Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамы туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 17 тармағына, Қазақстан Республикасының "ҚР азаматтардың денсаулығын Қорғау жөнiнде Заңының 1 бабының 1 және 2 тармақтары, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулықтары туралы" Заңының 2 бөлiмiнiң 8 бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi қаулы еттi:
Тармақ 1
1. Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия төмендегi құрамда құрылсын:
Боброва Людмила Ивановна - аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрайымы.
Михель Юрий Эмануилович - ауданның бас санитарлық дәрiгерi, комиссия төрайымының орынбасары /келiсiмi бойынша/.
Файзуллина Бахытжан Уәзiрқызы - iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Баклан Виктор Григорьевич - Атбасар қаласының әкiмi
Тұрманов Мырзағұл Ерғалиұлы - аудандық әскери комиссар /келiсiмi бойынша/.
Жолдаш Иван Юрьевич - Ақмола облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының уәкiлеттi мемлекеттiк инспекторы /келiсiмi бойынша/.
Тұрқашев Амангелдi Қобланбекұлы - "Орталық" телекоммуникацияның бiрлескен торабының басшысы /келiсiмi бойынша/
Қапанова Зейнегүл Қасымқызы - "Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi" ММ меңгерушiсi
Марунич Людмила Васильевна - Атбасар қ. әкiмiнiң орынбасары
Сексенбаева Жанат Бекетовна - "Аудандық бiлiм бөлiмi" ММ меңгерушiсi
Ермак Тарас Александрович - аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы
Стригун Николай Андреевич - "Ауылшаруашылық бөлiмi" ММ меңгерушiсi
Кәженов Жоламан Ғалымұлы - ҚР АШМ аймақтық басқармасының басшысы /келiсiмi бойынша/.
Қамбатыров Нұржан Төлегенұлы - аудан әкiмi аппаратының АҚ және ТЖ жөнiндегi бас маман
Ғазизов Жанат Ыдрысұлы - ауданның бас ветеринарлық дәрiгерi /келiсiмi бойынша/.
Тармақ 2
2. Комиссия жұмысын аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия туралы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекiтуге енгiзу.
Тармақ 4
4. Аудан әкiмiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы "Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамын өзгерту жөнiнде" № 83 шешiмi күшiн жойды деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкiмiнiң орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсiн.
Басқа 6
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
27 мамыр 2003 жылғы
№ а-5/186 қаулысымен
бекітілді
Аудандық төтенше эпидемияға қарсы комиссия туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамы аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi және аудандық мәслихат сессиясына бекiтуге салынады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiн мемлекеттiк органдармен, мекемелермен өзара байланыста жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты, мiндетi және қызметi
2. Комиссияның мақсаты, мiндетi және қызметi
Тармақ 4
4. Комиссияның мақсаты аурудың алдын алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындау.
Тармақ 5
5. Жұқпалы және паразиттiк аурулар қаупi туғанда шектеулi шаралар, халық тұрмысы мен шаруашылық қызметiнiң аса маңызды жағдайларымен карантин орнатады.
Тармақ 6
6. Аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сұрыптау, жан-жақты және объективтi зерттеу.
Тармақ 7
7. Комиссия өз құзырының шегiндегi отырыстарына мемлекеттiк орган, мекеме, ведомство және кәсiпорын басшыларын шақыруға және эпидемиологиялық жағдайда қатер туындау сұрақтары жөнiнде есептерiн, хабарлама тыңдауға, өз қызметiне қажеттi құжаттар, материалдар және ақпараттар сұрауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссияны аудан әкімі тағайындаған төраға басқарады.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамына аудандық мемлекеттiк органдар мен басқа ұйым өкiлдерi енедi.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне орай өткiзiледi.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысына қатысқан мүшелердiң санынан жай дауыстардың көптiгiмен комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстардың теңдiгi кезiнде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның отырысы құқықты болып есептеледi, егер оған кеңес мүшелерiнiң жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 12
12. Комиссияның төрағасы:
- комиссияның қызметiн ұйымдастырады және жетекшiлiк етедi;
- комиссияның отырысының күн тәртiбiн ресiмдейдi;
- комиссияның отырысын шақырады және төрағалық етедi. Комиссияның төрағасы жоқ болған кезде оның тапсырмасымен отырысты орынбасары немесе комиссия мүшелерiнiң бiреуi төрағалық етедi.
Тармақ 13
13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету комиссия хатшысымен жүзеге асырылады, аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiнiң функциясын орындайды.