О мерах по улучшению охраны жизни людей на водоемах области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың суаттарында адамдардың өмірін қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты "Оңтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің облыстың суаттарында адамдармен суда болатын бақытсыз жағдайлардың алдын алу жөнінен айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтеді. Соған қарамастан, судағы адам өлімі азаятын емес. Әсіресе, төмендегі аудандардың суаттарында адам өмірін қорғау жұмыстары нашар жағдайда: Сарыағаш ауданында 22 адам, Мақтарал ауданында 14 адам, Сайрам ауданында 9 адам, Арыс қаласы мен қазығұрт ауданында 8 адамнан, Шымкент қаласында 19 адам, Кентау қаласында 8 адам суға батып кеткен. Көптеген аудандарда шомылу орындары белгіленбеген, қажетті түрде жабдықталмаған. Шомылу орындарында ведомстволық және қоғамдық құтқару бекеттері қойылмаған, ішкі істер органдары өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылмаған. Кейбір аудандар мен қалалардың әкімдері суда құтқару қызметінің суаттарда адам өмірін қорғау жұмыстарына тиісті ықпал етіп жәрдем көрсетпейді. Облыстық білім, туризм және спорт департаменттері мен "Оңтүстік Қазақстан суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесі тұрғындарды, әсіресе, балаларды суда жүзуге үйрету мәселесімен әлі де толық айналыспауда. Аталған кемшіліктерді жою және облыстың суаттарында адам өмірін қорғауды әрі қарай жақсарту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдеріне:
Тармақша 1
1) бір ай мерзімі ішінде, бұдан әрі жыл сайын суаттарда адам өмірін қорғау бойынша істің жағдайын қарауға және бақытсыз жағдайларды болдырмау және кемшіліктерді жою жөнінен қатаң шаралар қабылдауға;
Тармақша 2
2) суаттары бар және барлық елді мекендерде арнайы көпшілік демалыс орындарын орнатуға (жағажайлар, шомылу орындары, су стансалары, ежіре бекеттері және т.б.),олардың жабдықталуын және құтқару бекеттерінде қажетті жүзу құралдары мен заңда белгіленген тәртіппен құтқару керек жарақтарымен қамтамасыз етуге ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелі хабарлар, әңгімелер өткізуді, сондай-ақ халық арасында судағы қауіпсіздік шараларын насихаттау жөніндегі жарнамаларды шығаруды және таратуды ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) жыл сайын 1 маусымнан 1 қазан аралығында судағы қауіпсіздік бойынша конкурс өткізуге міндеттелінсін.
Тармақ 2
2. Жағажайларды, шомылу орындарын, жүзу бассейндерін, су спорты станцияларын пайдалану, ұстау және жабдықтау ережелері бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Балалар лагерьлері мен балабақшалардағы балалардың судағы қауіпсіздік ережелері бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. "Оңтүстік Қазақстан суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге өздеріне бекітілген суаттарында ведомстволық құтқару бекеттерін құруға және құтқарушыларды оқытуда көмек көрсетсін;
Тармақша 2
2) судағы адам өмірін қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын бақылауды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім департаменті:
Тармақша 1
1) жоспардағы дене шынықтыру сабақтары есебінен оқушыларды суда жүзуге үйрету сабақтарын өткізсін;
Тармақша 2
2) оқушылар арасында судағы өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру жұмыстарын өткізсін, бұрыштарды, көрмелерді, стендтерді жабдықтасын;
Тармақша 3
3) судағы қауіпсіздік тақырыбында оқушылармен диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар, әңгімелер өткізуді қолдансын;
Тармақша 4
4) барлық мектептерге, училищелерге, мектеп жанындағы лагерьлерге судағы қауіпсіздік бойынша жарнамалар, нұсқаулықтар және басқа да әдебиеттер жолдасын.
Тармақ 6
6. Облыстық "Оңтүстік Қазақстан" және "Южный Казахстан" газеттерінің редакцияларына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және судағы бақытсыз жағдайлардың алдын алу жөніндегі материалдарды жүйелі түрде жариялау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Ә. Әбішевке жүктелсін.
Басқа 18
Облыстың суаттарында адамдардың өмірін қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 9 маусымдағы N 273 қаулысына N 1 қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы жағажайларды, шомылу орындарын, жүзу бассейндерін, су спорты станцияларын пайдалану, ұстау және жабдықтау ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Су жолдары мен бассейндерді, су спорты құрылыстарын, кемежайлар мен айлақтарды, қайықтарды жалға беру станцияларын, жағажайлар мен шомылу орындарын, өзен өткелдерін өз қызметінде пайдаланушы барлық ұйымдар,«"Оңтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің белгілеген ережесіне сәйкес, оларды өз күштері мен қаражатына жабдықталған құтқару бекеттерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 2
2. Көпшілік адамдардың демалыс күндері қарсаңында және демалыс күндері, саяхаттар, жарыстар, судағы мерекелер мен шағын қайықтарда серуендеу, суаттарға шығу кезінде кәсіпорындар мен ұйым басшылары суда және су маңында демалушылардың қауіпсіздігіне жауапты адамдарды бекітіп, судағы адам өмірін қорғауды ұйымдастыру үшін қоғамдық құтқару бекеттері мен арнайы құтқару құралдарын жабдықтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Тыйым салынған орындарда, жағалауларда, айлақтарда, көпірлер мен қайықтарға жақын маңдағы жерлерде шомылуға, сондай-ақ өзендер мен суаттарды жүзіп өтуге - ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Мұндай жерлерде міндетті түрде "ШОМЫЛУЄА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ", - деген жазуы бар тақталар орнатылады.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, фермерлік шаруашылықтардың және шаруа қожалықтарының басшылары бөгендерді қазу, мұздарды ою, қазан шұңқырлардан топырақ алу жұмыстарын жүргізу кезінде ол аумақтарды қоршауға алып, жұмыс аяқталысымен суаттардың түбін тегістеуге міндетті.
Тармақ 5
5. "Оңтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) ведомстволық құтқару бекеттерінің дайындығы мен жабдықталу жағдайын тексеруге;
Тармақша 2
2) жүзуге арналмаған кейбір құралдармен жүзуге тыйым салуға (тақтайлар, ағаш бөренелер, автокөлік камералары және т.б.).
Тарау 2. 2. Жағажайларды жабдықтау, ұстау және пайдалану
2. Жағажайларды жабдықтау, ұстау және пайдалану
Тармақ 1
1. Жағажайлар мен көпшілік шомылу орындары елді мекен салу бас жоспарына сәйкес жабдықталады. Жағажайлар мен су жағасындағы көпшіліктің демалуы үшін бөлінген орындар төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
Тармақша 1
1) шомылу орындарының жағасы және оның айналасының тазалығы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сай болуы тиіс;
Тармақша 2
2) суаттың түбі тығыз, жағалаудан 15 метрлік жерде бірте-бірте ылди болуы және балдырлардан, су өсімдіктерінен, бұтақтардан, тастардан, шыны қалдықтарынан, банкалардан тазартылуы қажет. Суы мөлдір өзендерде шомылу орны 1 адамға 5м2 есебімен, ал лайқа сулы суаттарда 2-3 есе көп болуы керек. Су қоймасының шомылуға арналған бөлігінде температурасы төмен жер асты сулары шықпауы, ағыс жылдамдығы секундына 0,5 метрден аспауы және су иірімдері болмауы керек. Жағажай аумағы жаңбыр сулары түспейтіндей етіп жоспарлануы, жағажайға түсеберіс жайпақ болуы қажет.
Тармақ 2
2. Жыл сайын, шомылу маусымының алдында суаттардың түбі міндетті түрде тексеріледі және тазартылады. Жағажайлар мен суаттар бекітілген кәсіпорындар (ұйымдар), фермерлік және шаруа қожалықтары, ЖШС, ААҚ, жеке кәсіпкерлер, су түбін тексеруге және тазалауға міндетті. Тексеру актісінің қорытындысы бүкіл шомылу маусымында жағажай әкімшісінде сақталады.
Тармақ 3
3. Шомылу орындарында 1,2-1,3 м тереңдікте су-өлшеуіш шыбықтар орнатылады. Жүзу шекарасы бір-бірінен 25-30 м қашықтықта орналасқан сарғылт түсті буйкалармен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жағажай акваториясы қоршауларының бойында шомылу ережелерін бақылау және апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшін құтқару қайықтарында құтқарушы-жасақшылар үздіксіз күзетуі қажет. Жағажай акваториялары қоршалған жерлер шомылу ережелерінің сақталуы мен зардап шегушілерге көмек көрсетілуін бақылау мақсатында құтқарушы-жасақшылар құтқару қайықтарында үздіксіз күзет етуі қажет.
Тармақ 5
5. Жағажай жағалауында әр 25 м аралықта және судан 5 метрден аспайтын қашықтықта құтқару шеңберлері мен "Александров" арқандары ілінген сауыттар орнатылады. Шеңберлердің (ақ бөлігінде) "Батушыға таста" деген жазу және (қызыл бөлігінде) жағажай аты болуы тиіс. 6. Жағажайлар мен демалыс орындарында киім ауыстыратын кабиналар, жатын орындар, орындықтар, су ішетін фонтандар, бағалы заттар мен сырт киімдерді сақтайтын гардеробтар болуы керек. Көлеңкелі тенттер, шатырлар мен шезлонгтар жеткілікті болуы қажет. Жағажайдан тысқары жерде 20-25 м қашықтықта, біреуі 75 жағажай келушілеріне арналған есеппен, орналасу орындары көрсетілген әжетханалар соғылуы қажет.
Тармақ 7
7. Барлық жағажайларда және шомылу орындарында жүзе алмайтындарға арналған 1,2 м тереңдікте акватория аумақтары жабдықталуы қажет. Бұл жерлер тростарға бекітілген қалтқы сызықтары мен шарбақтар арқылы белгіленеді.
Тармақ 8
8. Жағажайларда балалардың шомылуы мен оларды жүзуге үйретуге арналған жағалаудан 25 м қашықтықта және одан 10 м тереңдікте 0,7 метрге дейін біртіндеп ылдиға кететін арнайы балалар жағажайы мен балаларды жүзуге үйретуге арналған 8х4 өлшемдегі "Лягушатниктер" жабдықталуы қажет, олардың аумағы торлар мен шарбақтар арқылы қоршалады.
Тармақ 9
9. Жағажайларда спорт алаңдары соғылуы және қажетті спорт керек-жарақтарын беру ұйымдастырылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Жағажайлар мен су жағасындағы демалыс орындарында радиоқұрылғылар және байланыс телефондары болуы қажет. Сондай-ақ қалалық көлік, жедел жәрдем, ішкі істер органдары, гидрометеоқызмет қызмет көрсетуі тиіс.
Тармақ 11
11. Су жағасындағы көпшілік демалыс орындары мен жағажайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін үй-жайлар жабдықталып, медицина қызметкері тұрақты кезекшілік етеді.
Тармақ 12
12. Су қоймалары мен жағажайлар бекітілген ұйымдар, мекемелер қайғылы жағдайлардың алдын-алу мен зардап шегушілерге алғашқы жәрдем көрсету үшін өз есебінен ведомстволық құтқару бекеттерін қояды және құтқарушылардың тұрақты кезекшілігін ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. Жағажайлар мен су жағасындағы көпшілік демалыс орындарында алкагольсіз ішімдіктер, салқындататын сусындар, балмұздақтар, бутербродтар және спорттық керек-жарақтар сататын дүкеншелер мен ақшатырлар ұйымдастырылуы тиіс. Жағажайлар мен шомылатын орындарда спирттік ішімдіктерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Әрбір көпшілік шомылу орындарында және жағажайларда судағы қайғылы оқиғалардың алдын-алу жөніндегі тақталар; осы ережелерден үзінді; жағажайдың жұмыс тәртібі; дәрігерлік кеңестер; ауа мен судың температурасының көрсеткіштері; қауіпті жерлер мен аса терең аймақтар көрсетілген жағажай аумағы мен акваториясының схемалық бейнесі; ішкі істер органдарының; жедел жәрдем қызметі және жақын маңдағы құтқару бекеттерінің мекен-жайы, телефон нөмірлері; жағажайды ұстаушы ұйымның аты, мекен-жайы, телефон нөмірі жазылған қалқандар; "Құтқару тәсілдері", "Жүзуді үйренеміз" деген жазулары бар плакаттар көзге түсетін жерлерде ілініп тұруы тиіс.
Тармақ 15
15. Жағажайларда, шомылатын орындарда құтқару бекетінің вахта және емханалық журналдары, арыздар мен ұсыныстар кітабы жүргізілуі керек.
Тармақ 16
16. Жағажайлар мен көпшілік шомылатын орындар толық тазалықта ұсталуы тиіс. Киім ауыстыратын орындарда, су жағалауларында темекі, қағаз және өзге де қоқысты тастау үшін жеткілікті мөлшерде қоқыс салатын жәшіктер қойылуы қажет. Жағажай (шомылатын орын) жұмысы аяқталысымен күн сайын жағалаулар мен киім ауыстыру орындары қоқыстардан тазартылып, құмның беткі қабаты тегістелуі керек. Ауық-ауық таза құмдар қосылып тұруы қажет.
Тармақ 17
17. Барлық жағажайларда (шомылатын орындарда) жұмыс уақытында ежіре бекеттері мен буфеттердің, палаткалардың жұмысы мен тәртібін бақылайтын әкімші немесе кезекші болуы тиіс.
Тармақ 18
18. Жағажайлар мен шомылу орындарының әкімшісі мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) жағажайларды аталған ережелер талаптарына сай жабдықтауға; 2) жағажай аумағын жинастыруға және тиісті тәртіпте ұстауға; 3) киім ауыстыратын орындар мен әжетханаларды дер кезінде жинастырып, қоқыстарды алып тастауға және міндетті түрде хлоркалауға.
Тармақ 19
19. Жағажайлар мен судағы көпшілік демалыс орындарынд а мыналарға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Тармақша 1
1) шомылуға қажетті заттарсыз шомылуға;
Тармақша 2
2) шомылуға рұқсат етілмеген аймақтар мен қоршаулардан жүзіп өтуге;
Тармақша 3
3) ескерту белгілері мен маторлы, ескекті және желкенді қайықтарға жақын жерлерде жүзуге;
Тармақша 4
4) суға қайықтардан және су велосипедтерінен секіруге;
Тармақша 5
5) суда автомашина камераларын, бөренелер мен тақтайларды пайдалануға;
Тармақша 6
6) шомылатын орындар мен кеме тұрақтарына су велосипедімен, қайықтармен жүзіп келуге;
Тармақша 7
7) тері ауруымен ауыратын адамдардың шомылуына;
Тармақша 8
8) спирттік ішімдіктер ішуге;
Тармақша 9
9) суға және жағалауларға шөлмектер мен қаңылтыр ыдыстарды тастауға;
Тармақша 10
10) суаттар мен өзендерді толық жүзіп өтуге;
Тармақша 11
11) суда бұзақылық жасауға;
Тармақша 12
12) жағажайларға иттер мен жануарларды әкеліп, шомылдыруға; 13) жағажай жұмысы аяқталғаннан кейін, сондай-ақ дауыл жөнінде дабыл берілгеннен кейін ол жерде қалуға; Көрсетілген ережелер бұзылған жағдайда айыптылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 20
20. 12 жасқа дейінгі балалар жағажайларда және шомылатын орындарда шомылуға тек ересек адамдармен жіберіледі.
Тарау 3. 3. Су спорты құрылыстарын орнату, ұстау және пайдалану
3. Су спорты құрылыстарын орнату, ұстау және пайдалану
Тармақ 1
1. Әрбір судағы спорт базаларында, бассейндерде алғашқы медициналық жәрдем көрсету және құтқару тәсілдерін жақсы білетін адамдар тұрақты кезекшілік ететін ведомстволық құтқару бекеттері ұйымдастырылған болуы қажет. Судағы спорт базалары, клубтары мен станцияларының құтқару бекеттерінде ережеге сай жинақталған және жабдықталған катерлер, сонымен қатар судағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін радиотрансляциялық қондырғылар болуы қажет. 2. Барлық жағалаулар мен бассейндердің алаңдары қоршалуы қажет. Су жағалауларында әр 25 м аралықта және бассейндердің екі жағынан құтқару шеңберлері мен "Александров" арқандары ілінген сауыттар орнатылады. қайықтар келіп тоқтайтын орындар жақсы жабдықталуы қажет.
Тармақ 3
3. Судағы спорт түрлерімен айналысатын барлық адамдар суға батушыларды құтқару және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін жақсы білуі керек. Суда жүзе алмайтын адамдар судағы спорт жаттығуларына жіберілмейді. Жаттығуларға қатысушылардың судағы қауіпсіздігіне жаттықтырушылар (нұсқаушы, тәрбиеші) жауапты.
Тармақ 4
4. Су спорты құрылыстарында көзге көрінетін жерлерде мыналар ілініп тұруы қажет:
Тармақша 1
1) ішкі тәртіп ережелері және өртке қарсы іс-шаралардың кестесі;
Тармақша 2
2) осы ережелер мен жүзу құралдарын пайдалану ережелері;
Тармақша 3
3) желдің бағыты мен күші, ауа мен судың температурасы көрсетілген арнайы тақталар;
Тармақша 4
4) жақын маңдағы құтқару бекеттерінің, ішкі істер органдарының, жедел жәрдем қызметі, өрт сөндіру командаларының мекен-жайы және байланыс телефондары, сонымен қатар құтқару бекеттерінің вахта журналы.
Басқа 70
Облыстың суаттарында адамдардың өмірін қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 9 маусымдағы N 273 қаулысына N 2 қосымша Балалар лагерлері мен балабақшалардағы балалардың судағы қауіпсіздік ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Балалар лагерлері мен балабақшалардың пайдалануындағы өзен, көл, тоған жағалаулары санитарлық-техникалық талаптарға сай, көріктендірілген, темір торлармен қоршалған, көлеңкелі бастырмалар болуы тиіс. Су жағасынан 3 м қашықтықта "Батушыға лақтыр" - "Бросай утопающему" деген жазуы бар суға батырмайтын дөңгелек пен ұзындығы 25 м "Александров" құтқару арқандары ілінуі қажет.
Тармақ 2
2. Балалардың шомылуы үшін берілген акваторияның түбі ағыссыз, тереңдігі 0,6м дейін тұрақты еңісімен, шұңқырлар мен қауіпті заттарсыз (су астындағы тастар, шыны сынықтары, қадалған ағаш және т.б.) болуы керек. қауіпті жерлер ескерту белгілерімен қоршалуы тиіс. Жүзу шекаралары бір-бірінен 3-5 м қашықтықта орналасқан 0,7 метрге дейінгі тереңдікте қалтқылармен, буйкалармен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Әрбір балалар лагерінде (балабақшада) шлюпкалы құтқарушылар мен құтқару бекеттері болуы қажет. Құтқару бекеттерін ережеге сәйкес жинақталған құрылғылар және аумағында судағы келеңсіз оқиғалардан ескерту жөніндегі материалдармен жабдықталған түрлі-түсті стенді болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Әрбір балалар лагерінде күш қабілеті жақсы дамыған оқушылар арасында құтқарушылар жасақшысы құрылып, олардың саны қр топта 2 құтқарушы-жасақшыдан кем болмауы керек. Олар құтқарушы-жасақшылардың арнайы бағдарламасы бойынша жақсы жүзе білуге, сүңгуге оқытылуы қажет.
Тармақ 5
5. Балалардың көпшілік шомылуын әр топта 10 баладан, міндетті түрде тәрбиешілердің, жүзу нұсқаушысының, топ жетекшілерінің бақылауы және медицина қызметкерінің қатысуымен өткізуге жол беріледі. Жүзе алмайтын балалардың шомылуы, жүзе алатын балалардан жеке жағдайда жүргізілуі қажет. Шомылуды лагерь жетекшісі ұйымдастырады. 6. Әрбір топтың шомылуы кезінде олардың қауіпсіздігіне жауапты және шомылуды ұйымдастыратын, арнайы лагерь қызметкерлерінен құрылған кезекші тағайындалуы қажет. 7. Балалардың шомылуы кезінде лагерь жағажайларының аумағында мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) бөтен адамдардың жүруіне және шомылуына;
Тармақша 2
2) қайықтар мен катерлерде серуендеуге;
Тармақша 3
3) ойындар мен спорттық іс шараларға.
Тармақ 8
8. Балалар шомылар алдында орындар дайындау үшін келесі ұйымдастыру іс шаралары өткізіледі:
Тармақша 1
1) Әр топқа жағалаудан суға дейін 1 м аралықта бір- бірінен 15 м қашықтықта жағалық жалаушалар беріледі;
Тармақша 2
2) жағалық жалаушалар арасынан 0,7 м тереңдікте, жүзу сызығын білдіретін жалаулы крестовиналар қойылады;
Тармақша 3
3) арнайы қалқандарға суға батырмайтын дөңгелек пен "Александров" арқандары ілінеді;
Тармақша 4
4) көлеңкелі шатырлар тартылады;
Тармақша 5
5) құтқарушы құтқару шлюпкасымен бірге жүзу сызығының ішкі жағына шығып, одан 2-3 м жерде тұрады. Осы шаралар аяқталысымен топтар өздерінің учаскелеріне шығады. Шомылып болғаннан кейін судағы қоршауларды алып тастауға болады. Шомылушы балаларға рұқсат етілмеуі керек:
Тармақша 1
1) сүңгуге және жалған апат дабылдарын беруге;
Тармақша 2
2) сүңгумен, аяқ-қолды ұстап қалумен байланысты ойындарға;
Тармақша 3
3) камералар мен тақтайшаларда жүзуге;
Тармақша 4
4) жүзу сызығы белгілерінен ары жүзіп өтуге.
Тармақ 9
9. Жазғы маусымда саяхат және серуенде шомылу үшін осы ереженің 2 тармағындағы талаптарға сай орын таңдалып алынады. Шомылу тек ересек адамдардың бақылауында барлық сақтану шараларын сақтаумен жүргізіледі. Шомылатын орынды тексеруді суда жүзе және сүңги алатын ересек адамдар жүргізеді.
Тармақ 10
10. қайықтары (ескекті, маторлы) бар жерлерде шомылуды тек қана ересек адамдардың жетекшілігімен жүргізу. Маторлы қайықтарды басқаруға тек оны басқаруға құқығы бар адам ғана жіберіледі. МЫНАЛАРЄА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Тармақша 1
1) Әрбір қайыққа белгіленген шамадан артық жүк тиеуге;
Тармақша 2
2) 15 жасқа дейінгі балалардың үлкендердің қарауынсыз серуендеуге;
Тармақша 3
3) 7 жасқа толмаған балаларға серуендеуге;
Тармақша 4
4) қайықтан суға секіріп шомылуға;
Тармақша 5
5) қайықта бір орыннан екінші орынға ауысуға және бір қайықтан екінші қайыққа өтуге. Әрбір қайық ақаусыз толық жұмыс істейтін, әрқайсысында ескектер жиыны мен құтқару жабдықтары болуы тиіс. 11. Балалармен саяхат жүргізу және балалар демалыс лагерлерін ашу кезінде жүйелі түрде сақтану шаралары мен суда өзін-өзі ұстау ережелерін насихаттау жұмыстары жүргізілуі тиіс. 12. Кез-келген жүзу нұсқаушысы, тәрбиеші, топ жетекшісі, медицина қызметкері жақсы жүзе, сүңги алуы және құтқару тәсілдері мен жәбірленушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуі қажет.