторинг нәтижелері бойынша іріктеу жеткіліксіз болған не «қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал» деген қорытынды шығарылған жағдайда, қайталама мониторинг алты айдан кейін жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Психолог анықтама түрінде жинақталған ақпаратты бөлімше бастығына ұсынады.
Тармақ 18
18. Бөлімше бастығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпарат жібереді.