Об образовании городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдың алу және жою жөніндегі қалалық комиссияны құру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабын басшылыққа алып, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19-1 Заңына сәйкес қала әкiмдiгi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссияны құру туралы Ереже" бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссияның жеке құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссияны құру туралы" 2001 жылғы 29 қарашадағы N 385, "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссияны құру туралы" Орал қалалық әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы N 317 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" 2002 жылғы 11 маусымдағы N 471 қаулыларының күшi жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ғ. Қ. Қапақовқа жүктелсiн.
Басқа 6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссияның ҚҰРАМЫ:
Қала әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 7 маусымдағы № 428 қаулысына №1 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссияның ҚҰРАМЫ: Қапақов Ғайса Хамидулаұлы - қала әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Давлетьяров Батырбек Мақсұтұлы - тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Медресов Ниетқабыл Бердіғалиұлы - қала әкiмi аппаратының отын-энергетика кешенi және инфрақұрылым бөлiмiнiң жетекшi маманы, комиссия хатшысы Арыстангалиев Мақсұт Төлегенұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Берсағұров Кеңес Әбдиүлы - қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi (келiсiм бойынша) Биссалиев Орынғали Мүбәрәкұлы - қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы Гордиенко Вячеслав Дмитриевич - "Оралоблгаз" ААҚ вице-президентi (келiсiм бойынша) Жәнiбеков Асқар Қадырұлы - Батыс Қазақстан ЭТК акционерлiк қоғамының қалалық филиалының директоры (келiсiм бойынша) Еренчиев Тынышбек Байжұмаұлы - қаланың әскери комиссары Кизилов Евгений Абрамович - инфрақұрылым және құрылыс бөлiмiнiң сәулет- жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Кульпин Михаил Павлович - "Газжобалау" ғылыми-зерттеу институты акционерлiк қоғамының атқарушы директоры Ниетқалиева Бибiгүл Әбдіғалиқызы - қалалық қаржы бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Пожидаев Владимир Тимофеевич - қалалық мәслихаттың депутаты Скворцов Вячеслав Владимирович - қалалық мәслихаттың депутаты Ткачева Лидия Георгиевна - "Жайықжылуэнерго" ААҚ вице-президентi (келiсiм бойынша) Төлебаев Ербол Серикұлы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының техникалық қызмет цехының бастығы Филиппов Станислав Геннадьевич - пәтерлер иелерi кооперативтерi қауымдастығының төрағасы (келiсiм бойынша)
Басқа 7. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қала әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 7 маусымдағы № 428 қаулысына №2 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кеңесшi орган болып танылады. Апаттық, зiлзаланың және басқа нәубеттiң салдарынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрегей мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өз өкiлеттiгiн меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық мекемелермен, кәсiпорындармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара бiрлесе отырып, жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мiндетi: - апаттың, зiлзаланың және нәубеттiң салдарынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрегей мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу; - қала тұрғындары мен аумағының қауiпсiздiгiн, апаттың, зiлзаланың және басқа да нәубеттiң салдарынан туындаған төтенше жағдайлардан олардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық және басқа да шаралар жүйесiн қалыптастыру; - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құрал - жабдығын құру және дамыту саласында бiрегей техникалық саясат жүргiзу; - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын белгiлеу; - төтенше жағдайлардың алдын алуға, қала тұрғындары мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған мақсатты және ғылыми-техникалық қалалық бағдарламалардың жобаларын дайындауды ұйымдастыру; - апаттың, зiлзаланың және нәубеттiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан тұлғаларды әлеуметтiк экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселесi бойынша кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң меншiк нысанына қарамастан, қызметiн үйлестiру; - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесi бойынша облысаралық әрiптестiктiң негiзгi бағыттарын белгілеу жөнiндегi ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия әкiмнiң тапсырмасы бойынша: - кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы iс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныс енгiзуге; - Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, лауазымды тұлғаларын тыңдауға; - кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, комиссияның жұмысына қажеттi олардың қызметi жөнiндегi ақпаратты сұратуға; - кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды орындауына, соның iшiнде бағдарлама шараларын жүзеге асыруға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты жұмсауына талдау жасауға; - кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын (жетекшiлерiмен келiсiп) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерi бойынша талдау, сараптау және басқа да жұмыстарына тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы болып қала әкiмiнiң орынбасары танылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету қала әкiмiнiң аппаратына жүктеледi.
Тармақ 7
7. Комиссия өз қызметiн төраға бекiткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кем дегенде тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi.
Тармақ 8
8. Комиссия қаралған және шешiлген мәселелер жөнiнде қала әкiмiне жүйелi түрде хабарлап отырады.