Об образовании совета по делам оралманов при акимате Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңестің жекеленген құрамы белгіленген тәртіппен Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 5. Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2003 жылғы 2 маусымдағы
№ 134 қауылысымен бекітілген
Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының жанындағы оралмандар ici жөніндегі кеңес (бұдан былай - Кеңес) консультативті-кеңесші орган болып табылады. Кеңесті құрудың мақсаты Қостанай облысы әкіміне қарасты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ic-әрекетін оралмандарды қабылдау, жайғастыру және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша облыстағы қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен өзара қатынасты реттеу жөніндегі ұсыныстарды жасап шығу болып табылады.
Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Көші-қон туралы» Заңын, басқа да нормативтік актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 2
2. Өз қызметінің барысында Кеңес келесі мақсаттар мен міндеттерді атқарады:
Тармақша 1
1) оралмандарға көмек көрсету мақсатында қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен бірлесе ic-қимыл жасауды;
Тармақша 2
2) Қостанай облысы әкіміне қарайтын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің оралмандарды қабылдау, жайғастыру, медициналық жәрдем көрсету, балаларын мектептерде оқыту, әлеуметтік қорғау, тіркеу, азаматтығын алу, үй-жаймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, оқыту және кәсіби дайындық, оралмандар арасындағы іскерлкті дамыту мәселелері бойынша ic-әрекеттерін реттеуді;
Тармақша 3
3) оралмандар мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындауды және оны тиісті органдарға енгізуді.
Тарау 3. 3. Кеңестің ic-әрекетін ұйымдастыру
3. Кеңестің ic-әрекетін ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Кеңесті төраға басқарады. Кеңестің мәжілісі төрағаның немесе оның тапсырумен төраға орынбасарының қажетті жағдайда, бірақ жылына екі реттен кем емес мерзімде шақырылады.
Тармақ 4
4. Кеңестің жұмысының ұйымдастырылуын, тиісті материалдарды, ұсыныстарды дайындауды Кеңестің хатшысы атқарады. Кеңес өз ic-әрекетін қоғамдық бастамамен атқарады.
Тармақ 5
5. Кеңестің шешімі ашық дауыспен қабылданады және қабылданды деп саналады, егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжілісінің өту нәтижесі бойынша Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттама түзеледі. Кеңес шешімі ұсынушы сипатта болады.
Тармақ 7
7. Кеңестің жұмысшы органы Қостанай облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы болып табылады.