Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 214 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№
Тауардың атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге
1
Картоп
1 (бір) килограмм
237
2
Асханалық сәбіз
1 (бір) килограмм
380
3
Басты пияз
1 (бір) килограмм
129
4
Ақ қауданды қырыққабат
1 (бір) килограмм
128
5
Күнбағыс майы
1 (бір) литр
732