Об утверждении Правил осуществления поддержки инициатив развития социального предпринимательства государственными органами, национальными холдингами, национальными институтами развития и иными организациями Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік кәсіпкерлік – азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін, Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамасы – Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған кәсіпкерлік бастамасы;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
Тармақша 4
4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер, атап айтқанда: дара кәсіпкердің атауы не заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні; сәйкестендіру нөмірі; заңды мекенжайы (орналасқан жері); тізіліміне енгізілген күні; әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санаты қамтылатын электрондық дерекқор;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 6
6) ұлттық даму институттары – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
Тармақша 7
7) ұлттық холдинг – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры – қызметінің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдауды ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті сапалы дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру
1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және өзге де ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тиісті ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыру арқылы хабардар ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тізілімге енгізілгеннен кейін бір ай мерзімде оны мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары туралы хабардар етеді. Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері не оларға өзгерістер енгізілген кезде де әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына және өзге де ұйымдарға әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамасымен өтініш жасаған жағдайда мұндай субъектіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары және оны алу нысандары туралы жауап беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау түрлері
2-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау түрлері
Тармақ 6
6. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті енгізуіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау:
Тармақша 1
1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық жеңілдіктер беру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну шеңберінде және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) төлеуге);
Тармақша 4
4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
Тармақша 5
5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу мәселелері бойынша) түрінде жүзеге асырылады. Акселерациялық бағдарламалар деп оқыту және сараптамалық қолдау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қарқынды дамыту және ілгерілету бағдарламалары түсініледі;
Тармақша 7
7) іскерлік әріптестерді іздеуде өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу (оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу арқылы, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету);
Тармақша 8
8) кәсіптік білім беруді және қосымша білім беруді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, бұл өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылатын немесе жұмыс істейтін ұйымдар кешені деп түсініледі. Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар және индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.
Тармақ 9
9. Тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа да заңды өкілдер; зейнеткерлер мен зейнеталды жасындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлектері; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар; қандас болып табылатын жұмыскерлерді кәсіп игеру бойынша оқытуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға ақы төлеуге жұмсалған шығыстарын, бірақ салықтық кезең үшін бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтуға құқығы бар. Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген жұмыскердің мәртебесі өзгерген кезде салық салынатын кіріс мөлшерін азайту жұмыскер мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа заңды өкіл; зейнеткер мен зейнеталды жасындағы азамат (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы); балалар ауылдарының тәрбиеленушісі және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлегі; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адам; қандас болған салықтық кезеңдегі айлардың үлесі негізге алына отырып жүргізіледі. Жұмыскерге қатысты салықтық кезеңде салық салынатын кірісті азайту қолданылған кезде келесі салықтық кезеңдерге мұндай азайту қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну шеңберінде және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) төлеуге) Кодекстің 94-бабына және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 91 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24750 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлікті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беріледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқу семинар-тренингтерін және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік құралдарды, ақпараттық бюллетеньдерді тарату;
Тармақша 4
4) өңірлерде ақпараттық, консалтингтік орталықтар желісін құру;
Тармақша 5
5) консультациялық, ақпараттық, заңдық және маркетингтік және өзге де қызметтер көрсету;
Тармақша 6
6) озық шетелдік технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспортқа ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық қолдау көрсету;
Тармақша 8
8) өңірлерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу мәселелері бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытына (кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталары іскер әріптестер іздеуде өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы жәрдем көрсетеді.
Тармақ 15
15. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қаржылай және мүліктік қолдау мәселелері бойынша оқыту мен консалтингті жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Тармақ 16
16. Экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар қаулыға сәйкес беріледі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне Кодекстің 93 және 232-баптарында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары да көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 18
18. Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары оларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізгеннен кейін көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Тізілімді қалыптастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнайы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады. ______________________________