О мерах по упорядочению оборота алкогольной продукции Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 145 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы маусымның 16-дағы «Алкогольды өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы» № 543 Қаулысының негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулысының орындауды қамтамасыз ету жөніндегі облыстық жұмыс тобының құрамы бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс бойынша салық полициясы басқармасы қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, 1998 жылғы тамыздың 26-нан бастап құрамындағы спирттің көлемі 12 проценттен аспайтын алкогольды ішімдіктер сатумен айналысатын сауда субъектілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы маусымның 16-дағы № 543 Қаулысының сыныптылық талаптарына сәйкестігіне тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ішкі істер басқармасы, облыс бойынша салық полициясы басқармасы спирт пен алкогольды ішімдіктерді контрабандалық тасу, жалған түрде экспортка шығару, лицензиясын өндіру, сақтау мен тарату және акциздік маркаларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша қылмыстық істерді анықтау және қозғау жөніндегі жұмысты жетілдірсін.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері бір жұма мерзімде алкогольді ішімдіктерді сату тәртібіне бақылау жасау жөніндегі жедел шаралар жоспарын дайындасын. Құрамындағы спирттің көлемі 12 проценттен аспайтын алкогольді ішімдіктерді сататын сауда субъектілерінің орналасуы туралы мәліметтерді облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаментіне сайын хабарлап тұрсын.
Тармақ 5
5. Облыс индустрия, көлік және коммунаикациялар департаменті: бір жұма мерзімде бекітілген штат саны лимиті шеңберінде алкогольды ішімдіктер айналымына бақылау жасау жөніндегі сектор құрсын, сауда ережелерін бұзу фактілері туралы хабарды қабылдау үшін сенім телефондарын орнатсын;
Тармақ 6
6. Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті облыс тұрғындарын азаматтардың сапасыз алкогольды ішімдіктерден улану жағдайлары, сауданың акциздік, лицензиялық және сертификаттау нормалары мен ережелерін бұзушыларға қолданылған санкциялар, алкогольды ішімдіктерді таңдау (сатып алу) кезінде сақ болу шаралары туралы үнемі хабардар етіп отырсын.
Тармақ 7
7. Лицензиялары мен акциздік постары бар алкогольды өнімдерді өндіруші-кәсіпорындарға өздерінің облыстың қалалары мен аудандарындағы сауда нүктелерін, соның ішінде туәлік бойы жұмыс істейтін, кеңейту ұсынылсын, жұмыс тобын өндірілетін өнімдері тарату барысы туралы хабардар етіп отырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.В. Рюмкинге жүктелсін.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы маусымның 16-дағы «Алкогольді өнімдердің айналымын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы № 543 қаулысының орындалуына бақылау жасау жөніндегі облыстық комиссияның
Облыс әкімінің 1998 жылғы 21 тамыздағы № 271 шешіміне қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы маусымның 16-дағы «Алкогольді өнімдердің айналымын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы № 543 қаулысының орындалуына бақылау жасау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Рюмкин А.В. – облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Рыспанов – облыстың индустрия, көлік жіне коммуникациялар департаментінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Артемьев В.М. – «Павлодар стандартау, метрология және сертификаттау орталығы» аумақтық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы Әлиақпар Қ.Т. – облыс бойынша салық комитетінің бастығы Әлинов М.Ш. – облыс әкімі бірінші орынбасарының бөлім меңгерушісі Әліпов А.Қ. – облыс бойынша кеден басқармасының бастығы Белғожанов Е.Р. – облыс ішкі істер басқармасының бастығы Жакина Ә.Қ. – облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Есімханов С.Ө. – облыс қаржы басқармасының бастығы Нұғманов С.П. – облыс бойынша салық полициясы басқармасының бастығы