Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые коммунальным государственным учреждением «Государственный региональный природный парк» Кызылсай» Қолданыста
Басқа 0
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн
тарифтер мөлшерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы « ___ » _______
№ ____ қаулысына қосымша
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
№
Қызметтер атауы
Өлшем бірлігі
Пайдалану уақыты
Тарифтер мөлшері (теңге)
1.
Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну
1 топ (20 адамға дейін)
1 тәулік
7816
2.
Жолсерік қызметін ұсыну
1 топ (20 адамға дейін)
1 тәулік
3986
3.
Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну
1 бірлік (16 адамға дейін)
1 тәулік
68 692
4.
Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:
1. Туристік шатырды ұсыну;
2. Жатын қапшықты ұсыну;
3. Вагон-үйшікті ұсыну (6 адамға)
1 бірлік
1 бірлік
1 бірлік
1 тәулік
1 тәулік
1 тәулік
2987
1352
89 110
5.
Көлік тұрақтарын ұсыну
1 бірлік
1 тәулік
827