Об утверждении Правил ведения реестра субъектов социального предпринимательства Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы комиссия – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 2
2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді, атап айтқанда: дара кәсіпкердің атауын немесе заңды тұлғаның атауы мен тіркелген күнін; сәйкестендіру нөмірін; заңды мекенжайын (тұрған жерін); тізілімге енгізілу күнін; әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санатын қамтитын электрондық дерекқор;
Тармақша 3
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 4
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 6
6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
Тармақша 7
7) бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын: мүгедектігі бар адамдарды; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді; зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;
Тармақша 8
8) екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;
Тармақша 9
9) үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай: тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі; күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі; әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі; мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі; жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі; коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі; аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі; мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі; қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі; мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;
Тармақша 10
10) төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай: отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі; балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі; мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі; әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі; мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі); қоршаған ортаны қорғау жөніндегі; осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімді алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді. Көрсетілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын жаңартып отырады. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің негізінде күнтізбелік тоқсанның 1-күні тізілімге жаңа ӘКС енгізуге құқылы.
Тарау 2. 2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
Тармақша 2
2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6 – 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Тармақ 6
6. ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Тармақша 1
1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.
Тармақ 7
7. ӘКС-тің екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
Тармақ 8
8. ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
Тармақ 9
9. ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.
Тармақ 10
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өтініштері мен құжаттарын қарау мақсатында жыл сайын, 31 (отыз бірінші) желтоқсаннан кешіктірмей арнайы комиссия құрады;
Тармақша 2
2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін және тоқсан сайын, күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өтініштерді қабылдау басталатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын облыстық өңірлік апталық баспа басылымында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында қабылдау мерзімдері мен орнын көрсете отырып, тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға тізілімге енгізу мәселелері бойынша консультация береді;
Тармақша 5
5) дара кәсіпкерлерден өтініштерді және осы Қағидаларға сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстарын ұйымдастырып, өткізеді;
Тармақша 7
7) дара кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды арнаулы комиссияның ұсынымдары туралы хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Өтінімдерді қабылдау дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген, басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және осы Қағидалардың 5 – 9 тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Тармақ 13
13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде құжаттар ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда қамтылатын мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде оларды тиісті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы мәліметтердің анықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Арнаулы комиссия осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініштерді және тиісті құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы немесе дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайды.
Тармақ 15
15. Арнаулы комиссия дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынған деректер осы Қағидалардың 2-тармағының 6) – 9) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайды.
Тармақ 16
16. Арнаулы комиссия дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымды тұжырымдаған жағдайда, ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қайта жүгіне алады.
Тармақ 17
17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірмей, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға арнаулы комиссия тізілімге енгізу үшін ұсыным берген дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тізбенің негізінде тізілімді бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 18
18. ӘКС-тің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыста пайдалану үшін беріледі.
Тармақ 19
19. Тізілім әрбір ӘКС туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар туралы: БСН; заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және тіркелген күні; заңды мекенжайы (тұрған жері); тізілімге енгізілу күні; ӘКС санаты; ӘКС қызметінің саласы;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкерлер туралы: ЖСН; дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы; заңды мекенжайы (тұрған жері); тізілімге енгізілу күні; ӘКС санаты; ӘКС қызметінің саласы.
Тармақ 20
20. Тізілімде ӘКС субъектілерін іздеу:
Тармақша 1
1) БСН немесе ЖСН;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады. _________________________
Басқа 1.1
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Р/с № Да­ра кә­сіп­кер­дің неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Да­ра кә­сіп­кер­дің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) және (неме­се) ата­уы ЖСН/ БСН Заң­ды ме­кен­жайы (тұр­ған же­рі) Әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­лу кү­ні Әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің са­на­ты Әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі қыз­ме­ті­нің са­ла­сы
Басқа 1.2. Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша _____________________________________ (уәкілетті органның атауы) _____________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы) мекенжайы: ______________________, телефоны: _________, факс: ________, электрондық пошта мекенжайы: ______. Нысан Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш БСН__________________________ ______________________________________________________________ (бұдан әрі – өтініш беруші) атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға туралы мәліметтер _______________________________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, көрсетілген құжатты берген органның атауы, лауазымның атауы) Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өтініш беруші жүзеге асыратын қызмет түрлері: а).......; б).......; ....... . Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін басшылыққа ала отырып, _______________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тануды сұраймын. Өтініш беруші өтініште және оған қоса берілген құжаттарда өзі ұсынған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі ( _____ парақта). 20__ ж. «___» _______________ Да­ра кә­сіп­кер (заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы)/уәкі­лет­ті адам _______________ (қо­лы) ___________________________ (қол­таң­ба­ның то­лық жа­зы­луы) мөр ор­ны (бар бол­са) _________________________
Басқа 1.3. Өтініш беруші жұмыскерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Өтініш беруші жұмыскерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі Азаматтар санаты Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады) 1 2 Мүгедектігі бар адамдар мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктерінің көшірмелері; мүгедектігі бар балаға қорғаншылық, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері; мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі («мүгедектігі бар бала» санатын белгілеу) Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа келмегенге дейін бес жыл ішінде) зейнетақы куәлігінің көшірмесі Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін адасып кеткен (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі; ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы хаттаманың көшірмесі; баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдырып кету туралы актінің көшірмесі; жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме; сотталғанның жеке ісі Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар олардың мәртебесін растайтын құжаттар Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің дәрігерлік қорытындысы Қандастар олардың мәртебесін растайтын құжаттар ____________________________
Басқа 1.4. Өтініш беруші ________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер 20__ж. «___» _______________ жағдай бойынша
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Өтініш беруші ________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер 20__ж. «___» _______________ жағдай бойынша Р/с № Көрсеткіштің атауы Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге 1 2 3 4 Барлық жұмыскерлер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер, оның ішінде 1. мүгедектігі бар адамдар 2. мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер 3. зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде) 4. балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін 5. қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде 6. белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар 7. аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар 8. наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде 9. қандастар 10. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлердің (адамның) жалпы орташа тізімдік санындағы үлесі, пайызбен – __________. 20__ ж. «___» ______________ Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам ________________ (қолы) __________________________ (қолтаңбаның толық жазылуы) мөр орны (бар болса) __________________________________
Басқа 1.5. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы жалпы ақпарат. Көрсеткіштің атауы Өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы Жасалған шарттардың саны (шарттардың нысанасын көрсете отырып) Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өткізуден түскен түсім (шарттар бойынша ақша қаражатының көлемі), теңге 1 2 3 4 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың барлығы, оның ішінде: мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде) балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде қандастар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуді қамтамасыз ету тетігінің сипаттамасы (еркін нысанда): _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 20__ ж. «___» _____________ Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам _______________ (қолы) ___________________________ (қолтаңбаның толық жазылуы) мөр орны (бар болса) _________________________
Басқа 1.6. Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда)
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша 1-нысан Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер: Көр­сет­кіш­тің ата­уы Көр­сет­кіш­тің мәні: екін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен үшін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен төр­тін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен 1 2 3 4 Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дан алын­ған кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің екін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер, тең­ге Кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мін­де ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің екін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер­дің үле­сі, пай­ыз Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де алын­ған та­за пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­да әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің екін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы алын­ған та­за пай­да­ның көр­се­ті­л­ген пай­да мөл­ше­рі­нен ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің екін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған үле­сі, тең­ге 20__ ж. «___» _______________ Да­ра кә­сіп­кер (заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы)/уәкі­лет­ті адам _______________ (қо­лы) ___________________________ (қол­таң­ба­ның то­лық жа­зы­луы) мөр ор­ны (бар бол­са) _________________________ 2-нысан Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер: Көр­сет­кіш­тің ата­уы Көр­сет­кіш­тің мәні: екін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен үшін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен төр­тін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен 1 2 3 4 Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дан алын­ған кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің үшін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер, тең­ге Кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мін­де ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің үшін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер­дің үле­сі, пай­ыз Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де алын­ған та­за пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­да әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің үшін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы алын­ған та­за пай­да­ның көр­се­ті­л­ген пай­да мөл­ше­рі­нен ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің үшін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған үле­сі, тең­ге 20__ ж. «___» _____________ Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам _______________ (қолы) ___________________________ (қолтаңбаның толық жазылуы) мөр орны (бар болса) _________________________ 3-нысан Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер: Көр­сет­кіш­тің ата­уы Көр­сет­кіш­тің мәні: екін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен үшін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен төр­тін­ші са­нат­та­ғы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті­нен 1 2 3 4 Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дан алын­ған кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің төр­тін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер, тең­ге Кі­рі­стер­дің жал­пы кө­ле­мін­де ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің төр­тін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­дан түс­кен кі­рі­стер­дің үле­сі, пай­ыз Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де алын­ған та­за пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­да әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің төр­тін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған пай­да­ның мөл­ше­рі, тең­ге Ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы алын­ған та­за пай­да­ның көр­се­ті­л­ген пай­да мөл­ше­рі­нен ағым­да­ғы күн­тіз­бе­лік жы­лы әле­умет­тік кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің төр­тін­ші са­на­ты­на жат­қы­зу шар­тта­рын­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті (қыз­мет түр­ле­рін) жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған үле­сі, тең­ге 20__ ж. «___» ______________ Да­ра кә­сіп­кер (заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы)/уәкі­лет­ті адам _______________ (қо­лы) ___________________________ (қол­таң­ба­ның то­лық жа­зы­луы) мөр ор­ны (бар бол­са) _________________________
Басқа 1.7. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша Нысан Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында өндірілетін өнім (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы жалпы ақпарат Нысаналы аудитория Өндірілетін өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі Өндірілетін өнім түрінің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) мақсаты Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім 1 2 3 4 Мүгедектігі бар адамдар Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-Аналар және басқа да заңды өкілдер Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде) Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде Қандастар
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында ықпал ететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қасиеттерінің сипаттамасы (еркін нысанда): _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________. 20__ ж. «___» ____________ Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам _______________ (қолы) ___________________________ (қолтаңбаның толық жазылуы) мөр орны (бар болса) _____________________________
Басқа 1.8. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 8-қосымша Нысан Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер Қыз­мет тү­рі Код­та­рын көр­се­те оты­рып, Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­шіне (ЭҚ­ЖЖ) сәй­кес қыз­мет түр­ле­рі Өнім­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) өт­кі­зу­ден түс­кен тү­сім 1 2 3 от­ба­сын ны­ғай­ту­ға, ба­ла­лар­дың от­ба­сын­да тәр­би­е­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету­ге және ана мен ба­ла­ны қол­да­у­ға ба­ғыт­тал­ған пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық және өзге де қыз­мет­тер­ді көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет ба­ла­лар­дың де­ма­лы­сын және олар­ды са­уық­ты­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім­нің жал­пы бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі қыз­мет мүм­кін­ді­гі шек­те­улі ба­ла­лар­ға пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық қол­дау көр­се­ту, негіз­гі ор­та және жал­пы ор­та бі­лім­нің оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын мең­ге­ру­де, да­му­да және әле­умет­тік бей­ім­де­лу­де қи­на­ла­тын бі­лім алушы­лар мен тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­ге ме­ди­ци­на­лық және әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет әле­умет­тік бағ­дар­лан­ған ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар­дың қыз­мет­тер ұсы­ну са­па­сын арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған, осы ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі мен ерік­ті­ле­рін (во­лон­тер­лер­ді) оқы­ту жө­нін­де­гі қыз­мет мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық қыз­мет (оның ішін­де, же­ке му­зей­лер­дің, те­атр­лар­дың, кі­та­п­ха­на­лар­дың, ар­хив­тер­дің, мек­теп-сту­ди­я­лар­дың, шы­ғар­ма­шы­лық ше­бер­ха­на­лар­дың, бо­та­ни­ка­лық және зоо­ло­ги­я­лық бақ­тар­дың, мә­де­ни­ет үй­ле­рі­нің, ха­лық шы­ғар­ма­шы­лы­ғы үй­ле­рі­нің қыз­ме­ті) қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау жө­нін­де­гі қыз­мет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 79-3-ба­бын­да көр­се­ті­л­ген ха­лық­тың әле­умет­тік осал топ­та­ры­на ге­ри­ат­ри­я­лық және ге­рон­то­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­ту, ден­са­улық және ұзақ өмір сү­ру ор­та­лық­та­рын, са­ла­мат­ты өмір сал­тын жүр­гі­зу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет 20__ ж. «___» _____________ Да­ра кә­сіп­кер (заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы)/уәкі­лет­ті адам _______________ (қо­лы) ___________________________ (қол­таң­ба­ның то­лық жа­зы­луы) мөр ор­ны (бар бол­са) _________________________