О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 6 қазандағы № 396 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органнның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11935 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органнның рұқсаттар беру қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 6. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті атынан әкімшілік орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында жазылған. 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»; Осы Қағидаларға 2-қосымша осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Осы Қағидаларға 3-қосымша осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10168 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған жануарлар дүниесін пайдалануға рұқса беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) электрондық түрде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі: 1) жануарлар дүниесін пайдалануға (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми зерттеу үшін аулауға, мелиоративтік аулауға) рұқсат беру кезінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға); 2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) рұқсаттар беру кезінде жасалады. Пайдалану түріне байланысты қосымша: 1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде): жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі; 2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға: бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі; жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі; бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында); 3) өсімін молайту мақсатында аулауға: балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі; 4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға: індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі; індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі; жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме); 5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға: жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы нәтижені беру күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі. Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі: ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы; квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы; квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Егер балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың талаптары бойынша балық аулау бірнеше балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учакелерінде, сондай-ақ бірнеше кемеде, бригадада немесе буындарда жүзеге асырылатын болса, өтініш беруші «жеке кабинет» арқылы кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде аулауға әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға жеке-жеке рұқсатты басып шығарады. Әрбір учаскеге, кемеге, бригадаға немесе буынға басып шығарылған рұқсат уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттың телнұсқасы болып табылады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.».
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша «Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның кү­ші қол­да­ны­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­у­ға, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан экс­порт­та­у­ға және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға әкім­ші­лік ор­ган­ның рұқ­сат­тар бе­руі» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті және Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті 2 Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру www.​egov.​kz (бұ­дан әрі-пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 3 (үш) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті­көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның кү­ші қол­да­ны­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­у­ға, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан экс­порт­та­у­ға және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға рұқ­сат не дәлел­ді бас тар­ту. Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі-ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның кү­ші қол­да­ны­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­у­ға, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан экс­порт­та­у­ға және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға рұқ­сат­тар бер­ге­ні үшін мем­ле­кет­тік баж «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 615-ба­бы­ның 2) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес алы­на­ды және 2 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды. Тө­лем қол­ма-қол неме­се қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ элек­трон­дық үкі­мет­ті тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) пор­та­лы ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес са­ғат 18.00-ден кей­ін неме­се де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да- www.eсogeo.gov.​kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі; 2) пор­тал­да. 8 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның кү­ші қол­да­ны­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­у­ға, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан экс­порт­та­у­ға және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға рұқ­сат алу­ға ар­нал­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; 2) им­порт­та­уды, экс­порт­та­уды және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға же­ке мақ­сат­та­ры үшін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, осы им­порт­та­уды, экс­порт­та­уды және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­уды жү­зе­ге асы­ру ни­е­тін рас­тай­тын экс­порт­та­у­шы мен им­порт­та­у­шы ара­сын­да­ғы ке­лі­сім­шар­ттың неме­се шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) үл­гі­лер­ді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­тау ке­зін­де, егер үл­гі Кон­вен­ци­я­ның 1, 2, 3-қо­сым­ша­ла­ры­на ен­гі­зі­л­ген жағ­дай­да, экс­порт­та­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың неме­се ке­рі экс­порт­та­у­ға ар­нал­ған сер­ти­фи­кат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) ғы­лы­ми ұй­ым қо­ры­тындыс­ы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 5) бюд­жет­ке мем­ле­кет­тік баж­дың тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер; 6) жа­ну­ар­лар түр­ле­рі, олар­дың бө­лік­те­рі мен де­ри­ват­та­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы та­би­ғи ме­кен­деу ор­та­сы­нан алын­ған жағ­дай­да, аң аула­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­луы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның кү­ші қол­да­ны­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­у­ға, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан экс­порт­та­у­ға және (неме­се) ке­рі экс­порт­та­у­ға рұқ­сат Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның VІ ба­бы­ның та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен ста­ту­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет» құ­ра­лы бой­ын­ша қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 4. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша Нысан __________________________________________ Қызмет көрсетушінің атауы кімнен____________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы), _________________________________________ Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________________ (жеке кәсіпкердің) адрес______________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, № пәтер (бар болса), телефон) деректемелері _________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған 1 Им­порт­тау, экс­порт­тау және (неме­се) ке­рі экс­порт­тау мақ­са­ты (ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар, ғы­лы­ми зерт­те­улер, өсім­ді мо­лай­ту мақ­сат­та­ры, цирк­тер­де өнер көр­се­ту неме­се жы­л­жы­ма­лы көр­ме­лер, хай­у­а­нат­тар бақ­та­ры, бо­та­ни­ка­лық бақ­тар және му­зей­лер ара­сын­да­ғы ал­ма­су, сон­дай-ақ же­ке ба­сы­на бе­ру 2 Мем­ле­кет­тік, орыс және ла­тын тіл­де­рін­де ата­уы көр­се­ті­л­ген үл­гі 3 Үл­гі­нің си­патта­ма­сы (ті­рі жа­ну­ар­лар, те­рі­лер, тұлып­тар, ұша­лар, бас сүй­ек­те­рі, мүй­із­дер, азу ті­стер, қан, уыл­ды­рық, сон­дай-ақ бұй­ым­дар және бас­қа­лар, ті­рі жа­ну­ар­лар үшін – жы­ны­сы мен жа­сы, сәй­кестен­ді­ру бел­гі­ле­рі­нің бар-жо­ғы) 4 Үл­гі­лер­дің са­ны және (неме­се) сал­ма­ғы 5 Үл­гі­нің шы­ғу те­гі (та­би­ғат­тан алын­ған, жа­сан­ды жағ­дай­лар­да шы­ға­ры­л­ған неме­се өсі­рі­л­ген, бас­қа ел­ден қан­дай құ­жат­тар­дың негі­зін­де им­порт­тал­ды, тәр­кі­лен­ді, са­тып алын­ды, сый­ға неме­се мұ­ра­ға алын­ды және та­ғы бас­қа­лар) 6 Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар­ды қол­дан өсі­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды әкім­ші­лік ор­ган­да тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің (-тің) нө­мі­рі және кү­ні (бар бол­са) 7 Егер үл­гі­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жа­сан­ды жағ­дай­лар­да өсі­рі­л­ген бол­са, Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар­ды қол­дан өсі­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның (-лар­дың) нө­мі­рі және кү­ні (бар бол­са) 8 Егер жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі, олар­дың бө­лік­те­рі мен де­ри­ват­та­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу ар­қы­лы та­би­ғи ор­та­дан алын­са, са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алу­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні