Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы Орда топтық су құбырының тозуына байланысты көптеген апаттық жағдай болуының салдарынан Бөкейордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындарына ауыз су беру тоқтатылды. Сумен қамтудың бұдан басқа көзі болмауы тұрғындар арасында ішек ауруларының күрт өсуі және осы аудандарда әлеуметтік жағдайдың күрделене түсуі қаупін туғызып отыр. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарына, облыс әкімдігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы N 148 "Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" қаулысына (тіркеу N 1728) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында тұрғындарды ауыз сумен қамтуда қалыптасып отырған жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы жергілікті атқарушы органдардың резервінен Орда топтық су құбырын жөндеп қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Бөкейордасы ауданының әкіміне 5.0 млн. теңге бөлсін.
Тармақ 3
3. Бөкейордасы ауданының әкімі Ө.Ө.Мырзағалиев бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.