Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Бурлинского района Западно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Әкімдіктің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 345 қаулысына қосымша Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Орналасу орны Алатын алаңы (шаршы метр) Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) Қызмет саласы Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) 1 Ақсай қаласы, Жастар көшесі, «Металлинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы 69 5 ауыл шаруашылық өнімдері жоқ 2 Ақсай қаласы, Жібек жолы көшесі мен Абай даңғылының қиылысы 800 5 ауыл шаруашылық өнімдері «Салтанат» дүкені