Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
Тармақша 3
3) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар;
Тармақша 6
6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары (бұдан әрі – операторлар) – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар;
Тармақша 7
7) шетелдіктер үшін туристік жарна – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.
Тарау 2. 2-тарау. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі
2-тарау. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады. Шетелдіктер үшін төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді.
Тармақ 4
4. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.
Тармақ 5
5. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаға мынадай мөлшерлемелер қолданылады: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – болу құнының 5 (бес) пайызынан аспайды.
Тармақ 6
6. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін есептеу өткен күнтізбелік жылдың өзекті статистикалық деректері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады: бес пайызға дейін – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде; бес пайыздан он пайызға дейін – болу құнының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде; он пайыздан он бес пайызға дейін – болу құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде; он бес пайыздан жиырма пайызға дейін – болу құнының 2 (екі) пайызы мөлшерінде; жиырма пайыз және одан жоғары – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде.
Тармақ 8
8. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артқан жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады: бес пайызға дейін – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде; бес пайыздан он пайызға дейін – болу құнының 2 (екі) пайызы мөлшерінде; он пайыздан он бес пайызға дейін – болу құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде; он бес пайыздан жиырма пайызға дейін – болу құнының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде; жиырма пайыз және одан жоғары – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте жыл ішінде шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері өзекті статистикалық деректерге және (немесе) маусымға қарай сараланады.
Тармақ 9
9. Шетелдіктердің туристерді орналастыру орындарында болуының толық емес күні үшін шетелдіктер үшін туристік жарна болу күнінің толық күні ретінде алынады.
Тармақ 10
10. Шетелдіктер үшін туристік жарна алуды операторлар шетелдіктер жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, туристерді орналастыру орындарында тіркелген кезде жүзеге асырады. Бұл ретте операторлар шетелдіктерді туристерді орналастыру орындарында тіркеу алдында әрбір болған тәулігі үшін олардан алынатын туристік жарна туралы хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Шетелдіктер туристерді орналастыру орындарынан шыққан кезде операторлар шетелдіктер үшін туристік жарнаның төленгені туралы фактіні растайтын құжаттарды береді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 11-бабының 5-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қала, астана және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтық емес түсімдер болып табылады.
Тармақ 13
13. Операторлар шетелдіктер үшін төленген туристік жарнаның есебін жүргізеді және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, шетелдіктер үшін туристік жарнадан алынған соманы жергілікті бюджетке аударады.
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының жиырма бесінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан ішінде шетелдіктер, оның ішінде «е-Hotel» («е-Qonaq») ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген шетелдіктер үшін туристік жарнаның төленгені туралы мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жібереді. _______________________
Басқа 1.1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу туралы мәліметтер
Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына қосымша Нысан Кімге:_______________________________ (уәкілетті органның атауы) кімнен ____________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу туралы мәліметтер Р/с № Ше­тел­дік­тер үшін ту­ри­стік жар­на опе­ра­то­ры­ның ата­уы Ше­тел­дік­тің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Аза­мат­тық­қа қа­ты­сты­лы­ғы (ел) Тұ­ру ұз­ақ­тығы Жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған ше­тел­дік­тер үшін ту­ри­стік жар­на со­ма­сы 1. 2. 3. Жиы­ны: Жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасы _______________ _____________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөрдің орны _____________________________