Об утверждении Правил использования средств резерва Каратальского районного акимата Қолданыста
Басқа 0
Қаратал ауданы әкімиятының резерв қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 1999 жылғы № 1408 «Қазақстан Республикасы Үкәметінің резерв қаражат пайдаланудың Ережесін бекіу туралы» Қаулысын және Алматы облысы әкімиятының 28 сәуір 2003 жылғы № 19 «Алматы облысы әкімиятының резерв қаражат пайдалану Ережесін бекіті туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1- тармағы, 1- тармақшасына сай аудан әкімияты Қаулы кабылдайды:
1 .Қосымшадағы аудан әкімиятының резерв қаражат пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Амандосовқа жүктелсін.
Басқа 2
Бекітілген
"19" мамыр 2003 ж. № 142
қаулымен
Аудан әкімиятының резерв қаражатын пайдаланудың ережесі
Аталған Ереже аудан әкімиятының резерв қаражатын бөлу мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Аталған ереже төмендегідей ұғымда пайдаланылады;
Тармақша 1
1) аудандық әкімияттың резерві - аудандық бюджеттің тиісті қаржы жылында
қарастырылған және аудан әкімиятының қаулысымен бір мезгілдік мазмұндағы күтпеген шығындарды қаржыландыруға бөлінген қаражат.
Тармақша 2
2) күтпеген шығындар - ағымдық қаржы жылына арналған аудандық бюджетті топтастыру кезінде жоспарлауға мүмкін болмаған, оны күтпегендіктен және ағымдық қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды қажет ететін шығындар.
Тармақша 3
3) аудандық әкімият пен жергілікті мемлекеттіқ органдардың міндеттемесін жабудағы аудандық әкімият резерві құрамындағы қаржы - аудандық әкімияттың резерві құрамында қарастырылған және жергілікті бюджет әкімшілігінің аудандық әкімият немесе соттың шешімімен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемесін жабу бағдарламасына бөлінген қаржы.
Тармақша 4
4) аудан әкімияты резерві қаржысын алушы- жергілікті бюджет бағдарламасының әкімшілігі.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты резерві қаражаты есебінен қаржыландырылатын бірмезгілдік сипаттағы күтпеген шығындарға төмендегідей іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) мынадан тұратын табиғи және технотекті мазмұндағы төтенше жағдайларды жою:
туындаған төтенше жағдайдың салдары бойынша жапа шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендерге арналған уақытша тұрғын үй қосындарын кеңейту мен күтіп ұстаға, тамақтандыруға;
апаттан құтқару және апатты қалпына келтіру бөлімшелерінің шұғыл іс-қимылы үшін техникалық құтқару құралдары және жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
күш пен құралдарды төтенше жағдайлар аймағына жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) соттың шешімі бойынша аудандық әкімият пен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемесін жабу үшін.
Тармақ 3
3. Аудандық әкімияттың резерв қаражаты басқадай шығындарды қаржылаңдыруға бағытталмайды.
Тарау 2. 2. Аудандық әкімияттың резерв қаражатын бөлу мен пайдалану тәртібі.
2. Аудандық әкімияттың резерв қаражатын бөлу мен пайдалану тәртібі.
Тармақ 4
4. Аудандық әкімияттың резервінен қаржы бөлуді аудандық қаржы бөлімі тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыны құрамында осы мақсат үшін бекітілген мөлшерінде, аудандық әкімияттың қаулысы негізінде заңдылықпен белгіленген тұрғыда қаржыландыруды ашатын сипатта бөледі. Онда қаржыны иеленуші, бөлінген қаржы көлемі мен оны пайдалану мақсаты, сондай-ақ бөлінген қаржының қайтарылуы, оны ұсыну мен қайтару мерзімі шарты көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Аудандық әкімияттың резерв қаражатының қатаң мақсаттық мәні бар және аудандық әкімияттың резерв қаражатынан қаржы бөлу қаулысында қарастырылмаған мүдделерге жұмсалмайды.
Тармақ 6
6. Аудандық әкімияттың резерв қаражатынан қаржы бөлу жөніндегі аудандық әкімияттың қаулысын әзірлеу кезінде мына шарттар ескерілуі тиіс: 1) ағымдық қаржы жылына арналған аудандық бюджетте бөлінген қаржының
болмауы;
Тармақша 2
2) аудандық әкімияттың резерв қаражаты қажеттілігі ағымдық қаржы жылында туындағандығы және оның қажеттілігі сот шешімі жағдайынан өзге алушының бұрынғы міндеттемесіне байланысты болмауы.
Тарау 3. 3. Табиғи және технотекті сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюға қаражат бөлу.
3. Табиғи және технотекті сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюға қаражат бөлу.
Тармақ 7
7. Табиғи және технотекті сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған сәтте аудандық әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы өтініш төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармада қаралады. Бұл орайда туындаған төтенше жағдай ауданаралық сипатқа ие болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Негізге алатын материалдар тәртібі мен оның тізілімін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма айқындайды.
Тармақ 9
9. Азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман табиғи және технотекті сипаттағы төтенше жағдайды жою қажеттілігі туындағанда белгіленген тәртіп
бойынша аудан әкімиятына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу жөніндегі
шешімнің жобасын ұсынады.
Тармақ 10
10. Аудандық деңгейдегі табиғи және технотекті сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражатынан және меншік нысаны әркелкі, оның кімге қарайтындығына қарамастан кәсіпорынның каржысынан қаржыландырылады.
Тарау 4. 4. Сот шешімі бойынша аудандық әкімият пен жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемесін өтеуге қаржы бөлу.
4. Сот шешімі бойынша аудандық әкімият пен жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемесін өтеуге қаржы бөлу.
Тармақ 11
11. Аудандық әкімият пен жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемесін соттың шешімі бойынша өтеуі аудандық әкімияттың резерв қаражаты есебінен соттың атқарушы құжаттарыньщ болуы жағдайында ғана қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Аудандық әкімияттың міндеттемесін өтеуге аудандықәкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі белгіленген заңдылық тәртібіне орай дайындайды.
Тармақ 13
13. Аудандық әкімияттың жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемесін өтеу жөнінде аудандық әкімияттың резервінен қаражат бөлу қаулысы жобасы сол органдар белгіленген заңдылық тәртібіне сай ұсынады.
Тарау 5. 5. Бақылау және есептілік.
5. Бақылау және есептілік.
Тармақ 14
14. Аудандық әкімияттың резервінен бөлінген қаржыны алушылар аудандық каржы бөліміне оны пайдаланғандығы, атқарылған жұмыстың көлемі мен бағасы туралы есепті тәртібімен және мерзімінде ұсынуы тиіс.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы бөлімі аудан әкіміне ай сайын аудандық әкімияттың
резерв қаражатының жұмсалуы және оның есепті мерзімдегі қалдығы туралы есеп ұсынуы керек.
Тармақ 16
16. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты өз мақсатында жарату жауапкершілігі алушыға Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жүктеледі.
Тармақ 17
17. Аудандық әкімияттың қаржысынан бөлінген қаражаттың мақсатты
жұмсалуын бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады.