Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы кадастрового дела по объекту размещения отходов

Бұйрық · № 431 · қабылданған 28.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159882/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы кадастрового дела по объекту размещения отходов Қолданыста Бұйрық ·№ 431 ·28.10.2021
28.10.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы кадастрового дела по объекту размещения отходов

Қолданыста Бұйрық ·№ 431 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы кадастрового дела по объекту размещения отходов
Атауы (қаз.)
Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
431
Қабылданған күні
28.10.2021
Көрсетілген редакция
28.10.2021 159882_543787.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024971
ЭКБ идентификаторы
159882
Редакция идентификаторы
159882_543787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:11

0 Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 384-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысаны бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысаны

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 431 бұйрығына
1-қосымша
Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің нысаны
Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің осы нысаны Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 384-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес әзірленеді.
Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс объектілердің операторларымен ұсынылатын ілеспе құжаттарды қамтиды:
№ р/с
Құ­жат
Ес­керт­пе­лер
1
ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның қал­дық­тар­ды жи­нап қо­ю­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған жер учас­ке­сін бө­лу ту­ра­лы ше­ші­мі
Ше­шім­нің кө­шір­ме­сі (қо­са бе­рі­ліп отыр)
2
жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны ку­әлан­дыр­ған жер учас­ке­сі­нің ше­ка­ра­ла­рын бел­гі­леу және жер учас­ке­сіне құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­ты бе­ру ту­ра­лы анық­та­ма
Анық­та­ма­ның және құқық бел­гі­лей­тін құ­жа­ты­ның кө­шір­ме­ле­рі (қо­са бе­рі­ле­ді)
3
қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру объ­ек­ті­ле­рін құ­ру­дың тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сі
Тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­нің кө­шір­ме­сі (қо­са бе­рі­ліп отыр)
4
қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру объ­ек­ті­ле­рін құ­ру жо­ба­сы­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы
Оң қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­сі (қо­са бе­рі­ле­ді)

2 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 431 бұйрығына
2-қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14105 болып тіркелген);

2

2. «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17130 болып тіркелген);

3

3. «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 209 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18815 болып тіркелген).

Қолданыстағы