Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Жаксынском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына қосымша Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары Қызмет саласы Алатын алаңы Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі Жақын орналасқан инфрақұрылым 1 Жақсы ауылы Тәуелсіздік 22 көшесі, аялдаманың жанында Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар 15 шаршы метрден 3 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ 2 Жақсы ауылы Тәуелсіздік 2 көшесі, мешіт ғимаратының жанында Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар 5 шаршы метрден 2 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ 3 Жақсы ауылы Тәуелсіздік 29 А көшесі, Ақмола облысы ветеринария басқармасының «Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жанында Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар 5 шаршы метрден 2 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ 4 Жақсы аулы Тәуелсіздік 18Б көшесі, бөлшектер дүкенінің жанында Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар 18 шаршы метрден 1 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ 5 Жақсы аулы Дружба көшесі, аудан әкімдігіне қарама қарсы Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар 7 шаршы метрден 15 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ