Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Катон-Карагайского района Қолданыста
Басқа 0
Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы № 40/350-VI (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 7315 болып тіркелген) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
Катонқарағай аудандық мәслихаты
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 11/113-VII шешіміне
қосымша
Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Заңына сәйкес әзірленеді және Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Бөлім 2. 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Тармақ 3
3. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, ақшалай нысанда «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелері немесе екінші деңгейдегі банкттер арқылы алушылардың шоттарына аудару жолдарымен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдау Катонқарағай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 10,1734 (он бүтін тоғыз мың үш жүз елу тоғыздан он мыңдық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.