Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Карасайском районе Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Д. Сансызбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2021 жылғы 25 қазандағы № 448 Қаулысына қосымша Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны Алатын алаңы (шаршы метр, м²) Қызмет саласы Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объетілері) 1. Қаскелең қаласы, Қаскелең –Шамалған 8 шақырымдағы айналмалы автомобиль жолының бойында, «Айзере» қонақ үй кешеніне қарама-қарсы 600 Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) 3 жыл «Айзере» қонақ үй кешені 2. Елтай ауылдықокругі, Береке ауылы, Жібек жолы – Алматы 19 шақырымдағы автомобиль жолының бойында, «Ботагоз» дүкеніне қарама-қарсы 600 Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) 3 жыл «Ботагоз» дүкені