Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Алматинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкiмдiгi резервiнің қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң»1999 жылғы 18-қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң»қаржысын пайдалану Ережесiн бекiту туралы" №1408 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Алматы облысы әкiмдiгi резервiнiң»қаржысын пайдалану туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған және Текелi қалалары әкiмдiктерi бiр ай мерзiм iшiнде аудандық және қалалық әкiмдiктерi резервтерiнiң»қаржысын пайдалану туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 19 қаулысымен бекiтiлген Алматы облысы әкiмдiгi резервiнiң қаржысын пайдалану ережесi Осы Ереже Алматы облысы әкiмдiгi резервiнiң қаржысын бөлу және пайдалану ретiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегiдей түсiнiктер пайдаланылады: Облыс Әкiмдiгiнiң (бұдан әрi - Әкiмдiк) резервi дегенiмiз тиiстi қаржы жылына облыстық бюджетте ескерiлген және әкiмдiк қаулысы бойынша бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарды қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражат; Жоспарланбаған шығыстар - ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджеттi қалыптастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiн болмаған және үстiмiздегi қаржы жылында сөзсiз қаржыландыруды қажет ететiн шығыстар; Әкiмдiктi»және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың»мiндеттемелерiн өтеуге арналған Әкiмдiк резервiнiң құрамындағы қаржы - облыс Әкiмдiгi резервiнiң құрамында ескерiлген және соттардың»шешiмiмен Әкiмдiктiң немесе жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаржы; төмендегi бюджеттерге кредит бөлуге арналған арнайы резерв - облыс Әкiмдiгi резервiнiң құрамында ескерiлген, ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджетке ағымдағы түсiмдермен және аудандар (қалалар) бюджетi тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген аудандық және қалалық бюджеттерде бекiтiлген шығыстарды қаржыландыру үшiн төмендегi бюджеттерге қайтару негiзiнде бөлiнген қаражат; Әкiмдiк резервiнiң қаражатын алушы - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi немесе аудан, қала әкiмi.
Тармақ 2
2. Әкiмдiк резервiнiң»қаржысы есебiнен қаржыландырылатын, бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарға келесi шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, соның iшiнде: - төтенше жағдайларды»туындауынан зардап шегушiлерге материалдық көмек көрсету; - зардап шеккендер үшiн уақытша қоныстану және тамақтану пункттерiн ашу және ұстау; - апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқару техникалық құралдарымен, жабдықтармен және құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыру; - төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) Соттардың шешiмдерi бойынша әкiмдiктiң, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу;
Тармақша 3
3) Ағымдағы қаржы жылының iшiнде төмендегi бюджеттерге кредит бөлу. Әкiмдiк резервiнiң қаржысы басқа шығыстарды қаржыландыруға жолданбайды.
Тарау 2. 2. Облыс Әкiмдiгi резервiнен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртiбi
2. Облыс Әкiмдiгi резервiнен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртiбi
Тармақ 3
3. Әкiмдiк резервiнiң»қаржысын бөлу осы мақсаттарға тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттiң шығыстары мен кредит бөлу құрамында бекiтiлген мөлшерi шегiнде, Әкiмдiктiң алушы, бөлiнген қаржы көлемi және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ қайтару негiзiнде қаржы бөлiнсе оларды беру және қайтару мерзiмдерi көрсетiлген қаулысының негiзiнде заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу жолымен облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әкiмдiк резервiнiң қаржысы қатаң түрде мақсатты ұсталады және осы Ережелерде, сондай-ақ облыс әкiмдiгiнiң»резервi қаржы бөлу туралы қаулысында ескерiлмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Әкiмдiктi»резервiнен қаржы бөлу туралы қаулыны дайындаған кезде төмендегi шарттар ескерiледi:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте қаржының болмауы;
Тармақша 2
2) Әкiмдiк резервiнiң қаржысына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылы туындады және оған деген қажеттiлiк алушының, өткен мiндеттемелерiмен байланысты емес, бұл шарт соттарды»шешiмдерi бойынша әкiмдiктiң және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу жағдайларынан басқасында.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн қаржы бөлу
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн қаржы бөлу 7. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кезде Әкiмдiк резервiнiң қаржысын бөлу туралы қолдау хатты облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма қарайды.
Тармақ 8
8. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма негiзгi материалдар мен оларды»тiзбесiн тапсыру тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда бұл шараға қаржы бөлу туралы шешiмнiң»жобасын облыс Әкiмiне енгiзедi.
Тармақ 10
10. Аудандық және объектiлiк масштабтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, аудандар мен қалалардағы жергiлiктi атқарушы органдардың»резервiндегi қаржы және кәсiпорындарды қаржы есебiнен қаржыландыру қажет.
Тарау 4. 4. Сот шешiмдерi бойынша облыс әкiмдiгiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн жабу үшiн қаржы бөлу
4. Сот шешiмдерi бойынша облыс әкiмдiгiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн жабу үшiн қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешiмi бойынша облыс Әкiмдiгiнiң және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының мiндеттемелерiн жабуы соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда әкiмдiк резервiнiң»қаржысы есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 12
12. Әкiмдiктiң мiндеттемелерiн жабу үшiн әкiмдiктiң резервiнен қаржы бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулыларының жобасын заңда белгiленген тәртiппен облыстық қаржы басқармасы әзiрлейдi.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарды мiндеттемелерiн жабу үшiн облыс Әкiмдiгi резервiнен қаржы бөлу туралы облыс әкiмдiгi қаулысының жобасын заңда белгiленген тәртiппен органның өзi енгiзедi.
Тарау 5. 5. Төмендегi бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резервтен қаржы бөлу және жұмсау
5. Төмендегi бюджеттердi несиелендiру үшiн арнайы резервтен қаржы бөлу және жұмсау
Тармақ 14
14. Төмендегi тұрған бюджеттерге кредит бөлу мақсатында арнайы резервтен қаржы алу үшiн аудандар және қалалар әкiмдерi облыстық қаржы басқармасына негiзделген есептерiне сәйкес әкiмдiктiң резервiнен қаржы бөлу туралы өтiнiш бередi.
Тармақ 15
15. Облыстық қаржы басқармасы өтiнiш, сондай-ақ осы сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдiк қабылдаған қаулылардың және төмендегi бюджеттерге берiлген кредит туралы мәлiметтер негiзiнде төмендегi бюджеттерге кредит бөлу үшiн арнайы резервтен қаржы бөлудiң мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi. Төмендегi бюджеттерге кредит бөлу үшiн арнайы резервтен қаржы бөлудiң төмендегiдей мiндеттi шарттары болуы тиiс:
Тармақша 1
1) Аудандар және қалалардың бюджеттерiне кредит бөлу үшiн ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджетте қарастырылған соманың болуы;
Тармақша 2
2) Жергiлiктi бюджеттi ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етпеген, есеп беру кезеңiнде аудандық және қалалық бюджеттердiң тапшылығы қаржыланбаған және тиiстi өкiлдi органдардың»шешiмдерiмен бекiтiлген аудандық және қалалық бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға бөлiнген қаражатты жолдау.
Тармақша 3
3) Облыстық бюджеттен алдында берiлген кредит бойынша аудандық және қалалық жергiлiктi органдардың төлемеген қарыздарының өтiп кеткен мерзiмiнiң болмауы.
Тармақ 16
16. Аудан және қала әкiмдерiнiң өтiнiмдерi дұрыс қорытындыланса төмендегi бюджеттерге кредит бөлу үшiн әкiмдiктi арнайы резервiнен ақша бөлу туралы қаулыны жобасын облыстық қаржы басқармасы енгiзедi.
Тарау 6. 6. Бақылау және есеп беру
6. Бақылау және есеп беру
Тармақ 17
17. Әкiмдiктiң резервiнен бөлiнген қаржыны алушылар, оның пайдаланылуы, мерзiмi және орындалған жұмыстың көлемi, құны туралы есептi облыстық қаржы басқармасы белгiлеген тәртiппен ұсынуы тиiс.
Тармақ 18
18. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын Әкiмге Әкiмдiктiң резервiнен қаржыны пайдалануы және тиiстi мерзiмдегi оның қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 19
19. Әкiмдiктiң резервiнен бөлiнген қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiпте алушыға жүктеледi.
Тармақ 20
20. Әкiмдiк резервi қаржысының мақсатты пайдаланылуына бақылауды мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.