О проведении месячников противопожарной безопасности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өрттiң алдын-алу айлығын өткiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 18.04.2007 № 569 хатымен. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" заңының 8, 15, 20 баптарына сәйкес, аудан ауылдарындағы өрт қауiпсiздiктерiн күшейту, ауылдық әкiмдiктерi аппараттарының қызметкерлерiн өрттiң алдын-алу бойынша техникалық ұйымдастыру жұмыстарына тарту, тұрғындардың арасында тұрмыстағы өртке қарсы шараларды насихаттау мақсатында, ШЕШЕМIН:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы сәуiрдiң 1-нен мамырдың 1-не дейiн және 2003 жылғы қазанның 1-нен желтоқсанның 1-не дейiн ауылдық округтерi арасында өрттiң алдын-алу шаралары жөнiнде айлық жариялансын. Аудандық айлық жөнiнде Ереже бекiтiлсiн ( N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Өрттiң алдын-алу жағдайы бойынша айлықтың қорытындысын шығару үшiн комиссия бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Өрттiң алдын-алу айлығының шарты бойынша жеңiмпаз атанған ауылдық округ әкiмдерiн марапаттау үшiн, үш жүлделi сыйлық белгiленсiн
Тармақша 1
1) бiрiншi сыйлық 5000 теңге
Тармақша 2
2) екiншi сыйлық 3000 теңге
Тармақша 3
3) үшiншi сыйлық 2000 теңге көктемгi және күзгi айлықтарға сыйлықтар жеке-жеке тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлiмiне (Сқақова М.Ж.) төтенше жағдайларды жою мен алдын-алуға жоспарланған ақша қаражатынан 20000 теңге (жиырма мың теңге) жүлдегерлердi марапаттау үшiн бөлiнсiн.
Тармақ 5
5. Ауылдық округ әкiмдерiне өрттiң алдын-алу айлығын өткiзу және оған дайындалу кезiнде ұйымдар мен мекемелер басшыларының, сондай-ақ ауыл тұрғындарының ұйымшылдықпен қатысулары қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 6
6. Аудандық бiлiм беру бөлiмiне (Баталов Б.Ж.) мектеп мекемелерiнде өрттiң алдын-алу айлығын өткiзу бойынша оқыту бағдарламасының жүргiзiлуi қамтамасыз етiлсiн. әрбiр мектептерде өрт қауiпсiздiгi бойынша бұрыштар мен қабырға газеттерi ресiмделсiн.
Тармақ 7
7. Аудандық iшкi iстер бөлiмiне (Тоқжiгiтов С.Қ.), кәсiптiк өрт сөндiру бөлiмiне (Панюков Д.В.) 2003 жылғы 20-шы мамырға дейiн, жағдайлары төмен отбастарын есепке алу, мекен жайы жоқ азаматтарды айқындауды бақылауға алу бойынша бiрлескен iс-шаралар әзiрленсiн. Көрсетiлген адамдарды айқындау бойынша бiрлескен рейдтер ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңының 20-шы бабының орындалуына байланысты, өрт бөлiмiнiң бастығы Д.В.Панюковқа, аудандық газеттiң редакторы А.Қ.Қожахметовқа, АТТ бастығы Б. Қ. Момынжановқа тұрмыста және өндiрiсте өрт жағдайлары мен өрт қауiпсiздiгi шараларын жариялайтын ақпараттар, өтеусiз негiзде мерзiмдiк басылымдар ұйымдастырылсын.
Тармақ 9
9. Ауылдық округ әкiмдерiне, меншiк нысандарына қарамастан ауданның мекемелерi мен ұйымдары басшыларына 2003 жылғы 1-шi мамырға дейiн өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң сақталу шаралары туралы қабырға газеттерi мен насихаттау материалдарын дайындап, оларды орналастыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 10
10. Ауылдық округ әкiмдерiне атқарған жұмыстардың қорытындысы 2003 жылғы 5-шi мамыр мен 2003 жылғы 5-шi желтоқсанда хабарлансын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi көмекшiсi Т. Н. Глазинскийға жүктелсiн.
Тармақ 12
12. Осы шешiмнiң қабылдануына байланысты, аудан әкiмiнiң осы мәселе жөнiндегi 2002 жылғы 01 сәуiрдегi N 12-1 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 16. Өрт қауiпсiздiгi айлығы туралы ЕРЕЖЕ
Бесқарағай ауданы әкiмiнiң 2003 жылдың 28 наурызындағы N 50-1 шешiмiне N 1 қосымша Өрт қауiпсiздiгi айлығы туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Айлықтың негiзгi мақсаты аудан көлемiнде орналасқан азаматтардың жеке меншiгiн және мемлекеттiк меншiгiн қорғау болып табылады. Айлықтың мақсаты өрттiң алдын-алу нормаларын тиiмдi түрде жүзеге асыру, тұрғын үйлердегi өрттi болдырмау, мемлекеттiк қоғамдық ғимараттарда өртке қарсы техникалық ұйымдастыру шаралары, соған орай қоғамды, халықты, мектеп оқушыларын өрттiң алдын-алу шараларына жұмылдыру. Өрт сөндiргiш техникаларының 2003 жылғы мерзiмге жарамдығын тексеру.
Тармақ 2
2. Айлықты ұйымдастыру мен өткiзу. Өрт қауiпсiздiгi айлығын ұйымдастырып, өткiзу үшiн аудандық комиссия құрылады, комиссия мүшелерi болып өрттiң алдын-алу шараларын жүзеге асыратын және оны аудан ауылдарында айлықты насихаттауды жүзеге асыратын,оны ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргiзетiн,өрттен қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырумен айналысатын қызметкерлер саналады. Комиссия айлық өткiзу шартын әзiрлейдi және осы жөнiнде ауылдық округ әкiмдерiнiң жұмысын қорытындылайды. Атқарылған жұмыс жөнiнде ауылдық округ әкiмдерi 2003 жылдың 1-шi мамырынан 1-шi желтоқсанына дейiн аудандық әкiмдiктегi төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияға ақпарат бередi.
Тармақ 3
3. Өрт қауiпсiздiгi айлығының шарты. Айлық жеңiмпазы деп, аудан ауылдарындағы өрттердi алдын-алу жөнiндегi жұмыстарда жоғары көрсеткiштерге жеткен және төмендегi шарттарды қамтамасыз еткен ауылдық округ әкiмдерiнiң аппараттары есептелiнедi:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлерге арналған өрт қауiпсiздiгi Ережесiн, Мемлекеттiк өрттi бақылау органдарының ұйғарымын, комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын мүлтiксiз орындауын;
Тармақша 2
2) қоғамдық ғимараттармен, тұрғын үйлердi өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етуi;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау құралдарын, оның iшiнде жөнделген өртке арналған су айдындарын, гидранттарды, су қоймаларын, құдықтарды, қосалқы су бөшкелерiн жұмыс қалпына келтiруi;
Тармақша 4
4) қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде өрттiң алдын-алу iс-шараларын жүргiзу, қайта салу, жөндеу жұмыстарын, дәнекер жұмыстарын жүргiзген кезде өрттi болдырмау шараларының қатаң сақталуы;
Тармақша 5
5) өрттiң алдын-алу жөнiндегi нұсқама өткiзу оны ұйымдастыру, тұрғындармен, қоғамдық ұйымдармен әңгiме өткiзу,оның iшiнде радио, газет бетiнде өрттi болдырмау жөнiнде мақалалар жариялау, мектептер мен ұйымдарда сол жөнiнде лекция оқып, әрбiр үйде әңгiме өткiзу жолына адамдарды оқыту;
Тармақша 6
6) ауылдық округтерi ауылдарындағы тұрғын үй секторлары мен шаруашылық объектiлерiне бекiтiлген өрттiң болмауы;
Тармақша 7
7) өрттi сөндiру мақсатында жұмылдырылған өз ара күш құралдардың толық жоспары;
Тармақша 8
8) өрттi сөндiруге арналған өрт сөндiру техникалары мен олардың iрiктелуi;
Тармақша 9
9) округ ауылдарындағы ДПД-ның саны мен ол туралы өрт-тактикалық сабағын өткiзу;
Тармақша 10
10) өрт сөндiру мақсатына арналған жанар-жағар майлардың қосымша қоры;
Тармақша 11
11) өрт сөндiрудiң тiрек пункттерi және Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 "Төтенше жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы" қаулысының 8 тармағы бойынша оларды техникамен және өрт сөндiру-техникалық құралдарымен қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Өрттiң алдын-алуды бағалау әдiсi: Тұрғын үйлердiң, қоғамдық ғимараттардың өрт қауiпсiздiгi жағдайы мына көрсеткiштер бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) өрт қауiпсiздiгi мiндеттерiн орындау,
Тармақша 2
2) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi профилактикалық ұйымдастыру шараларын орындау көлемi;
Тармақша 3
3) халықтар арасында жүргiзiлетiн өрт қауiпсiздiк ережелерi бойынша жалпылық-ұйымдастырылатын жұмыстардың жағдайы;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлерде үй иелерiмен әңгiмелер мен нұсқамалар жүргiзу және оларға өрт қауiпсiздiгi ережесiн оқыту;
Тармақша 5
5) ұйымдар мен мекемелерде өртке қарсы қауiпсiздiгiне жауап беретiн тұлғалар туралы бұйрықтардың сандары;
Тармақша 6
6) өрт сөндiру техникаларының саны, жағдайы және ахуалдығы, заң бойынша өрт сөндiруге оны қатыстырылуы (техника иелерiмен шарт жасасу). Бағалау ұпайлық жүйе бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Өрт қауiпсiздiгi ережесiн орындаған ауылдық округ әкiмдерi 30 ұпайдан алады. Өрт қауiпсiздiгi талабының әрбiр орындалмауы үшiн 2 ұпайдан алынады.
Тармақ 6
6. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру шарасының орындалған көлемiне ұпай мөлшерi төмендегi көрсеткiштердi орындағандары үшiн берiледi:
Тармақша 1
1) ауылдық округ әкiмдерi аппараттарының ғимараты, тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар нұсқаулармен, жаднама, өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен толық қамтамасыз етiлген -3 ұпай;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiк ғимараттары, тұрғын үйлер өртке қарсы тәртiптiң сақталуы бойынша ережелер мен нұсқаулардың талаптарына сәйкес келетiнi үшiн-8 ұпай;
Тармақша 3
3) эвакуациялау жолдары көрсеткiштермен және электрлiк жарықтармен қамтамасыз етiлгендерi үшiн-3 ұпай;
Тармақша 4
4) өрт гидранты ахуалды қалпына келтiрiлгенi және көрсеткiштерi бар болғаны үшiн-3 ұпай;
Тармақша 5
5) өрттiң су тартқысы және оған келуi үшiн -5 ұпай;
Тармақша 6
6) техника жабдықтарының жағдайлары үшiн -10 ұпай;
Тармақша 7
7) өрт қауiпсiздiгi бұрышының жабдықталуы, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулар өткiзiлiп, қолдар қойылған. Аудан әкiмiнiң АҚ және ТЖ жөнiндегi көмекшiсi мiндетiн атқарушы
Басқа 47. Өрттiң алдын-алу айлығының қорытындысын шығару комиссиясының ҚҰРАМЫ
Бесқарағай ауданы әкiмiнiң 2003 жылдың 28 наурызындағы N 50-1 шешiмiне N 2 қосымша Өрттiң алдын-алу айлығының қорытындысын шығару комиссиясының ҚҰРАМЫ Баймулдинов Ондасын Дәулетович аудан әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссияның төрағасы, комиссия төрағасы Глазинский Тимофей Николаевич азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi аудан әкiмiнiң көмекшiсi мiндетiн атқарушы, комиссия хатшысы Панюков Дмитрий Валерьевич 54-өрт бөлiмiнiң бастығы Қазақпаев Дулат Төлегенович аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары Яременко Иван Петрович құрылыс жөнiндегi аудан әкiмi аппаратының бас маманы Аудан әкiмiнiң АҚ және ТЖ жөнiндегi көмекшiсi мiндетiн атқарушы