Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 1 қосымша Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Тармақ 2
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Басқа 1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 2-қосымша Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі № Атауы 1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар 2. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар 3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар 4. Толық емес отбасылар 5. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттік ұйымдарының қажетті мамандары