Об утверждении Правил присуждения ежегодной премии «Лучший научный работник» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы «Ғылым» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Басқа 0. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығымен бекітілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарға, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ғылыми қызметкерлеріне «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын (бұдан әрі – сыйлық) беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) апелляциялық комиссия – конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
Тармақша 2
2) қатысушы – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іске асыратын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 3
3) Республикалық конкурстық комиссия – ғылым саласындағы уәкілетті органмен сыйлық беру үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
Тарау 2. 2-тарау. « Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру тәртібі
2-тарау. « Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру тәртібі
Тармақ 2
2. Ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзінің Интернет-реcурсында «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өтетіндігі туралы хабарландыру орналастырады.
Тармақ 3
3. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) сыйлықтарды алу конкурсына қатысу үшін осы қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес үлгідегі өтінім;
Тармақша 2
2) сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес мәліметтер;
Тармақша 3
3) ғылыми ұйымдардың және ЖЖОКБҰ консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынысы);
Тармақша 4
Тармақша 5
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Конкурсқа құжаттар уәкілетті органмен конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.
Тармақ 3-1
3-1. Құжаттары мемлекеттік құпияларды немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» және (немесе) «Құпия» деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттарды қамтитын үміткерлер оларды мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 4
4. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті орган Министрінің бұйрығымен бекітілетін Комиссия құрылады. Комиссия қазақстандық ғалымдар, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, ЖЖОКБҰ және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 25 (жиырма бес) адамды құрайды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссия отырыстары оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Комиссия мүшелері комиссия жұмысына:
Тармақша 1
1) үміткермен соңғы бес жылдағы бірлескен авторлықты қоса алғанда, ортақ жарияланымдары болған жағдайда;
Тармақша 2
2) соңғы 5 (бес) жыл ішінде конкурсқа үміткерге тікелей басшылық жасаса, оның қарамағында болса немесе оған консультациялық қызметтер көрсетсе;
Тармақша 3
3) үміткермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) немесе жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;
Тармақша 4
4) үміткердің ата-анасымен, жұбайымен (зайыбымен) жақын туыстық қатынаста болған жағдайда;
Тармақша 5
5) егер комиссия мүшесі үміткердің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болса немесе болып табылса қатыспайды.
Тармақ 5
5. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерін Комиссия айқындайды. Бағалау көрсеткіштері объективтілікті қамтамасыз етуге, ғылыми негізделген фактілерге, әдістемелерге және (немесе) халықаралық тәжірибеге негізделуге тиіс.
Тармақ 6
6. Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштері мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
Тармақша 3
3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
Тармақша 4
4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
Тармақша 5
5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
Тармақша 6
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
Тармақша 7
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
Тармақша 8
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
Тармақша 9
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелерінің арасынан сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін ғылым салалары бойынша секциялар құрылады. Секциялар жұмыстарды бағалайды және Комиссия айқындаған ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес әрбір үміткер бойынша қорытынды береді. Секция жұмысын Комиссия отырысына қатысатын мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланатын секция басшысы басқарады. Әр секция кемінде 3 (үш) мүшеден тұрады. Секциялар Комиссия айқындаған көрсеткіштерге сәйкес әрбір қатысушы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды береді. Осы Қағидалардың 6-тармағындағы ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша секциялар ұсынылған растайтын материалдар мен құжаттардың таңдалған көрсеткіштерге сәйкестігін растайды немесе растамайды. Негізделген күмән болған жағдайда секция үміткер көрсеткен ақпарат пен балдарды растамайды.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Үміткер дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, секциялар Комиссияға осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мерзімде жазбаша негіздемесімен бірге оны үміткерлер тізімінен шығару туралы ұсыныс береді. Комиссияның шешімімен шығарылған үміткер келесі 3 (үш) жыл ішінде Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 10
10. Секция қорытындыларының негізінде әрбір үміткер бойынша Комиссия ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес балдарды есептейді. Нәтижелер Комиссия айқындаған үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің балдары бойынша сараланған тізімдер түрінде ғылым салалары бойынша ақпараттық жүйеде жеке ресімделеді. Нәтижелер әрбір қатысушы мүшенің қолымен расталған секция хаттамасымен бекітіледі және комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.
Тармақ 11
11. Комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сыйлық беру жөніндегі шешімді енгізеді. Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Сыйлықтардың жалпы саны Комиссияның шешімі бойынша ғылымның әрбір бағыты бойынша келіп түскен өтінімдердің санына байланысты ғылыми бағыттар арасында бөлінеді.
Тармақ 11-1
11-1. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасалады. Комиссияның шешімдеріне шағымдану конкурстың алдын ала нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін бір күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым беру арқылы жүзеге асырылады. Шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі, сондай-ақ растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді. Апелляциялық комиссия Комиссиямен бірге құрылады және оның мүшелерінен тұрмайды. Қажет болған жағдайда апелляциялық комиссия шағымды онлайн-режимде апелляцияға шағым берген адамды шақыра отырып қарайды. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде негізделген жауапты ақпараттық жүйеде жариялайды.
Тармақ 12
12. Конкурстың қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Конкурс қорытындысы бойынша сыйлық иеленушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы» куәлік беріледі және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сыйлық төленеді.
Тармақ 15
15. Сыйлық бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді. Соңғы он жылдағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері аталған конкурсқа қатыспайды.
Басқа 1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсына үміткердің өтінімі
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 1-қосымша «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсына үміткердің өтінімі Маған – Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: 1. Же­ке ку­ә­лі­гі­нің де­ректе­рі (нө­мі­рі, қа­шан және кім бер­ді, ЖСН) 2. Ту­ған кү­ні, айы, жы­лы 3. Жұ­мыс ор­ны (қы­сқар­ту­лар­сыз) 4. Ла­у­а­зы­мы (қы­сқар­ту­лар­сыз) 5. Бі­лі­мі (қан­дай оқу ор­нын, фа­куль­тет­ті қай жы­лы бі­тір­ді) 6. Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі/ата­ғы 7. Ма­ра­пат­та­у­лар, кө­тер­ме­ле­улер (мем­ле­кет­тік, ве­дом­ство­лық) 8. Ғы­лым са­ла­сы 9. ОР­КИД (ORCID) (ғы­лы­ми ав­тор­лар­ды сәй­кестен­ді­ру­дің әріп­тік-сан­дық ко­ды) 10. Ри­сё­че­рай­ди (ResearcherID) (бар болған жағ­дай­да Web of Science (Уэп оф сайнс) ба­за­сын­да­ғы ға­лым­ның иден­ти­фи­ка­то­ры) 11. Ав­тор ай­ди (Author ID) (Ав­тор ай­ди) (бар болған жағ­дай­да Scopus (Ско­пус) ба­за­сын­да­ғы ав­тор­дың ерекше но­ме­рі) 12. Хирш ин­дек­сі 13. Элек­трон­дық ме­кен-жайы 14. Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны (үй, ұя­лы)
Басқа 2
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 2-қосымша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі Ми­ни­стер­ство на­у­ки и выс­ше­го об­ра­зо­ва­ния Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан _____ жы­л­ғы «Үз­дік ғы­лы­ми қыз­мет­кер» сый­лы­ғын та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ку­ә­лі­гі __________________ са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры же­ті­стікте­рі үшін Те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) бе­рі­ле­ді Ми­нистр мөр ор­ны Те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)