О создании областной Бюджетной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Бюджеттік комиссия құру туралы «Бюджет жүйесі туралы» (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген мынадай толықтырулары мен өзгерістер) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 6-4 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс бюджетін жыл сайын әзірлеу, бекітілген облыстық бюджетке оның атқарылуы барысында және бюджеттік бағдарламалар паспорттарына нақтылаулар енгізу мақсаттарында облыстық Бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық Бюджеттік комиссия туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық Бюджеттік комиссия құру туралы» облыс әкімдігінің 2002 жылғы 20 наурыздағы № 50 қаулысы жойылсын.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің «Облыстық Бюджеттік комиссия күру туралы» 2003ж. «2» қаулысымен бекітілді Облыстық Бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұракты негізде әрекет ететін облыстык Бюджеттік комиссияның (одан әрі - Комиссия) қызметін реттейді
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің кұкықтық негізін Қазакстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты облыс бюджетінің жобасын және тиісті қаржы жылына облыстық бюджеттің өзін әзірлеуді және облыстық бюджетті нақтылау мен орындау жөніндегі ұсыныстарды пысықтауды уақтылы және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері: облыс бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштерін және облыстық бюджеттің облыстың үш жылдық кезеңін әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңіне индикативтік жоспары негізінде қарастыру және айқындау; тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджеті жобасының көрсеткіштері мен облыстық бюджетті қарастыру және айқындау; облыс бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштерінің және облыстық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңіне облыстық бюджет жобасының тиісті қаржы жылына, аумақты экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларының, облыста әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспарының кезеңге сәйкестігін айқындау; алдағы үш жылдық кезеңде облыстық бюджеттің негізгі болжамдық көрсеткіштеріне облыстық бюджет лимиттерін қосып, соның ішінде ағымдағы жылы іске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша қарастыру және айқындау; тиісті қаржы жылына облыстық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау; облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында мониторингтер нәтижелерін қарастыру және олар бойынша ұсыныстарды жасау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1)Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарастырады және: облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңіне болжамдык көрсеткіштерін; облыстық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңіне болжамдық көрсеткіштерін; облыстық бюджетке түсетін түсімдерді; төмен түрған бюджеттерге облыстық бюджеттен берілетін субвенцияларды; облыстық бюджеттің облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кимасындағы шығыстар лимитін, соның ішінде ағымдағы жылы іске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша айкындайды;
Тармақша 2
2)Облыстық уәкілетті органмен және аудандар мен Петропавл каласы жергілікті атқарушы органдары арасындағы жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері бойынша келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі шешімді қарастырады және шығарады;
Тармақша 3
3)Комиссия жұмысшы органының облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстары бойынша тұжырымдарын қарастырады және олар бойынша шешім шығарады;
Тармақша 4
4)алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын қарастырады және айқындайды;
Тармақша 5
5)тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау; бюджеттік бағдарламалар паспорттарын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары туралы қаржы департаменті ақпаратының негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды карастырады және шығарады;
Тармақша 6
6)Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқығы
4. Комиссияның құқығы
Тармақ 6
6. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1)облыстық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара әрекет жасау, сондай-ақ Комиссия міндеттерін іске асыру үшін жұмысқа мамандар мен сарапшыларды жұмылдыруға;
Тармақша 2
2)өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау және ұсьныстар енгізуге;
Тармақша 3
3)белгіленген заңды тәртіппен Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4)Комиссия мәжілісіне бірінші басшыларды шақыруға және олар қатыспаған жағдайда, Комиссия міндеттерін іске асырумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшыларының міндетін атқарушы тұлғаларды тыңдауға қүқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия Органдары:
Тармақша 1
1)Комиссияның жұмысшы органы
Тармақша 2
2)Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3)Комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 4
4)Комиссияның хатшысы.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жүмысын жоспарлайды, онын шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша үсыныстарды, қажетті қүжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілген соң хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 11
11. Жүмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Облыс бюджетінің жобасын әзірлеу кезеңінде Комиссия жұмысының жоспар-кестесі облыс әкімдігі бекіткен жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу Ережесімен айқындалған мерзімге сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері мәжіліске қатысу негізінде өз өкілеттігін басқа тұлғаларға беруге құқы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ак Комиссия мүшелерінен сұрақ-жауап алу жолымен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, он қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдауда тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілісінің күн тәртібі мәселелерін қарастыру қорытындылары әр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетілген тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындалған жағдайда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелері бұрыштама соғады. Комиссия қабылдаған шешім төраға мен хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері шешіммен келіспеген жағдайда мәжіліс хаттамасына қоса өзіндік ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға қүқы бар.
Тармақ 15
15. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетідген мерзімде орындауға жатады.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органының функциялары облыстық қаржы департаментіне жүктеледі.
Тармақ 17
17. Жұмысшы органның функциялары Комиссия айқындаған мәжілістің мерзімдері мен күн тәртібіне сәйкес материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, сондай-ақ нормативтік қүқықтық актілер мен осы Ережеден туындайтын өзге де функциялар болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 18
18. Комиссия қызметінің тоқтатылуы туралы облыс әкімінің қаулысының қабылдануы Комиссия қызметінің тоқтатылуына негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18 тармағында көрсетілген Комиссия қызметінің тоқтатылуына қатысты жағдайлар туындаса, әкімге жасалған жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.