Об установлении карантин Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 қазандағы № 2-18/205 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің Жайсаңбай ауылындағы «Шөкелбай» қыстағында орналасқан «Мұқасан» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.