Об утверждении правил расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) № 139 бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шалқар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 11 қазандағы
№ 297 қаулысына қосымша
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
Бөлім 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
Бөлім 2. 2-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық, кентттік, ауылдық округтік бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 52-1 бабында айқындалған салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің бірыңғай бюджеттік сыныптамасында бекітілген санаты, сыныбы және кіші сыныбы бойынша есептеледі.
Бөлім 2.1. 2.1. Жеке табыс салығы
2.1. Жеке табыс салығы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығын болжамдағанда, есепті кезеңге жеке кәсіпкердің, адвокат және жеке нотариустардың, сол сияқты қалған жеке тұлғалар бойынша табысы, мүлкі және басқа да табыстары туралы тапсырған салық декларациясын қолдану қажет. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының жоспарлы кезеңге салықтық жүктемесін мынадай формуламен есептеледі:
PP = Odox*(100%+Ip),
оның ішінде:
PP - Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының жоспарлы кезеңге салықтық жүктемесі;
Odox – ағымдағы жылдың салықтық жүктемесі;
Ip – болжамдалған инфляция деңгейі, %.
Бөлім 2.2. 2.2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
2.2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың болжамы бірнеше жылда түскен түсімдердің динамикасын сараптау, салық салу базасында енгізілетін өзгерістерге нақтыланған және ағымдағы жылда түскен нақты түсімдерге сүйене отырып, анықталады.
Жоспарлы кезеңге жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын нақты салықтық жүктемесі ағымдағы жылы 1 шаршы метрдің базалық құны мен болжамдалған инфляция деңгейін есепке ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
UP = Uб*Bp*(100%+Ip),
оның ішінде:
Up - жоспарлы кезеңге жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын нақты салықтық жүктемесі;
Uб – ағымдағы жылғы мүлік салығының жүктемесі;
Bp - 1 шаршы метрдің базалық құнының болжамдалған өзерісі, %;
Ip - болжамдалған инфляция деңгейі, %.
Бөлім 2.3. 2.3. Жер салығы
2.3. Жер салығы
Жер салығын болжамдау үшін мынадай ақпаратты қолдану қажет:
- жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынған санаты бойынша жерлердің ауданы;
- бонитет көрсеткіштеріне пропорционалды жердің сапасы мен түрі бойынша белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелер;
- салықтық органдарға тапсырған декаларациялардың мәліметтері.
Жер салығын балжамдағанда, салық заңнамасымен қарастырылған жеңілдіктер ескеріледі.
Жоспарлы кезеңге жер салығының жүктемесі мынадай формуламен есептелінеді:
ZP =Zб*(100%+Ip),
оның ішінде:
Zp - жоспарлы кезеңге жер салығының жүктемесі;
Zб – ағымдағы жылы қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер салығының жүктемесі;
Ip - болжамдалған инфляция деңгейі, %.
Бөлім 2.4. 2.4. Көлік құралдарына салынатын салық
2.4. Көлік құралдарына салынатын салық
Көлік құралдарына салынатын салықтың болжамы, көлік иелері туралы толық есебін жүргізетін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі органдарының мәліметтерінен түрі, қозғалтқыш көлемі, жүк көтерімі, отыру орындары туралы кесіндісінде алынады.
Көлік санының ішінен салық заңнамасымен заңды және жеке тұлғалардың көліктеріне қарастырылған жеңілдіктері бар көлік саны алынып, мынадай формуламен есептелінеді:
TSp= (Кp(ts) – L(ts))*МРП *S,
оның ішінде:
TSp - жоспарлы кезеңге көлік салығының жүктемесі;
Кp(ts) – көлік құралдарының болжамды саны;
L(ts) – жеңілдіктері бар көлік құралдарының саны;
АЕК – жоспарлы кезеңге айлық есептік көрсеткіштің көлемі;
S – салықтың мөлшерлемесі, %.
Бөлім 2.5. 2.5. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2.5. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тіркелген мемлекеттік мүлікті сатудан түседі.
Мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер мынадай формуламен болжамдалынады:
OKP = OKб*(100%+Ip),
оның ішінде:
OKp – мүлікті сатудан түсетін түсімдердің болжамды көлемі;
OKб – ағымдағы жылы мүлікті сатудан түскен түсімдердің нақты көлемі;
Ip - болжамдалған инфляция деңгейі, %.
Бөлім 2.6. 2.6. Салықтық емес түсімдер
2.6. Салықтық емес түсімдер
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, округ бюджетіне салықтық емес түсімдер бойынша округ әкімдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін салатын айыппұлдар, заңды және жеке тұлғалардың ерікті алымдары, коммуналдық меншіктегі мүлікіті жалға беруден түсетін түсімдер, басқа да салықтық емес түсімдер бойынша болжам жасалынбайды.
Бөлім 3. 3-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
Бөлім 4. 4-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 5
5. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 4
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық, кенттік, ауылдық округтік бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Тармақ 6
6. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
Тармақ 7
7. Аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық, кенттік, ауылдық округтік бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Қағидаға сәйкес Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында айқындалған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
Зj – облыстың барлық өңірлерінің аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Тармақ 10
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің қала халқы санының болжамы;
Халі – i- аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
Тармақша 2
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі халық санының болжамы;
Халі – і аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 3
3) шағын жинақталған мектептердегі оқушыларын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Санi – і аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы;
Сан – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы.
Шағын жинақты мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы білім беретін мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді.
Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
Тармақша 4
4) ауқым коэффициенті:
мұнда:
Халi – i- аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
Тармақша 5
5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
Тармақша 6
6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
Тармақша 7
7) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
рi – i- аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте халықтың тығыздығы;
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 8
8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
Тармақша 9
9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
Тармақша 10
10) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте жылыту маусымының кезеңі;
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
Тармақ 11
11. Келесі екі жылдардағы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
Бөлім 5. 5-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 12
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Бөлім 6. 6-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
6-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық, кенттік, ауылдық округтік бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Тармақ 14
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.