Об утверждении Правил формирования специальной комиссии и Положения о специальной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және
Арнаулы комиссия туралы ережені бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидалары;
Тармақша 2
2) Арнаулы комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын арнаулы комиссияны қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) арнаулы комиссия (бұдан әрі – комиссия) – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға қатысты мәселелерді қарау мақсатында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы), қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері есебінен құрылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 2
2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер қамтылатын электрондық дерекқор, атап айтқанда:
дара кәсіпкердің атауы не заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;
сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі);
заңды мекенжайы (орналасқан жері);
тізілімге қосылған күні;
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санаты.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияны қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Комиссияны қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Комиссияны қалыптастыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізілімге қосу мәселелерін қарау бойынша кандидатураны ұсыну үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы мемлекеттік органдарға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтарға сұрау салу жібереді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтар сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми хат-хабар арқылы кандидатураны ұсынады.
Тармақ 5
5. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізілімге қосу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органы әкімінің шешімімен 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдардан алынатын өкілдердің саны төрт адамнан кем болмауға тиіс және коммерциялық емес ұйымдардан алынатын өкілдердің санынан аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. Комиссияны төраға басқарады, оны комиссия мүшелері бірінші отырыста сайлайды.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы мемлекеттік органдардың өкілі бола алмайды.
Тармақ 10
10. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды, ол мемлекеттік органдардың өкілі болмайды.
Төрағаның орынбасарын комиссия төрағасы тағайындайды.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы жұмыс органының өкілі болып табылады.
Тармақ 12
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі айқындайтын әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жүргізуге жауапты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейіндегі жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Басқа 2. Арнаулы комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Арнаулы комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнаулы комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын арнаулы комиссияның (бұдан әрі – комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі айқындайтын әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды жүргізуге жауапты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейіндегі жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның қызметі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі шешімінің негізінде тоқтатылады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері
2-тарау. Комиссияның міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеті дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірлігін, ұсынылатын құжаттарды зерттеулердің жан-жақтылығы мен толықтығын, қабылданатын шешімдердің объективтілігін сақтау мақсатында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) қосу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге қол жеткізу мақсатында:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) өтініштерін қарайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия өз қызметін отырыс нысанында (бетпе-бет форматта немесе селекторлық режимде) жүзеге асырады.
Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) төрағаның тапсырмасы бойынша отырысқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ сарапшыларды, шағын және орта кәсіпкерлік пен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолдау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін шақырады;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысының күн тәртібін жұмыс органы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) оларды тізілімге енгізу туралы өтініштері негізінде қалыптастырады.
Тармақ 10
10. Комиссияның алдағы кезеңге арналған отырысының күн тәртібін алдағы тоқсанның бірінші айының 1-күніне дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей комиссия төрағасы бекітеді.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оның мүшелеріне, сондай-ақ тізілімге енуге үміткер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) өткізу уақытын, форматын және орнын көрсете отырып, күн тәртібін жібереді.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, ұсынымдарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Комиссияның отырысына қатысатын адамдарды комиссия хатшысы тіркейді.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері олардың қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелері ұсынымдарды әзірлеу кезінде тең дауысқа ие болады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген ұсыным қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Келіспеген жағдайда комиссия мүшелері ерекше пікірін жазбаша түрде баяндайды және оны комиссия отырысының хаттамасына қоса береді.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 18
18. Комиссияның ұсынымдары, егер оған отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады.
Тармақ 19
19. Комиссия отырысы күн тәртібінің мәселелерін комиссия хатшысы жария етеді.
Тармақ 20
20. Комиссия төрағасының орынбасары (ол болмаған жағдайда – комиссия хатшысы) комиссияның қарауына ұсынылған материалдар бойынша баяндама жасайды.
Тармақ 21
21. Комиссияның ұсынымдары комиссияның қарауына берілетін материалдар бойынша баяндаманы және комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы өтініш берушілердің түсіндірмелерін талқылағаннан кейін әзірленеді.
Тармақ 22
22. Комиссия төрағасы күн тәртібінің әр тармағын талқылау нәтижесі бойынша дауыс беруді жариялайды, ол «қолдаймын» немесе «қарсымын» форматында өткізіледі.
Тармақ 23
23. Комиссия хатшысы дауыстарды санауды жүзеге асырады және алынған нәтижені жариялайды. Дауыс беру нәтижесі комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссия отырысында қабылданған ұсынымдарды ресімдеу
4-тарау. Комиссия отырысында қабылданған ұсынымдарды ресімдеу
Тармақ 24
24. Комиссия отырысында қабылданған ұсынымдар отырыс хаттамасы түрінде ресімделеді және тізілімді бекіту үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 25
25. Төраға комиссия отырысының хаттамасына комиссияның тиісті отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
Тармақ 26
26. Комиссия отырысының хаттамасын – комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда отырысқа төрағалық етуші комиссия төрағасының орынбасары бекітеді.
Тармақ 27
27. Комиссия хатшысы отырыстың хаттамасын бекіткен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін қағаз және (немесе) электрондық нысанда комиссия мүшелеріне және тізілімге енуге үміткер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жібереді.
Тармақ 28
28. Комиссия хатшысы комиссияның тиісті отырысының күн тәртібі өтініштері негізінде қалыптастырылған адамдарға комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жібереді. Мұндай үзінді көшірмеде комиссия отырысының хаттамасынан нақты өтінішке қатысты мәліметтер ғана қамтылуы мүмкін.