Об утверждении Правил использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специальных налоговых режимов Күшін жойған
Басқа 0
Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 686-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса береліп отырған Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 1109 Бұйрықпен
бекітілген
Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 686-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильдік қосымша) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде арнаулы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлеген.
Тармақ 3
3. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
Тармақша 2
2) мобильді қосымшаны әкімшілендіруді және оның жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі
2-тарау. Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелу үшін арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер:
Тармақша 1
1) мобильді қосымшаны жүктеп алады;
Тармақша 2
2) оны пайдаланушылар ретінде авторизацияланады;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар салық режимін, қызмет түрін, сондай-ақ дара кәсіпкер қызметінің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органын таңдай отырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезеңінде мобильді қосымшаның негізгі құрауыштарын пайдаланады.
Тармақ 5
5. Салық төлеуші салық есептілігін, ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) үшін, оның ішінде мобильді қосымшаны пайдалана отырып Салық кодексінің 213 және 214-баптарына сәйкес:
Тармақша 1
1) салықтық өтінішті жібереді;
Тармақша 2
2) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық есептілігін табыс етеді.
Тармақ 6
6. Салық кодексінің 66 және 67-баптарында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық төлеуші тиісті мынадай:
Тармақша 1
1) қызметтін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
Тармақша 2
2) бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
Тармақша 3
3) жойылған салық есептілігін табыс ету туралы деректерді толтырады.
Тармақ 7
7. Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және осындай тіркеу есебінен шығару;
Тармақша 2
2) салық режимін таңдау және өзгерту;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкердің және деректері дара кәсіпкер мобильді қосымшаға енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер төлейтін жеке тұлғалардың қызметкерлерін есепке алу;
Тармақша 4
4) қосымша чектерін қалыптастыру, жою, жөнелту, аванстық төлемге (алдағы кірістерге) қосымша чегін беру, өткен кезеңдер үшін осындай деп танылған табыстарды төлеу есебіне ақша қаражатын алу кезінде чектерді беру.
Бұл ретте чектерді қалыптастыру қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер үшін қолжетімді;
Тармақша 5
5) қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.
Мобильді қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады;
Тармақша 6
6) мобильді қосымша чектерінің деректері, кірістер бойынша, оның ішінде дара кәсіпкер өз бетінше толтырған, келісім-шарттар бойынша қызметкерлер мен жеке тұлғалардың табыстары бойынша деректер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандырылған есептеу дара кәсіпкер өздері мобильді қосымшаға мәліметтер енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы;
Тармақша 7
7) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етудің күшін жоя отырып, салықтың және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламаны қалыптастыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік кірістер органдарына оңайлатылған декларацияны автоматты түрде алдын ала қалыптастыру және ұсыну;
Тармақша 9
9) Салық кодексінің 213 және 214-баптарына сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
Тармақша 10
10) Салық кодексінің 67-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату;
Тармақша 11
11) дара кәсіпкер ретінде тіркелу туралы анықтама және табыс туралы анықтама алу;
Тармақша 12
12) Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағында көзделген жеке хабарламаларды алу;
Тармақша 13
13) автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу.
Тармақ 8
8. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) мобильді қосымшаны пайдалана отырып, Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындайды;
Тармақша 2
2) мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі туралы мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктеме алады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кірістер органдары:
Тармақша 1
1) салық төлеушілерге мобильді қосымшаны пайдалану мәселелері бойынша түсіндірулер береді;
Тармақша 2
2) мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелген тұлғаларды мемлекеттік кірістер органдарында есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады