Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, его территориальных органов и специализированного государственного учреждения Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Аппаратының басшысы Ғ.А. Садырбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________Е. Жамаубаев
2021 жылғы «____» ______________
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021жылғы «____» _____________ № ____
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
р/т №
Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы
Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Жеңіл автомобильдер базасында
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде
1 а/м жүру лимиті айына (км)
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
17
5
2600
2
саны 60 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
7
1
2600
3
саны 80 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
8
1
2600
4
саны 80 штаттық бірліктен астам облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
12
2
2600
5
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы
2
1
2600
Ескертпе:
* жеңіл, жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустардың шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.