О нормах потребления коммунальных услуг по теплу, горячей и холодной воде Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылу, ыстық және суық су беру коммуналдық қызметтерін тұтыну мөлшерлерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Жылуды және суды есептейтін құралдардың көрсеткіштерін талдау қорытындылары олардың облыс бойынша тұрғындарға белгіленген сумен жылуды тұтыну мөлшерлеріне едәуір сәйкес келмейтінің көрсетті. Тұрғындардың су мен жылуды тұтыну мөлшерін белгілеу және қолдану мәселесін реттеу, меншік иелері кооперативтерінің жалпы үй жүйелерінде болатын және анықталмаған шығындарды азайту жөніндегі қызметін ынталандыру мақсатында, сондай-ақ тұтынылатын су мен жылуды құралдар арқылы барлық жерде есепке алу үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мынандай тұтыну мөлшері белгіленсін: шаруашылық су мен ағындар бойынша бір адамға тәулігіне: Павлодар қаласында – 300 литров, Екібастұз қаласында – 250 литр, Ақсу қаласында – 250 литр; 1 шаршы метрді жылытуға жылу құаты бойынша: Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жылыту кезеңінде 0,2 гигакалория; 1 адамға жылына суды жылытуға жылу құаты бойынша: Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында – 2,15 гигакалория.
Тармақ 2
2. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет (Б. Әлібаев) тұрғындар үшін жылу, ыстық және суық суға тарифтерді есептегенде жоғарыда аталған мөлшелерді басшылыққа алатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1997 жылғы қыркүйектің 22-дегі «Облыс әкімінің 1997 жылғы маусымның 30-дағы «Жылу, суық және ыстық су жөніндегі коммуналдық қызметтердің тұтыну мөлшерін бекіту туралы» № 134 шешіміне өзгерту енгізу туралы» № 211 шешімінің күші жойылған болып танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылығы департаменті мен баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетке жүктелсін.