Об утверждении Правил деятельности Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 28 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Академия) қызметінің тәртібін айқындайды, ол:
Тармақша 1
1) қызметті басқаруды;
Тармақша 2
2) білім беру және оқу-әдістемелік қызметті;
Тармақша 3
3) ғылыми және халықаралық қызметті;
Тармақша 4
4) Академияның магистратурасын бітірген тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыруды қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығы (бұдан әрі – АБЖО) – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру бойынша оқу процесін, зерттеу және жобалау жұмыстарын, Академияның халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыратын Академияның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) ақпараттық технологиялар қызметі (бұдан әрі – АТҚ) – ақпараттық технологияларды, оның ішінде қашықтан оқыту бағдарламаларын енгізуді және дамытуды, сонымен қатар компьютерлік және ұйымдастыру техникасының тиісінше және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Академияның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) әкімшілік-қаржылық қызмет (бұдан әрі – ӘҚҚ) – құқықтық, кадрлық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және ақпараттық, сондай-ақ бухгалтерлік есепті қамтамасыз ететін Академияның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 4
4) білім алушы – магистратурада, докторантурада білім алушы тұлға;
Тармақша 5
5) ғылыми-білім беру орталығы (бұдан әрі – ҒББО) – бір немесе бірнеше сабақтас пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын Академияның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 6
6) докторантура – білім беру бағдарламалары ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби сот қызметі үшін философия докторы (PhD), белгісі бойынша доктор дәрежесін беріп, кадрларды даярлауға арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 7
7) қосымша білім беру бағдарламасы – қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған судьяларды, сот жүйесінің және басқа да заң қызметі салалары қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;
Тармақша 8
8) магистратура – білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін беріп, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
Тармақша 9
9) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам.
Тарау 2. 2-тарау. Академияның қызметін басқаруды ұйымдастыру
2-тарау. Академияның қызметін басқаруды ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Академияны басқару осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Академияны тікелей басқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Академия ректоры жүзеге асырады. Академияның вице-ректоры Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Академия ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 6
6. Академияның міндеттерін тиімді шешу және функцияларын орындау мақсатында алқалы басқару органдары құрылады.
Тармақ 7
7. Алқалы басқару органдарына Академияның Жарғысына сәйкес құрылған Ғылыми кеңес, Оқу-әдістемелік кеңес, сондай-ақ басқа да органдар кіреді. Академияның алқалы басқару органдары қызметінің тәртібін, олардың құрамы мен мүшелерінің санын Академия ректоры айқындайды. Ғалым хатшы және Оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы өз жұмыстарын олар туралы ережелерге сәйкес ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Академияның құрылымдық бөлімшелері ретінде ҒББО, АБЖО, ӘҚҚ және АТҚ саналады.
Тармақ 9
9. Академияның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін Жарғының, осы Қағидалардың, Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелері туралы ережелердің және Академияның жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Орталықтың, қызметтің жұмысын Академия ректорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын орталықтың директоры, қызмет басшысы тиісінше басқарады.
Тармақ 11
11. ҒББО-ның жұмысы Академия магистранттары мен тыңдаушыларының кәсіби және тұлғалық құзыреттерін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Тармақ 12
12. Академияда бюджеттік негізде білім алушылардың саны мемлекеттік білім беру тапсырысымен, ақылы негізде білім алушылардың саны Жоғарғы Сотпен келісе отырып айқындалады.
Тармақ 13
13. Академия қосымша білім берудің, оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Тармақ 14
14. Академиялық топтың толықтығы мен олардың қалыптасуын Академия дербес жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Академияның білім беру және оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Академияның білім беру және оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Академияның білім беру және оқу-әдістемелік қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына, зерттеушілік және халықаралық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Академиядағы оқу-әдістемелік жұмыс оқу және ғылыми процесті іске асырып, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Академияның оқу және ғылыми жұмыстарына Академияның оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі вице-ректоры тікелей басшылық етеді.
Тармақ 18
18. Академияның оқу-әдістемелік жұмысында:
Тармақша 1
1) академиялық күнтізбені, оқу жоспарларын және пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын (syllabus) әзірлеу;
Тармақша 2
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, тапсырмалар жинақтарымен, кешенді тапсырмалармен, пәндерді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулықтармен, сонымен қатар білімді ағымдық, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) кәсіптік практика және тағылымдама ережелерін, бағдарламаларын, сонымен қатар магистрлік және докторлық диссертацияларды жазуға арналған нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) білім алушылар мен тыңдаушылардың оқу материалын меңгеруін жоғарылататын, сонымен қатар білім алушылардың іздеу, талдау және тұжырымдау қабілетін дамытуға бағытталған білім берудің заманауи технологиялары мен әдістерін әзірлеу, қолдану;
Тармақша 5
5) судьяларды, сот жүйесінің және заң қызметінің басқа да салалары қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 6
6) Академияның жоспарына сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі – ПОҚ) және қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Тармақша 7
7) Академияның оқу және оқу-әдістемелік жұмысын іске асыруға бағытталған қызмет қамтылады.
Тармақ 19
19. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу және оқу-әдістемелік қызметінің мазмұнын, ұйымдастыру әдісін және құрылымын жоспарлауды Академия оқытудың кредиттік технологиясының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Академияда білім алушылар үшін оқу жылы оқу жоспарына сәйкес 1 қыркүйектен басталады, академиялық кезеңдерге (семестрлерге) бөлінеді және академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде аяқталады.
Тармақ 21
21. Академиялық кезеңнің ұзақтығын Академия дербес белгілейді.
Тармақ 22
22. Қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарын өткізу мерзімдері Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Академия ректоры бекітетін жоспар-кестеге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 23
23. Оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбе және оқу кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Оқу процесінің құрылымы оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары, оқу жүктемесінің көлемі, академиялық кезеңдердің ұзақтығы, академиялық сабақтардың түрлері негізінде құрылады.
Тармақ 25
25. Білім беру бағдарламаларын Академия дербес әзірлейді және Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде ректор бекітеді.
Тармақ 26
26. Академиялық күнтізбе мен ПОҚ-тың орташа жылдық жүктемесін Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде ректор бекітеді.
Тармақ 27
27. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутты құрайды.
Тармақ 28
28. Кәсіптік практиканың, эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстарының, білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутты құрайды.
Тармақ 29
29. Академияда оқу жұмыстарының келесі негізгі түрлері белгіленеді: байланыс сағаттары, кеңес беру, бақылау жұмыстары, емтихандар, білім алушының өзіндік жұмысы, оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы, кәсіптік практика, білім алушының тағлымдамасы, магистрлік жоба және докторлық диссертация.
Тармақ 30
30. Кредит пен сағат көлемінің арақатынасын Академия дербес анықтайды.
Тармақ 31
31. Дәрістер оқуға және оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге, білім алушылардың эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмысын басқаруға орталықта директор, профессор, доцент лауазымдарын атқаратын оқытушылар, сондай-ақ судьялар, адвокаттар, прокурорлар, сарапшылар және өзге де практик-мамандар тартылады.
Тармақ 32
32. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмысы аудиториялық және аудиториядан тыс болып бөлінеді. Аудиториялық жұмысқа байланыс сағаттары, тренингтер, шолу дәрістері, консультациялар, аралық және қорытынды бақылау, оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы, жобаны/диссертацияны алдын ала қорғауды өткізу, кәсіптік практика мен тағылымдама есептерін қабылдау, біліктілік комиссиясының, апелляциялық комиссияның құрамына қатысу жатады. Аудиториядан тыс жұмысқа оқу жұмысының қалған барлық түрлері жатады.
Тармақ 33
33. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарындағы оқу сабақтары дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, тренингтер және өзге де сабақ нысандарына, оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында, Жоғарғы Сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар алқаларының жұмысына, бірінші сатыдағы соттың жұмысына қатысу болып бөлінеді.
Тармақ 34
34. Академия білім алушылар мен тыңдаушылардың жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдай жасай отырып, оқытудың нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындайды.
Тармақ 35
35. Білім алушыларды оқу сабақтарынан (оның ішінде өзіндік жұмыстан) алаңдатуға Академия ректорымен келісілген Академияның оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі вице-ректорының рұқсатымен ғана жол беріледі.
Тармақ 36
36. Білім беру бағдарламасы пәндерден тұрады, олардың тізбесі мен мазмұны оқу жоспарлары мен бағдарламаларында айқындалады.
Тармақ 37
37. Даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттырудағы оқыту тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Тармақ 38
38. Кәсіптік практика, тағылымдама, эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмысы және білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Нұр-Сұлтан қаласының соттары кәсіптік практика базалары болып табылады. Білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру үшін Академия Нұр-Сұлтан қаласының сотымен кәсіптік практикадан өтуге шарт жасасады. Форс-мажорлық жағдайлар (эпидемия, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, басқа да дүлей зілзалалар) туындаған кезде Академия Жоғарғы Соттың келісімі бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуіне шарттар жасай отырып, Қазақстан Республикасының басқа да жергілікті соттарын практика базалары ретінде айқындай алады.
Тармақ 40
40. Кәсіптік практикадан өтуге жолдама мерзімі, сот атауы және практика жетекшісі көрсетіле отырып, Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 41
41. Білім алушының ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 42
42. Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылымның осы саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен айналысатын ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары (PhD) және ҒББО-ның профессоры немесе доценті болып табылатын судьялар қатарынан тағайындалады.
Тармақ 43
43. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін докторанттардың ғылыми жетекшілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады.
Тармақ 44
44. Магистранттың және докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде тағылымдамадан өту міндетті болып табылады.
Тармақ 45
45. Оқу сабақтарын өткізу, кәсіптік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу, магистрлік жобалар мен докторлық диссертацияларды дайындау мақсатында Академия сот білімінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және заң ғылымы мен тәжірибесі арасындағы байланысты нығайту үшін Қазақстан Республикасы соттарының оқу орталықтарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Игерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды ұйымдастыру және Академияда білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды АБЖО жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Академияның ғылыми және халықаралық қызметін ұйымдастыру
4-тарау. Академияның ғылыми және халықаралық қызметін ұйымдастыру
Тармақ 47
47. Академияның ғылыми жұмысы сот жүйесінің қызмет ету және сот білімін беру проблемаларын зерттеу, сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру мақсатында ғылым, білім және сот қызметінің интеграциясы негізінде практикалық проблемаларды шешуде ғылыми ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталған.
Тармақ 48
48. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі – ҒЗЖ) ұйымдастыру мен жүргізуді орталықтар жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруді АБЖО қамтамасыз етеді.
Тармақ 49
49. Академияда ғылыми зерттеу жұмыстарын ПОҚ, білім алушылар жүзеге асырады.
Тармақ 50
50. ҒЗЖ Академия жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Академияның ҒЗЖ:
Тармақша 1
1) іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу және ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 2
2) оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеуді және енгізуді;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процесіне және құқықтық практикаға енгізуді;
Тармақша 4
4) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды (тиісті ғылыми әлеует болған жағдайда), ғылыми-зерттеу жұмысына ғылыми- педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды белсенді тартуды;
Тармақша 5
5) білім алушылар мен тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды;
Тармақша 6
6) сот жүйесінің қызметі және сот білімін беру саласында ғылыми зерттеулерді, ақпараттық-талдау жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтиды.
Тармақ 52
52. Академия сот кадрларын даярлау, зерттеу және жобалау жұмыстары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тармақ 53
53. Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Жоғарғы Сот шетелдік мемлекеттердің тиісті мекемелерімен жасасқан келісімдерге, Академия жасасқан меморандумдар мен екіжақты шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 54
54. Академия өз құзыретінің шеңберінде шетелдік әріптестері судья кадрларын даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ПОҚ-тың және Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
Тармақ 55
55. Академия халықаралық ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Академияның білім алушыларын, ПОҚ-ын және басқа да қызметкерлерін екіжақты және көпжақты алмасу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу;
Тармақша 2
2) ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу;
Тармақша 3
3) шетелдік білім беру мекемелерінің оқытушыларын, судьяларды, заңгерлерді дәріс оқуға, семинар және практикалық сабақтар өткізуге, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін тарту;
Тармақша 4
4) ПОҚ-ты, магистранттарды, докторанттарды, қызметкерлерді шетелдік ғылыми және оқу мекемелеріне педагогикалық, ғылыми тағылымдамаға, сондай-ақ біліктілігін арттыруға жіберу;
Тармақша 5
5) бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп басып шығару;
Тармақша 6
6) ғылыми-әдістемелік деректер базасымен алмасу;
Тармақша 7
7) халықаралық және шетелдік ұйымдар, қорлар қаржыландыратын түрлі бағдарламаларға қатысу, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлесіп Қазақстан Республикасының ұйымдары мен қорлары қаржыландыратын түрлі бағдарламаларға қатысу.
Тарау 5. 5-тарау. Академия магистратурасында оқу бітірген тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу
5-тарау. Академия магистратурасында оқу бітірген тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу
Тармақ 56
56. Тұлғаны судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін Академияның магистратурасында оқуды магистр дәрежесін алып аяқтау негіз болып табылады.
Тармақ 57
57. Академияны бітірген тұлғаны судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы шешім оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі вице-ректордың ұсынысы бойынша Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 58
58. Академияда оқуды бітірген тұлғадан судья лауазымына біліктілік емтиханын қабылдауды оның білім деңгейін және оларды практикада қолдану қабілетін айқындау үшін біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 59
59. Комиссия құрамына Жоғарғы Соттың судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, заңгерлер қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Академияның ПОҚ-ы кіреді. Комиссия құрамына кіретін адамдардың заңтану саласында кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуы қажет.
Тармақ 60
60. Комиссия құрамы төрағадан және алты мүшеден тұрады, оның екеуі заң ғылымдарының докторы немесе кандидаты, немесе PhD болуы қажет. Комиссияның құрамы біліктілік емтихан басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 61
61. Біліктілік емтиханын өткізу орны мен уақыты туралы Комиссия мүшелері Академия тарапынан кемінде 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тармақ 62
62. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) емтихан материалдарының (емтихан тест сұрақтары, кейстер, эссе, тізімдеме және т.б.) құпиялылық режимін және ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, басқа да дүлей зілзалалар) Комиссия жұмысын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 63
63. Комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасынан жұмысты ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар алады;
Тармақша 2
2) құпиялылықты және ақпараттық қауіпсіздіктің белгіленген тәртібін сақтайды.
Тармақ 64
64. Комиссияның төрағасы мен мүшелері өздеріне жүктелген функцияларды этикалық және моральдық нормаларды сақтай отырып, жоғары кәсіби деңгейде орындайды.
Тармақ 65
65. Комиссия бөгде адамдардың кіруін шектеуге және ақпараттық қауіпсіздік режимінің және құжаттаманы сақтаудың тиісті шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, оның жұмысы үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жұмыс атқарады.
Тармақ 66
66. Комиссияның іс қағаздарын шешім қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайтын хатшы жүргізеді.
Тармақ 67
67. Комиссия төрағасы мен мүшелері өздерінің ерлі-зайыптыларына, жақын туыстарына немесе жекжаттарына қатысты мәселелерді қарау кезінде отырысқа қатыспайды.
Тармақ 68
68. Отырыстар, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шешімдер қатысушылардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 69
69. Комиссия отырысында қабылданған шешімдер Комиссия отырысы аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төрағалық етуші қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 70
70. Комиссия отырысының хаттамасында қатысқан адамдар, талқыланатын мәселелердің атауы және мәні, қабылданған шешімдер және (немесе) ұсынымдар көрсетіледі. Комиссияның шешімі бойынша отырыстың аудио - және/немесе бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 71
71. Біліктілік емтиханының кестесін Академия қорытынды аттестаттау аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жасайды. Форс-мажорлық жағдайлар (эпидемия, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, басқа да дүлей зілзала) туындаған кезде Комиссия уәжді шешім бойынша біліктілік емтиханын өткізудің басқа күнін белгілей алады.
Тармақ 72
72. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі үш кезеңді қамтиды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);
Тармақша 2
2) сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу негізінде емтихан тапсырушының меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру (бұдан әрі – кейс шешу);
Тармақша 3
3) эссе жазу.
Тармақ 73
73. Құқық салаларының тізбесі мен біліктілік емтиханының бағдарламасы Академияның Ғылыми кеңесінің отырысында қазақ және орыс тілдерінде бекітіледі.
Тармақ 74
74. Компьютерлік тесттерді, кейстер мен эссе тақырыптарын әзірлеуді Академия ұйымдастырады.
Тармақ 75
75. Біліктілік емтиханын қабылдау жүзеге асырылатын электрондык жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің және берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 76
76. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін бөгде пайдаланушылардың қол жеткізуіне жол бермейтін автономды желіге біріктірілген компьютерлер пайдаланылады.
Тармақ 77
77. Біліктілік емтиханын қабылдау бөгде адамдардың қол жеткізуінен оқшауланған, емтихан тапсырушылармен қандай да бір өзара ақпарат алмасуға жол бермейтін үй-жайда өткізіледі.
Тармақ 78
78. Біліктілік емтиханын өткізу алдында емтихан тапсырушыларға емтихан тапсыру қағидалары туралы ақпаратпен таныстыруды қамтитын нұсқаулық өткізіледі.
Тармақ 79
79. Емтихан тапсырушы біліктілік емтиханын өзінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.
Тармақ 80
80. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде емтихан тапсырушыға оқу, ғылыми, анықтамалық және өзге де материалдарды пайдалануға, басқа емтихан тапсырушылармен тілдесуге, электрондық не мобильді байланыс құралдарын қолдануға, Комиссия мүшелерінің рұқсатынсыз орын ауыстыруға жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда емтихан тапсырушы аудиториядан бұл туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес акт жасай отырып шығарылады.
Тармақ 81
81. Тестілеу Академия орнатқан компьютерлік бағдарлама бойынша өткізіледі. Жоғарғы Соттың келісімі бойынша тестілеуді өткізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК базасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін.
Тармақ 82
82. Емтихан тапсыратын адамдарды тестілеу біліктілік емтиханына шығарылған, құқық салаларын қамтитын 100 тест тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 83
83. Тестілеуден өтуге 100 минут беріледі, осы мерзім біткен кезде тестілеу автоматты түрде аяқталады.
Тармақ 84
84. Тестілеудің қорытындысы бойынша емтихан тапсырушыға дұрыс жауаптардың санына қарай мынадай балл: 75-тен 89-ға дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 4 деген баға; 90-нан 100-ге дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 5 деген баға қойылады. 4-тен төмен баға алған тұлға емтиханның (тестілеу) бірінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі. Тестілеу қорытындысы бойынша 4 және одан жоғары баға алған тұлға кейсті шешуге жіберіледі.
Тармақ 85
85. Кейс шешуді бастамас бұрын емтихан тапсырушыларға емтихан билеттері бар үш пакет таңдау үшін ұсынылады. Емтихан тапсырушылардың бірі бүкіл ағым үшін бір емтихан билеті бар пакетті таңдайды және ашады.
Тармақ 86
86. Емтихан билеті сот ісін жүргізудің төрт нысаны бойынша тапсырмаларды қамтитын: азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы аралас кейстен тұрады. Сот ісін жүргізудің әрбір нысаны бойынша екі сұрақ көзделеді: материалдық және процестік құқық бойынша. Кейсті шешу компьютерде орындалады. Кейсті шешуге емтихан тапсырушыларға 2 сағат беріледі.
Тармақ 87
87. Емтихан тапсырушылардың жауаптары қойылған сұрақ бойынша өз ұстанымдарын егжей-тегжейлі және нақты баяндай отырып, негізделген болуы тиіс. Қойылған сұрақ бойынша емтихан тапсырушының тек қана өз пікірін білдіріп қысқа жауап беруіне және шешімде кейс мәтінін қайталауына жол берілмейді.
Тармақ 88
88. Кейс шешімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.
Тармақ 89
89. Кейсті шешу аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес емтихан бланкі басып шығарылады және Комиссия хатшысы оны емтихан тапсырушыға танысу үшін ұсынады. Емтихан тапсырушы емтихан бланкінің жыртып алынатын бөлігіне қол қояды, оны Комиссия хатшысы Академияның вице-ректорына тапсырады. Академияның вице-ректоры кейс шешімдерін шифрлауды жүргізеді.
Тармақ 90
90. Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жеке тізімдеме толтырады, онда кейстегі сот ісін жүргізудің әрбір нысаны бойынша сұрақтарға жауаптар 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Содан кейін Комиссияның әр мүшесі тұтастай кейс шешуді арифметикалық орташа шаманы шығару арқылы бағалайды.
Тармақ 91
91. Комиссияның әрбір мүшесі қол қойған жеке тізімдемелер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қорытынды бағалары бар кейстің шешімі бойынша жалпы тізімдемені құрастыру үшін Комиссия хатшысына тапсырылады.
Тармақ 92
92. Емтихан тапсырушының кейсті шешу бойынша қорытынды бағасы Комиссияның әрбір мүшесінің бағаларынан орташа арифметикалық шама ретінде шығарылады.
Тармақ 93
93. Жалпы тізімдеме шифрсыздандыру үшін Академияның вице-ректорына беріледі. Академияның вице-ректоры жалпы тізімдемені шифрсыздандыруды жүргізеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес емтихан тапсырушының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, кейс шешу бойынша жалпы тізімдемені қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін Комиссия төрағасына береді. Кейс шешу бойынша шифрсыздандырылған жалпы тізімдемеге Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 94
94. Кейсті шешудің қорытындысы бойынша емтихан тапсырушыға алынған қорытынды бағаға байланысты мынадай балл: 80-нен 89-ға дейінгі балл – 4 деген баға; 90-нан 100-ге дейінгі балл – 5 деген баға қойылады. 4-тен төмен баға алған тұлға емтиханның (кейсті шешу) екінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі. Кейс шешудің қорытындысы бойынша 4 және одан жоғары баға алған тұлға эссе жазуға жіберіледі.
Тармақ 95
95. Эссе өзекті құқықтық тақырыптардың бірі бойынша жазылады.
Тармақ 96
96. Эссе жазуды бастамас бұрын емтихан тапсырушыларға эссе тақырыптары бар үш пакет ұсынылады. Емтихан тапсырушылардың бірі бүкіл ағым үшін эссе тақырыбы бар пакетті таңдайды және ашады.
Тармақ 97
97. Эссе мәтіні компьютерде теріледі. Эссенің ең үлкен көлемі – 500 сөз. Эссе жазуға емтихан тапсырушыға 2 сағаттан аспайтын уақыт беріледі.
Тармақ 98
98. Эссе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.
Тармақ 99
99. Эссе жазу аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес емтихан бланкі басып шығарылады және Комиссия хатшысы оны емтихан тапсырушыға танысу үшін ұсынады. Емтихан тапсырушы емтихан бланкінің жыртып алынатын бөлігіне қол қояды, оны Комиссия хатшысы Академияның вице-ректорына тапсырады. Академияның вице-ректоры жазбаша жұмыстарды шифрлауды жүргізеді.
Тармақ 100
100. Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жеке тізімдеме толтырады, онда эссе 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Тармақ 101
101. Комиссияның әрбір мүшесі қол қойған жеке тізімдемелер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес эссе бойынша қорытынды бағалары бар жалпы тізімдемені құрастыру үшін Комиссия хатшысына тапсырылады.
Тармақ 102
102. Емтихан тапсырушының эссе бойынша қорытынды бағасы Комиссияның әрбір мүшесінің бағаларынан орташа арифметикалық шама ретінде шығарылады.
Тармақ 103
103. Жалпы тізімдеме шифрсыздандыру үшін Академияның вице-ректорына беріледі. Академияның вице-ректоры жалпы тізімдемені шифрсыздандыруды жүргізеді және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес емтихан тапсырушының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, эссе жазу бойынша жалпы тізімдемені қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін Комиссия төрағасына береді. Эссе жазу бойынша шифрсыздандырылған жалпы тізімдемеге Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 104
104. Эссе жазудың қорытындысы бойынша емтихан тапсырушы алынған қорытынды бағаға байланысты мынадай балл санын алады: 80-нен 89-ға дейінгі балл үшін – 4 деген баға; 90-нан 100-ге дейінгі балл – 5 деген баға қойылады. 4-тен төмен баға алған тұлға емтиханның (эссе жазу) үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі. Үш кезеңнің әрқайсысында 4 немесе 5 деген баға алған тұлға біліктілік емтиханын сәтті тапсырған болып саналады.
Тармақ 105
105. Біліктілік емтиханының әрбір кезеңінің нәтижелері емтихан тапсырушыға хабарланады.
Тармақ 106
106. Біліктілік емтиханының тиісті кезеңінің нәтижесімен келіспеген тұлға (бұдан әрі – апеллянт) оның нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін апелляциялық өтініш беруге құқылы.
Тармақ 107
107. Апелляциялық арыздар оларды беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бір күннің ішінде қаралады.
Тармақ 108
108. Апелляцияны өткізу үшін Академия ректорының бұйрығымен тиісті біліктілігі бар ПОҚ қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
Тармақ 109
109. Апелляциялық комиссия мынадай негіздемелермен уәжделген апелляциялық өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қабылдайды және қарайды:
Тармақша 1
1) біліктілік емтиханын өткізу рәсімін бұзу;
Тармақша 2
2) тест тапсырмасын, кейс шарттарын және оның сұрақтарын немесе эссе тақырыптарын дұрыс тұжырымдамау.
Тармақ 110
110. Апелляциялық комиссияның хаттамасын дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ хатшы жүргізеді.
Тармақ 111
111. Апелляциялық комиссия әрбір апеллянтпен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Арыз апеллянттың қатысуымен ғана қаралады. Апеллянт апелляциялық комиссия отырысына келмеген жағдайда арыз қаралмайды.
Тармақ 112
112. Арызды қарау қорытындылары бойынша апелляциялық комиссия оны қанағаттандыру және қойылған бағаны өзгерту қажеттігі туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту және біліктілік емтиханы кезеңінің нәтижесін күшінде қалдыру туралы шешім шығарады. Бұрын қойылған емтихан бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Тармақ 113
113. Апелляциялық комиссияның шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 114
114. Апелляциялық комиссияның шешімі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға, оның барлық мүшелері қол қояды және апеллянтқа хабарланады.
Тармақ 115
115. Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Тармақ 116
116. Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған адамға емтихан тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде нәтижелері туралы анықтама беріледі.
Тармақ 117
117. Академияда біліктілік емтиханын сәтті тапсыру нәтижесі төрт жыл бойы жарамды болады.
Тармақ 118
118. Біліктілік емтиханының нәтижелері кемінде төрт жыл мерзімге сақтау үшін Академия мұрағатына беріледі.
Тармақ 119
119. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған тұлға Академияда оны қайта тапсыруға жіберілмейді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 1-қосымша Аудитория №___________ Мекенжай: ________________________________________________________ Біліктілік емтиханының кезеңі ________________________________________ Шығарып жіберудің күні мен уақыты: 20__ ж. «_____»____________, ____ сағат ____ минут Біз, төменде қол қоюшылар, Біліктілік комиссиясының мүшесі __________________________________________________________________ тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) Біліктілік комиссиясының хатшысы __________________________________________________________________ тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) Бағдарламашы __________________________________________________________________ тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) Емтихан тапсырушы ________________________________________________ тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) __________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат (болған жағдайда) біліктілік емтиханының _________________ кезеңін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметі қағидаларының талаптарын бұза отырып __________________________________________________________________ (бұзушылықты көрсету) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ туралы осы актіні жасады. Шығарып жіберу туралы актімен таныстым: __________________________________________________________________ біліктілік емтиханын өткізу тәртібін бұзған тұлғаның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) 20__ ж. «_______»______________ _________________________ (қолы) Шығарып жіберу туралы актімен танысудан бас тарту __________________________________________________________________ (себебін көрсету) __________________________________________________________________ Шығарып жіберу туралы актіні жасаған тұлғалардың қолдары: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ шығарып жіберу туралы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда)
Басқа 2. Кейсті шешу жауабын бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 2-қосымша Кейсті шешу жауабын бағалау өлшемшарттары № Өлшемшарттар Балдар 1 Мазмұндық сәйкестігі – кейс шешімінің емтихан билетінде қойылған сұрақтарға сәйкестігі және жауаптың толықтығы. 20 2 Ұғымдық-терминологиялық негізділік – кейсті шешу кезінде заң терминдері мен ұғымдарды пайдалану, оларды дұрыс түсіндіру және қолдану, тұрмыстық терминологияны пайдалануға жол бермеу. 20 3 Логикалық – кейс шешімін дәйекті, қайшылықсыз нақты құрылымдап мазмұндау. 20 4 Дәлелділік – кейс шешімінің құқықтық және іс жүзіндегі негіздемесін бере білу, кейс шешімінің баламалы нұсқаларын ұсына білу. 20 5 Жүйелілік – кейсті шешудің құрылымдылығы, оның жекелеген элементтерінің өзара байланысы. 20 Жиыны 100
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 3-қосымша Күні / дата __________________________ қолы/подпись ---------------------------------------------------------------------------------------------------- «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» РММ РГУ «Академия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Емтихан бланкі/Экзменационный бланк ____________________________________________________________________ Кейс №___ Азаматтық сот ісін жүргізу /Гражданское судопроизводство 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: Әкімшілік сот ісін жүргізу /Административное судопроизводство 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: Қылмыстық сот ісін жүргізу /Уголовное судопроизводство 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот ісін жүргізу / Судопроизводство по делам об административных правонарушениях 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 1-ші сұраққа жауап/ответ на 1 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: 2-ші сұраққа жауап/ответ на 2 вопрос: _______________________________________________________________________ Күні / дата
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 4-қосымша Ағым/поток №_____ «___»_____________20___ж/г. № Шифр Аз­мат­тық сот іс­ін жүр­гі­зу / Граж­дан­ское су­до­про­из­вод­ство Қыл­мыстық сот іс­ін жүр­гі­зу / Уго­лов­ное су­до­про­из­вод­ство Әкім­ші­лік сот іс­ін жүр­гі­зу \ Ад­ми­ни­стра­тив­ное су­до­про­из­вод­ство Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер бой­ын­ша сот іс­ін жүр­гі­зу / Су­до­про­из­вод­ство по де­лам об ад­ми­ни­стра­тив­ных пра­во­на­ру­ше­ни­ях Қо­ры­тын­ды ба­ға (бал­да­ры) /Ито­го­вая оцен­ка (бал­лы) 1 2 3 ____________________________________ комиссия мүшесінің аты-жөні (бар болған жағдайда), қолы / Ф.И.О. (при его наличии) члена комиссии, подпись
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 5-қосымша __ ағым/поток "____" ___________ 20___ ж/г. № Шифр Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің ба­ға­сы / Оцен­ка чле­нов ко­мис­сии Қо­ры­тын­ды ба­ға (бал­да­ры) Ито­го­вая оцен­ка (бал­лы) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) 1 2 3 Комиссия мүшесі / Члены комиссии: __________________ -------------------- -------------------- -------------------- -------------------- Комиссия хатшысы /Секретарь комиссии __________________
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 6-қосымша __ ағым/поток "____" ___________ 20___ ж/г. № Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) ФИО эк­за­ме­ну­е­мо­го (при его на­ли­чии) Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің ба­ға­сы /Оцен­ка чле­нов ко­мис­сии Қо­ры­тын­ды ба­ға (бал­да­ры) Ито­го­вая оцен­ка (бал­лы) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) 1 2 3 Комиссия мүшесі / Члены комиссии: ___________________ -------------------- -------------------- -------------------- -------------------- Комиссия хатшысы /Секретарь комиссии ___________________
Басқа 7. Эссені бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 7-қосымша Эссені бағалау өлшемшарттары № Өлшемшарттар Балдар 1 Берілген тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды анықтай және талдай білу, сыни және креативті ойлау қабілеті 20 2 Өз көзқарасын дәлелдей және растай білу, қорытындылардың негізділігі 20 3 Практикалық проблемаларды және оларды шешу жолдарын анықтау 20 4 Мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу, құқықтық сауаттылық, заңнамаға сілтеме жасау 20 5 Грамматика, лексика және жазбаша сөйлеу мәдениеті 20 Жиыны 100
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 8-қосымша Күні / дата __________________________ қолы / подпись ---------------------------------------------------------------------------------------------------- «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» РММ РГУ «Академия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Емтихан бланкі /Экзаменационный бланк ______________________________________________________________ Эссенің тақырыбы / Тема эссе ______________________________________________________________ Күні / дата
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 9-қосымша __ ағым/поток "____" ___________ 20___ ж/г. № Шифр Қорытынды баға (балдары) /Итоговая оценка (баллы) 1 2 3 _____________________________________________ комиссия мүшесінің аты-жөні (бар болған жағдайда), қолы / Ф.И..О. (при его наличии) члена комиссии, подпись
Басқа 10
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 10-қосымша __ ағым/поток "____" ___________ 20___ ж/г. № Шифр Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің ба­ға­сы /Оцен­ка чле­нов ко­мис­сии Қо­ры­тын­ды ба­ға (бал­да­ры) Ито­го­вая оцен­ка (бал­лы) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) 1 2 3 Комиссия мүшелері / Члены комиссии: ____________________ -------------------- -------------------- -------------------- -------------------- Комиссия хатшысы /Секретарь комиссии ____________________
Басқа 11
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 11-қосымша __ ағым/поток "____" ___________ 20___ ж/г. № Ем­ти­хан тап­сы­ру­шы­ның аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) ФИО эк­за­ме­ну­е­мо­го (при его на­ли­чии) Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің ба­ға­сы /Оцен­ка чле­нов ко­мис­сии Қо­ры­тын­ды ба­ға (бал­да­ры) Ито­го­вая оцен­ка (бал­лы) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) / ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) Аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да) /ФИО (при его на­ли­чии) 1 2 3 Комиссия мүшелері/ Члены комиссии: ___________________ -------------------- -------------------- -------------------- -------------------- Комиссия хатшысы /Секретарь комиссии ___________________
Басқа 12
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларына 12-қосымша Нұр-Сұлтан қаласы 20_ жылғы «___» _________ Апелляциялық комиссияның құрамы: төраға _________________________, мүшелері _____________________________________, емтихан тапсырушы ______________________________, шақырылғандар ___________________ қатысуымен біліктілік емтиханы кезеңінің нәтижелері бойынша емтихан тапсырушы ______________________________________________ тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) апелляциясын қарады. Шешті: _________________________________________________________ ________________________________________________________________ Комиссия төрағасы __________________ Комиссия мүшелері __________________ __________________ Комиссия хатшысы __________________ Апелляциялық комиссияның шешімімен таныстым: _______________ ____________________________________ қолы тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) 20 __ ж. «___» _______________