Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 «Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, кейіннен Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 қаулысымен бекітілген Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі № Ауылшаруашылық өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімнің атауы Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі (теңге/килограмм) 1 Шикі сүт Қатты ірімшік 24,0