Об утверждении Правил списания сумм непогашенного долга по бюджетным кредитам, выделенных из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы с условиями договора, выделенных из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес және кредиттік келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген кредиттерді қайтару тетігін әзірлеу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыш сомасын жергілікті бюджеттердің сомасынан есептен шығару ережесі" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 46  бұйрығының  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 ақпандағы N 1407 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені", 2001 жыл N 12, 343-құжат") күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесі
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 206 бұйрығымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - бюджет кредиті) бойынша жергілікті атқарушы органдардың борыштарын шартпен белгіленген мерзімдерде өтелмеген жағдайда есептен шығару тәртібін анықтайды. Толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесінің зерттеулерін орнату және аяқтау жүргізілген Қазақстан Республикасының аумақтарында өтелмеген бюджет кредитінің сомасын, сондай-ақ бюджет кредитінің мақсатсыз пайдалану сомасын есептен шығару толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесінің зерттеулерін орнату және аяқтау жүргізілмеген жергілікті бюджеттер қолма-қол ақшасының бақылау шоттарынан - жергілікті бюджеттердің (бұдан әрі - жергілікті бюджеттердің шоты) ағымдағы шоттарынан жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттердің шотынан есептен шығару тиісті атқарушы органдардың келісімінсіз кредиттік шарттың күшіне бюджеттік кредиттерді шартпен белгіленген мерзімдерде өтелмеген жағдайда республикалық бюджеттің кіріс шотына жергілікті бюджеттердің есебінен ақша аударымын жасауды білдіреді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кредиттік шартта анықталған бюджет кредитін өтеу мерзімі бұзылған кезде есептен шығаруға жататын бюджет кредитінің сомасын көрсете отырып, жергілікті бюджеттердің шоттарынан есептен шығару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті) өтінім ұсынады.
Тармақ 4
4. Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өтінімінің негізінде қазынашылықтың тиісті аумақтық органына жергілікті бюджеттердің шоттарынан бюджет кредитінің сомасын есептен шығару туралы жазбаша өкімді жібереді.
Тармақ 5
5. Қазынашылықтың аумақтық органы мемориалдық ордермен жергілікті бюджеттің шотынан облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне республикалық бюджеттен берілген өтелмеген борыштың сомасын Кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасына есептен шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті бюджеттердің есебінен қаражатты есептен шығару бюджет алымдарының бірінші кезектілігін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жергілікті уәкілетті орган мемориалдық ордер көшірмелерінің негізінде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы есепке алуда және есепте бюджет кредиті бойынша өтелген борыштың сомасын көрсетеді.