Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Сарани» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Сарани Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қоса берілген «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Д. Кайырбекке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Саран қаласының әкімідігінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 73/02 Қаулымен бекітілген «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) грамотамен марапаттау;
Тармақша 4
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Тармақ 3
3. Нақ сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
Тармақ 5
5. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі бірыңғай комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамы қала әкімінің өкімімен бекітіледі.
Тармақ 6
6. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу Саран қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Саран қаласы әкімінің грамотасымен мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың алдына қойылған аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін Саран қаласы әкімінің алғысы жарияланады.
Тармақ 9
9. Саран қаласы әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеу туралы шешім «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін әкімнің грамотасымен көтермелеуді есепке алуды қала әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке ісіне көтермелеу туралы деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Грамота мен алғыс хат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оған Саран қаласының әкімі қол қояды.
Тармақ 11
11. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге де нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) тәртіптік жазалары алынбаған;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органда бір айдан кем жұмыс істегендер.